Материалдар / Құрт- қазақтың ұлттық тағамы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрт- қазақтың ұлттық тағамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына пайдасы және оның жасалу жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
97
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1



ҚР Оқу - ағарту министрлігі

«Қызылқақ ЖОББМ» КММ



Shape2



















Тақырыбы: Құрт-қазақтың ұлттық тағамы

Дайындаған: Шингисова Алем

4 – сынып оқушысы

Секция: тарих, өлкетану, этномәдениеттану

Ғылыми жетекшісі: Ахметова Манат Абильдаевна







2022-2023 оқу жылы





Мазмұны





Кіріспе.............................................................................................................6



НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.......................................................7-8


1.2.Құрттың адам денсаулығына пайдасы .................................................9-10


МЕНІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕМ


2.1. Құрттың жасалу жолы.........................................................................11-12


2.2.Оңтүстік пен Солтүстік өңірде құрттың жасалу жолы әртүрлігі.......13-14



Қорытынды......................................................................................................15



Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................16


Қосымшалар................................................................................................17-19















2



АҢДАТПА

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Өзектілігі: Қазіргі кезде балалар түрлі чупа-чупс, киндерсюрприз, сникерс, кириешки қытырлақтар сияқты денсаулыққа зиян заттарға әуес. Бұл заттар асқа деген тәбетімізді жояды. Ал құртты да балалардың әуестеніп жеуі үшін не істеу керек? балаларға дәмді қылып ,әшекейлеп жасап берсе  неге жемеске?... Әсіресе ауылда тұратын жерлестерімізге дастарханымызда ақ заттарды көбірек қолдансақ деген ниетпен деректер жинадым. Мен зерттеу барысында үлкен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадым. Нәтижесінде құрттың түрлері мен жасау әдістерін анықтадым.Сонымен қатар ортаңғы буында оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім. Жоба барысында құрттың халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екеніне және құртты үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау. Осы еңбегіміздің  нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады деп ойлаймыз.

Кезеңдері:

-Тақырыпты таңдау;

- Жоба жетекшісінен кеңес алу арқылы таңдалған тақырыпты

талдау;

-Жоба жетекшісі, ұсынған және автордың өз тарапынан таңдалған

әдебиеттерді талдау;

-Эксперимент жасау;

- Жобаны қорғау. 

Зерттеудің әдістері:Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, таныту. Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау. Бақылау, әңгіме.Зерделеу жұмыстары жүргізу,іс-тәжірибе өткізу.

Зерттеу жаңалығы: құрттың адам ағзасына пайдасы,болашақта құртты кіші жастағы балаларға қызықтыра жегізіп үйретудің әдістерін анықтау, егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, құрттың көптеген сырларын ашар едік.

Зерттеу жұмысының нәтижесі:

-Қазақтың ұлттық  тағамы – құртпен таныстырдым;

- Құрттың қазақ  өмірінде алатын орнын анықтадым;

- Құрттың адам  денсаулығына пайдасын көрсетім;

- Құрттың жасалу жолдарына салыстырдым.

3



АННОТАЦИЯ

Цель исследования: Показано значение коренной пищи казахского народа путем определения пользы червя. Объяснить необходимость вывода Корта как национального бренда на мировой рынок.

Актуальность: Сейчас дети пристрастились к разным нездоровым вещам вроде чупа-чупсов, киндерсюрпризов, сникерсов, чипсов «Кириешки». Эти вещества подавляют наш аппетит. А что нужно сделать, чтобы дети с удовольствием ели червяков? Почему бы не съесть, если вкусно и украшено для детей?... Я собирал данные с намерением использовать больше белых вещей на нашем столе, особенно для наших соотечественников, живущих в деревне. В ходе своих исследований я собрал данные от бабушек о виде и составе полыни, изготавливаемой в разных регионах. В результате я узнал виды червей и способы их изготовления. Я также провел опрос среди учащихся средней школы. В ходе проекта я понял, что червь – это национальное блюдо, которое связано с историей народа, и что в регулярном употреблении червяка есть большое значение. Наша цель — предоставить школьникам больше информации о корме для червей, приготовленном из коровьего молока, и рассказать о его преимуществах и видах. В результате этой работы я считаю, что в будущем появятся разные виды глистов, которые дети смогут свободно покупать с прилавков магазинов, как и различные сладости и жвачки для детей. Мы думаем, что можно поставить разные виды глистов вместе с гематогеном и аскорбинками даже на аптечных прилавках.

Этапы:

- Выберите тему;

- Выбранная тема по согласованию с менеджером проекта

анализ;

-Руководитель проекта, предложенный и выбранный автором

анализ литературы;

- Эксперимент;

- Защита проекта.

Методы исследования: Использование и представление педагогической методической литературы по теме. Сбор и анализ свободного педагогического опыта. Наблюдение, беседа Проведение исследования, проведение практической работы.

Новизна исследования: польза глистов для организма человека, в будущем определить методы обучения маленьких детей есть червей с интересом, если бы мы больше узнали о червях, мы бы открыли много секретов глистов.

Результаты исследования:

-Я представил казахское национальное блюдо - червь;

- определил место червя в казахской жизни;

- Демонстрация пользы глистов для здоровья человека;

- Я сравнил это со способами изготовления червя.

4


ANNOTATION


The purpose of the study: The significance of the indigenous food of the Kazakh people is shown by determining the benefits of the worm. Explain the need to bring the Court as a national brand to the world market.

Relevance: Now children are addicted to various unhealthy things like chupa-chups, kindersurprises, snickers, Kirieshki chips. These substances suppress our appetite. And what should be done to make children happy to eat worms? Why not eat it if it is delicious and decorated for children?... I was collecting data with the intention of using more white things on our table, especially for our compatriots living in the countryside. In the course of my research, I collected data from grandmothers about the type and composition of wormwood produced in different regions. As a result, I learned the types of worms and how to make them. I also conducted a survey among high school students. During the project, I realized that the worm is a national dish that is connected with the history of the people, and that there is great importance in the regular use of the worm. Our goal is to provide students with more information about worm food made from cow's milk and tell them about its benefits and types. As a result of this work, I believe that in the future there will be different types of worms that children will be able to freely buy from store shelves, as well as various sweets and chewing gum for children. We think that it is possible to put different types of worms together with hematogen and ascorbics even on pharmacy shelves.

Stages:

- Select a theme;

- Selected topic in agreement with the project manager

analysis;

- Project leader proposed and selected by the author

literature analysis;

- Experiment;

- Protection of the project.

Research methods: The use and presentation of pedagogical methodological literature on the topic. Collection and analysis of free pedagogical experience. Observation, conversation, research, practical work.

Research novelty: the benefits of worms for the human body, in the future to determine the methods of teaching young children to eat worms with interest, if we learned more about worms, we would discover many secrets of worms.

Results of the study:

-I presented the Kazakh national dish - worm;

- determined the worm's place in Kazakh life;

- Demonstration of the benefits of worms for human health;

- I compared it with the methods of making a worm.







5



Кіріспе

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.

Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.









6

1.1. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт

Астана ҚазАқпарат - Қазірде БАҚ беттерінде ұлттық тағамдар туралы, олардың пайдасы немесе одан жаңа технология арқылы түрлі тағамдардың жасалуы жөнінде ақпараттар кеңінен таралуда. Оған дәлел - күні кеше қолға алынған қымыз бен шұбаттан жасалған тәтті тағамдар мен балмұздақ немесе қымыздан шығаратын құрғақ сүт т.б. бола алады. Тіпті осы бие сүтінен косметика шығару ісі де жолға қойылуда.

Таяуда осы ұлттық тағамға байланысты тағы бір жаңалыққа елең ете қалдық. Әлеуметтік желілерде Қазақстанда «Құртафелло» брендінің шыққандығы жөнінде кеңінен талқыға салынды. Оны шығарған оңтүстікқазақстандық кәсіпкер Айнаш Ұбайдоллаева. Кәсіпкердің айтуынша, бәсеке қатты дамыған оңтүстік өңірде өз ісін дөңгелету үшін тың нәрсе ойлап табуға тырысқан. Ақырында ол ойлап тапқан құртафелло бренді тұтынушылар арасында сұранысқа ие болды. Шығаратын өнімі - кәдімгі құрт. Тек қорапқа салынып, атауы ғана өзгерген.

Қазақтан басқа еш халық өреге құрт жаймаған екен. Ендеше сол құртымыз дүкен сөрелерінде самсап тұрса қандай ғанибет?! Бұл дүкендерімізде құрт жоқ дегенді білдірмейді. Қазақстанда оны жасаумен айналысып жатқан өндіріс орындары баршылық. Ендігі мақсат - құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару.

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі - құрттың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Себебі, құрт - кальцийдің көзі, ақуызға да өте бай. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері баршылық. Құрттың құрамы тағамдық биологиялық қоспалар мен түрлі дәрумендерден құралған. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі 370,1 кк. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі.

«Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Себебі кальцийге өте бай. Құрттың екіқабат әйелдердің де денсаулығына пайдасы зор. Мешел ауруымен ауыратын балаларға дәрігерлер құрт жеуге кеңес береді. Оның құрамындағы кальций ағзадағы зат алмасуды жақсартып, сүйек тіндерін бекітеді. Иммунитетті күшейтеді», - дейді дәрігер Райса Садықова. Райса Сайлаубайқызының айтуынша, жүрек айнығанын да құрт арқылы басуға болады екен. Ендеше ұшақта тарататын кәмпиттердің орнына неге өз өніміміз құртты пайдаланбасқа? Осы арқылы құртты әлемге танытуға болар еді. Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан ғарышкерлерге де берілген екен. Ғарышкерлердің өзін таңдандырған құртымыз ескерусіз қалмағаны жөн. Құртты да қымыз бен шұбатқа қосып, шетелден келген туристерге ұсынсақ, қызығушылық туатыны сөзсіз.

7

Құрт - қазақтың құты. Қазақтың құты демекші, ашаршылық кезеңінде халық жауының әйелдерінің тірі қалуы да осы құрттың арқасында. Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқындарының бірі Гертруда Платайс Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды қалай алғаш рет көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қамқорлық танытқанын айтып берген еді. Қазақтың балалары өз өмірлерін тәуекелге тігіп, тастың орнына құрт лақтырғаны туралы оқиғаны білмейтіндер кемде-кем. Гертруда Платайстың естеліктері тарих пәнінен сабақ беретін ұстаз Раиса Голубеваның «Құрт - асыл тас» атты өлеңіне арқау болған.















































8

1.2.Құрттың адам денсаулығына пайдасы

Кейбір үш-төрт жастағы балалардың тістері шыға сала қарайып, кальций жетіспеушіліктің салдары анық байқалып тұрады. Баласы үшін жанын беретін ата-ана бүгінде сапасынан саны көп желілік маркетингтердің түрлі дәруменін құндылығына көз жеткізбестен, құнына қарамай алып береді.

гер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтыны жөнінде ғылыми деректер бар. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал, ұшақпен ұшқанда құрттың құлақтың бітпеуіне және жүректің айнымауына көп ықпалы бар. Құрт химиялық құрамы мен калориясы жағынан сүзбеден де пайдалы. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. Ал, 100 грамм сүзбе 87-227 кКал-ға дейін қуат берсе, құрттан 370,1 кКал қуат алуға болады. Сонымен қатар, құртта А, В, С, РР, Е дәрумендері, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, натрий, алюминий, фосфор микроэлементтері жетерлік.Әсіресе, құрамында кальцийі мол. Ал, сүйекке кальций балалық шақта өте көп мөлшерде керек. Ол жетіспесе тісжегіге, боркемікке ұшырайды және сүйегі әлсіз, кеуекті және сынғыш болады. Сондықтан да жас баланың тісі ғана емес, бүкіл сүйектерінің дамуына құрттың пайдасы мол, – дейді кәсіби маман.

Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Шетелден келетін, бағасы қымбат жеміс жидектерден гөрі, ата-бабамыз ежелден дайындап жейтін құрты жақсы емес па?Құрт азықтық болумен қатар дәрілік ролы да бар. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Құрамында көздің көргіштігін жақсартатын – А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын – С дәрумені, сүйектің қатаюына көмектесетін – Д дәрумендері, кальций, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Са:P (кальций-фосфор) үйлесімді түрде кездескен, ал бұл әсіресе балалар үшін аса маңызды.

Құрт – кальцийдің көзі, сүйектің қатаюына, көздің көруіне, тістің түзу және қайратты, азулы өсуіне, асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор.

Тоқсаннан асып, жүзге қарай бет алған қай қариядан ұзақ жасаудың сырын сұрасаңыз, міндетті түрде ағарған ішіп, құрт жейтінін айтады. Кәдімгі құрттың ұзақ өмір сүруге септігі бар-жоғын ғалымдар да зерттей келе зерделі ойларын паш еткен-ді. Құрт расымен де адам өміріне ең қажетті зат – кальцийдің көзі екен. Тағамдық биологиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәрумендерді жолда қалдырады. Арнайы зауытта дайындалған сүзбеде ақуыз мөлшері 16 % болса, құрттағы ақуыз мөлшері 53 %. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі – 370,1. Кеңес уақытында қазақтың құртын ғарышкерлерге берген.

9

Құртты көп жеген адамдарда ішкі секретция бездері дұрыс жұмыс атқарып, ішкі мүшелердің қызметі жақсарады. Әсіресе, қан айналымы жақсарып, түрлі бездердің қызметін жақсартады. Құрттың май құрамы төмен болғандықтан, бауырдың майлануы, іштің өтуі сияқты ауруларға шипалы ем болады, және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Кальций сүйек ұлпаларын қатайтады, коллагеннің қалыптасуына қатысады. Кальцийдің көп мөлшерін қолданатын адамдар (әсіресе әйелдер) өздерінде остеопороздың даму қаупін төмендетеді.















































10



2.1. Құрттың жасалу жолы

Сүт өнімінен жасалатын құрт бүгінге дейін өзінің маңызын жойған емес. Құнарын сақтап келе жатқан ұлттық тағам. Құрттың бірнеше түрі бар. Солардың ішінде біздің білетініміз – сықпа құрт пен көже құрты. Аналарымыздың сауылған сүтті арнайы ыдысқа құйып, ашытып, қапқа салып сорғытып қоятынын көрдік. Әбден көк суынан арылған қоймалжың өнімге қажетінше тұз қосып, жайып, күн көзіне кептіреді. Кепкен құртты қапқа салып, қысқа жинайды. Ал, көже құртты үлкен ыдысқа қойып, көк суы бойына сіңгенше пешке әбден қайнатып, ыдыстарға салып қояды. Екеуінің де адам ағзасына пайдасы зор. Ашаршылық уақытында адамдардың сықпа құртты бірнеше күн талғажау еткендігі туралы деректерді жиі кездестіреміз. Ал, көже құртты сорпаға қосып ішсе, денедегі суықты шығарады екен. Себебі, көк суы өз бойында қалған құрт буын сырқатына таптырмас бірден-бір ем.

Қазақи салт-сананы негізге ала отырып, сүт өнімдерінен көбіне құрт, сондай-ақ, май және ірімшік жасауда. Мәселен, сары майдың қасиетін жоғалтпау үшін сүтті күбіде пісіп, май алады. Ал құрт жасауда, алдымен сүт арнайы суытатын сыйымдылығы екі тонналық танкерде сақтайды. Кейіннен, сүт бактериядан залалсыздандыратын аппараттан, сүттің майын шығаратын күбіге өтеді. Сүт 100 градус температурада қайнатылып, арнайы ашытқы қосылады. Дайын өнім, яғни, құрт түтікшелер арқылы, түрлі формада құйылып, кептіру машинасына өтеді. 24 табақтан тұратын машина 60-70 градуста 1 сағатта 50 келі құртты кептіріп шығарады. Ешқандай қоспасыз, таза табиғи түрде жасалған өнім сүттен құртқа айналады. Ал, май шайқағаннан қалған су да сұраусыз қалмайды. Оны малдың жеміне қосып береді. Ол сүттің майлылығын арттырады. Әдетте сүттің майлылығы 2,5 процент болса, қоспа қосылған азықты жеген мал сүтінің майлылығы 4,7 процентке дейін барады. Бұл құрттың құнарлылығын арттыра түседі.

Құрт – сиыр сүтінен жасалған ұлттық тағам. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды.Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған  көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды.Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.



11



Осындан әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.

Құрт аса ыстықты қажет ететін тағам. Күн көзі дұрыс түспейтін, қоңыржай аймақтарда құрт жасау нәтижелі іс бермейді. Себебі Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай сақталуының сыры осында.

Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Қайнатқан құрттың өзі үш түрлі болады: бірі – ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші - қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші – ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды. Үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де өзгермейді. Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.























12

2.2.Оңтүстік пен Солтүстік өңірде құрттың жасалу жолы әртүрлігі

Ұлы Жібек жолында пайда болған осы сүт өнімі бағзы замандардан бері қазақтар үшін де, басқа халықтар үшін де нағыз күш беретін азыққа айналған. Қазір құртты қымызбен қосып та, сорпаға салып езіп те жейді, жәй тағам ретінде де жейді. Құрамында кальциймен бірге холин және метионин бар бұл тағамды балалар мен қарт адамдар көп пайдаланады. Кейбіреулер оны салат пен тамақ пастасына пармезанның орнына қосады.

Құрт ұзақ жол жүру кезінде пайда болған. Кезінде Орталық Азияның көшпенді халықтары бие, қой немесе түйе сүтін жануарлардың терісінен жасалған торсықпен алып жүргені мәлім. Сүт аттың немесе түйенің жүрісінен шайқалған сол ыдыстың ішінде жол бойы жақсылап ашиды екен. Одан сүзбе шығады. Айранның бүкіл нәрі соған жиналып, оны қолмен қысып, уқалап құрт қылып жасайды.

Құрт жасалған соң бір аптадан кейін жұмсақ әрі дәмі әдемі боп тұрады. Ал уақыт өтіп, құрғаған сайын қатая түседі. Қазақ этнографы Әйгерім Мұсағажинованың айтуынша, дұрыс дайындалған құрт тістей алмайтындай қатты болмауы керек. «Ол сыртынан ғана құрғақ боп тұруы тиіс. Ал тіске жұмсақ болғаны дұрыс, – дейді этнограф. – Біз құрт туралы айтқан кезде аузымызға сіздер лимонды ойлағандағыдай дәм келеді».

Еліміздің түйесі көп батыс өңірінде құрт көбіне осы жануардың сүтінен жасалады. Солтүстік өңірде бұл өнімге сол аймаққа тән жидектер, кептірілген жеміс пен жаңғақ қосылады. Оңтүстікте ыстық күнде жақсы сақталуы үшін құртқа тұзды көп қосады.

Құртты әсіресе ауа – райы ыстық оңтүстік аймақтармен солтүстіктің кейбір жылы аймақтарында істеу ыңғайлы. Себебі құрт аса ыстықты қажет ететін тағам. Күн көзі дұрыс түспейтін, қоңыржай аймақтарда құрт жасау нәтижелі іс бермейді. Себебі Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек.  Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай  сақталуының сыры осында.

Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі үш  түрлі болады: бірі –ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады.  Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші – ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады.  

13



Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады.  Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады.  Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды.  Үгітіліп тұрады.  Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де озгермейді.  Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады.  Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.













































14



Қорытынды

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.

Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.

Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

Қазақ халқының, яғни біздің аналарымыз тағамның түр – түрін жасап, оның бабын да жақсы таба білетінін ғылыми жобамыздың басында да атап өткен болатынбыз. Мәселен аналарымыз  бір ғана сүттің өзінен  түрлі тағам жасай білген.  Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптық. Мәселен құрт:

1)  Жас құрт

2) Көбік құрт

3) Ыстық құрт

4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт

5) Малта құрт

6)  Езген құрт

7) Ақ малта

8)Ұнтақ құрт

9) Ақ құрт

10) Қара құрт

11)Құрт май

12) Ежігей немесе ежегей құрт деген түрлерге бөлінеді.









15

Пайдаланған әдебиеттер

1.Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.



















































16





Қосымшалар





















































17







18











































19

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!