Материалдар / Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрақ құрауда геометриялық фигураларды пайдалана білуге, оларды түрлендіруге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды құрақ түрлерімен, олардың шығу тарихымен

таныстыру және құрақ құрау элементінің үлгісін дайындау,

жасалу технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Құрақ құрауда геометриялық фигураларды пайдалана білуге,

оларды түрлендіруге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке,

шыдамдылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дайын бұйымдар,
технологиялық карта.
Қажетті құрал - жабдықтар: мата, үлгі, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор,
тігін машинасы, үтік, үтік столы.
Пән аралық байланыс: Тарих, математика, сызу, сурет.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеп, белгілеу.


Кіріспе

Құрақ ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.  Құрақ құрау, бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Апа-әжелеріміз бірден пішіп, қырқып құрастыра берген. Құрақты әр түрлі қиықтардан құрастырады. Құрақтың ерекшелігі мата қиындыларын геометриялы фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
1.Мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді

2. Үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар:

ІІ Ой қозғау

Флипчарт; (Құрақ)

1-топ Құрақ түрлері

Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар: ботакөзшатыргүл, сегізжапырақ, тырнақатар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, т. б

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.

Пішілген қиымды маталарда іске асыру:

2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу.

Құрақ бірнеше түрге бөлінеді:

Шатыр құрақ.

Бота көз құрақ.

Тырна құрақ.

Қарсы құрақ.

Саты құрақ.

Ши құрақ

Қайшы құрақ.

Махмат құрақ.

Жұлдыз құрақ.

Оюлы құрақ.


2-топ ( Құрақ құрау) технологиясы

1.​ Өрнек сызбасын қағаз бетіне түсіру.

2.​ Түсті таңдап бояу

3.​ Геометриялық пішінде үлгі қағаз дайындау.

4.​ Үлгі қағаз мөлшерімен қию.

5.​ Төртбұрыш,үшбұрыштарды қиғанда тігіске кететін өлшемдерді дұрыс есептеу.

6.​ Өрнек бойынша рет-ретімен бөліктерді тігу.

7.​  Қиылған сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет – ретімен орналастыру

Мұғалім сөзі

  1. Қазақ халқының құрақ құрау өнер қашан дамыған?

  2. Еуропада құрақ құрау қалай деп аталады?

  3. Орыс халқында?

  4. Ал Жапон халқы қалай атаған?

оқушылардың жауабы:

  1. Құрақ құрау Еуропада « Пэчверк техникасы» деп аталады. ↓
    2. Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Липочиха».

3.Жапон халқында «Сашико» дейді.
Пэчворк ( patchwork) ағылшын тілінен аударғанда «құрақ құрау, құрастыру» қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Отаны Индия елінен табылған. Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі. Алматыда Ә. Қастеев мұражайында құрақпен жасалған бұйымдар бар.

Үй тапсырмасы сұрау

Үйде қиып келген екі түсті мата жолақтарын қарастыру





ІІІ. Жаңа сабақ
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

1.Сабақта қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.

2.Инемен, тігін ережесі, қайшымен жұмыс істеу ережесін сақтау.

Интерактивті тақтада құрақтың бөлшектерін біріктіру арқылы құрақ жастығының суретін салу.


ІV. Сарамандық жұмыс.
Жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

Видео ролик

Топпен жұмыс

Құрақ құрау Шешен құрақты бастаймыз

ІV.Ой толғаныс кезеңі. Сабақты қорыту.

1.Қандай құрақ тіктіңдер?

2.Құрақты қандай бұйымдар да қолданамыз?

3.Құрақты қалай, қай жерде қолдануға болады

4.  Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек?


Құрастырған шешен –құдық құрақтарын қосып біріктіріп тіккен көрпе үлгісін көрсету.


Тест

І - нұсқа

1. Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?

А.4 Ә.5- Б.2 В.3

2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?

А. 19-20- Ә. 15-16- Б.17-18 В. 16-17

3. Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?

А.Зооморфты Ә.Космогоникалық- Б. Геометриялық В. Тұрмыстық

4. Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?

А.Word Ә.Power Paint  Б.Paint  B. Exsel

5. Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?

А.Өсімдік тектес Ә. Геометриялық Б.Космогоникалық В.Тұрмыстық

ІІ – нұсқа

1. Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?

А.Печворк Ә. Patchwork Б.Ласкутная техника В. Сошико

2. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?

А. Үлгісіне Ә. Көлеміне Б.Тігісіне В. Орындалуына

3. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?

А. Қызғалдақ Ә.Жұлдызша Б. Аққу В.Иықты

4.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?

А.Былғары Ә. Тері Б. Мата В. Полиэтилен

5.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?

А. 15-20мм Ә. 20-25мм  Б.2-3 мм  В. 5-10мм



Дұрыс жауаптар:

1- Ә , 2-А, 3-Ә, 4.-Б, 5-А, 6- В, 7-А, 8- А, 9.-Б , 10-в.


Оқушы жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма:

  1. Жолақшаларды екі түрлі түс маталардан кесіп әкелу.

  2. Басқа ұлт өкілдерінің құрақ өнерлерінің түрлері туралы мағлуматтар жинақтап әкелу.
















































Құрақ—мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркем, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Құрақ ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.  Құрақ құрау, бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Апа-әжелеріміз бірден пішіп, қырқып құрастыра берген. Құрақты әр түрлі қиықтардан құрастырады. Құрақтың ерекшелігі мата қиындыларын геометриялы фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
1.Мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді.2. Үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар
: ботакөзшатыргүл, сегізжапырақ, тырнақатар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, т. б. Құрақ өнері тек қазақ хал

қына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.
Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлтық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр. 
Құрақ түрлері: геометриялық, табиғат ,тұрмыстық,аспан әлемі

Құрақтар қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Құрақ құрау барысында матаның қалың, жұқалығын ескеруіміз қажет. Егер мата қалыңдығы тура келмесе басқа матамен қабаттап тігеміз. Сонымен бірге тіккен құрағымыз мықты, әрі сәнді көріну үшін құрақты астарлап тігуіміз керек.

«Жалғасын тап» ойыны. (мақал - мәтелдер)















Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру.Соның ішіндегі біз төртбұрыш, ромб, үшбұрыш пен жұлдызша құрағын жасап көрпеше тігу.

1 Кіріспе нұсқа.

1.1 Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.

1.2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.

1.3. Құрақ көрпеше ішіне мақта немесе жүн салу.

1.4. Ашық жерлерін біріктіру.

1.5. Буйымды дайындау.

1.6. Шығынын есептеу және бағасын тағу.

1.7. Бұйымды жарнамалап қорғау.

2 Ағымды нұсқа.

Қауіпсіздік ережесі

♦ Инені киімге қыстыруға болмайды.

♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.

♦ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Инені ине қадағышқа шаншы.

♦ Қайшыны ашық тастама.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!