400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрманғазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы»
Мақсаты: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы сандар» атты ойын. Сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
1. « Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
2. Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
3. Жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазды
4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап бере аласың ба?
3.Жаңа сабақ
1. Сызба арқылы түсіндіру
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1823 - 1896 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Қуғын – сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой - толғамын бейнелеген. « Алатау» және « Сарыарқа» күйлерін дүниеге әкелген. Құрманғазының күйлері қазақ шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.
4. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды тізбектетіп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс,дәптерге жазу

Суыт –асығыс

Жігері құм болды-дәрменсіз күйге түсті

Құқай –қиындық

Шылау –жүгеннің шаужайы,шылбыры
Әділетсіздік -Озбырлық
4. Видео көрсету.Құрманғазының өмірі.

5. Күй тыңдау. Қызыл қайың және Балбырауын күйлері шығу тарихымен таныстырылып орындалады.
Венн диаграммасы бойынша күйлерді салыстыру.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
2. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
Бағалау.
Үйге тапсырма: мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі