Материалдар / Құрттың адам өміріне пайдасы ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрттың адам өміріне пайдасы ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
1589
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Жылымды негізгі мектебі» КММ















Зерттеу тақырыбы: «Құрттың маңызы мен пайдасы»



Бағыты: этномәдениеттану






Орындаушылар:

« Жылымды негізгі мектебі»КММ

3-ші сынып оқушылары

Есжан Меруерт, Сактагған Гүлден


Ғылыми жетекшісі:

Сактаганова Арай Косымбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі






Жұмыстың орындалған уақыты:

12 сәуір 2017 жыл -5 қазан 2017жыл





Мазмұны:

Резюме (Аннотация)

І. Кіріспе бөлім ..................................................................1

IІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақтың ұлттық тағамы-құрт. .............................2-3

2. 2. Құрт жасау технологиясы........................................4-5

2.3. Құрттың түрлері .......................................................6-9

2.4. Эксперименттік бөлім.............................................10-13

ІIІ. Қорытынды бөлім .............................................................14

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі––––––––––––––––––––15



































Аннотация

Бұл жобадағы қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын сиыр  сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы  айтқымыз келді. Құрт — қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын өте көне  түрінің бірі.

Бұл жұмысты қолға алуға сыныптас екі құрбының құртты өте жақсы көріп, қалай жасалу себебін анықтау мақсатынан басталды. Оларды қазақ құртының пайдасы және құрттың  жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша  қолданылатындығы  қызықтырды.

Медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Біздің ата-бабаларымыздың табиғи таза өнімдердің арқасында денсаулығы мықты болған деген түйін жасауға болады. Дана халқымыз құрттың бала денсаулығына және тілінің таза шығуына пайдасы мол екенін жақсы білген. 2 тал құрт адам бойына қуат береді. Тіпті ғарышкерлердің ас мәзірінде де құрт бар екен. Ертеде жорықтағы әскерлер бірнеше күн аттан түспей осы құртты талшық еткен. Жұмыстың  мақсатына жету үшін ғаламдордан , ата-анамен сауалнама жүргіздік, балалар ауылдық медбикемен сұбхаттасты, әр түрлі басылымдардан, , дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін  анықтадық, тәжірибе жасадық.













1


І. Кіріспе


Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтың сүттен жасайтын ұлттық тағамындарының түріне сан жетпейді» Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамы құртқа тоқталсақ. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады.

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының ұлттық тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.

Өз мақсатымызға жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

  • Берілген тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс.

  • Құрттың пайдасымен танысу, құрттың құрамына кіретін түрлі заттарды түсіну;

  • Құрт жасаумен айналысатын адамдармен кеңес қылу.Дәрігерлермен ауруға ем болып, сауға қуат болатындығы туралы сұхбат жүргізу.

  • Зерттеу проблемасы: Қазіргі кезде балалар түрлі чупа-чупс, киндерсюрприз, сникерс, кириешки қытырлақтар сияқты денсаулыққа зиян заттарға әуес. Бұл заттар асқа деген тәбетімізді жояды.
















2

IІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақтың ұлттық тағамы-құрт.

Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда  «мал – жан аман ба?» , — деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек.  Сүт — химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне  түрінің бірі -құрт.

Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт  күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін  қолданылатын  тағам десек те болады.

«Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы басқа ыдысқа құйылып, жиналады. Ол «іркіт» деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежігей» кептірілді».







3

Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған.  Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы  мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса,    қарны  ашпайды, шөлдемейді және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен..  «Құрт – қыстың қымызы» – дейтіні сондықтан болса керек.

Ғаламтор деректеріне сүйенсек, құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. Ал 100 грамм сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады. Сонымен қатар құртта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, алюминий микроэлементтері жетерлік.

Атап айтсақ, А - бұл дәрумен арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз, түстерді ажыратамыз.

С - дәрумені жетіспесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруларына иммунитеттің төмендеуі ,

В - ас қорыту нашарлайды, т.с.с.

Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар сақтауға бойы. Медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырымаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып-ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған.







4

2.2. Құрт жасау технологиясы:

Құрт – сиыр сүтінен жасалған ұлттық тағам. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап сөреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.

Жасалу реті:

  1. Сиыр сауу

  1. Сүт тарту

Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады.

Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды.

О

  1. Күбіге жинап, сары суын ағызамыз

ны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған  көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды.









5

Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.

А

  1. Қазанға құйып, қайнатамыз

уылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде  жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір – екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемелеп салып отырады. Ағашты көп пайдалана бермейді. Ағаш қатты жанатындықтан қазанның астын жабыстырып, күйдіруі немесе тасытып жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда құрт күйік дәм татып кетеді. Малдың қиы құртты баяу, бабымен қайнатады. Бастапқыда құйған екі шелек іркіт қайнауға айналғанда тағы да қалған екі шелек іркіт үстінен еселенеді де одан әрі қайнатылады.

Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады.

Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды.

  1. Суын ағызып, сорғытады.

Бұдан кейін шараға салып, аздап дәміне қарай тұз араластырады да, қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді.

Қ

  1. Құртты жайып, кептіреміз

ұртты кептіру үшін әр түрлі  формаға келтіреді. Ал құртты кептіргенде ыдысқа салмай шидің үстіне жайып кептіретіні шидің арасы саңылау болады. Сонда астынан соққан ауа лебі құртты біркелкі, әрі тез кептіріп,күн қызуымен жарылып кетуден сақтаған. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Себебі , Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек.  Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай  сақталуының сыры осында. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.




  1. Күнге кептіреміз, ауыстырып отырамыз


6

    1. Құрттың түрлері

. Күлше құрт Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқы сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып , дөңгелек формаға келт іреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшгені бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп керегенің басына , өренің ашасына іліп кептіреді. Көп кептірмесе іші көгеріп кетеді.



Сықпа құрт Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.



Шүйірмек құрт Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақтың бүгуіне салып, екінші жағына басқа қолдың бармағынмен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Құртты ң қай түрі болса да өреге салып кептіреді. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі де екі түрлі болады. Езілген құрттан қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Осындай әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.



7


Жасқұрт Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.


К ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт.

Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.


Сықпа құрт. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.







8


М а л т а Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.



Езген құрт Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.



Ұнтақ құрт . Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.




К ұ р т - м а й Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады.



9

К ұ р т – көже

Қайнатылып, кептірілген қатты құрттан қыстың қатты аязды күндерінде құрт көже дайындайды. Қазанды пешке қойып, су құяды. Аздап күріш салып, қайнатады. Бөлек ыдысқа ұн шаяды да қазандағы қайнап жатқан суға құйып әбден араластырады. 1 келіге жақын құртты қайнап жатқан қазанға салып ожаумен жарты сағатқа жуық, құрттың дәмі кіргенше былғай береді. Дәміне қарай аздап тұз қосады. Үстіне сары май салып түстік ас ретінде ішуге болады. Құрт көже әсіресе суық тиіп, тұмауратып ауырғандарға бірден бір ем.

Сүзбе

Айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қаптық сүзбе, құрт сүзбе деп бөлінеді. Ашыған айранды немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады., Содан ол сүзіліп сұйығы ағып кетеді. Сүзбені тұздап малдың қарнына салып қойып, кептіреді. Оны жылдың қай мезгілі болсын сорпаға езіп, көжеге қосуға сондай-ақ сүт қосып шалап етіп сусын ретінде ішуге болады.

DrawObject1





10

2.4. Эксперименттік бөлім.

2.4.1. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін біріншіден жоспар құрдық.

Қосымша №1

Жобаның кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жетекшінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандыру.

Өз ойын ортаға салады. Тапсырма мақсатын айқындайды

Жоспарлау

Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету

Оқушыны өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Ұсыныс айтады, оқушы пікірін тыңдайды

Жұмыс істеу кезеңін жоспарлайды. Нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.

Зерттеу

Ақпарат жинау, сұхбат, сауалнамалар алу, бақылау, ғаламтор, баспа материал-дары

Оқушы күнделігін бақылап сөйлесу алдағы жұмысқа бағыт

Өз зерттеуін жүргізеді Талдау, нәтижені салыстыру, өнімдерді қарайдыыру

Нәтижені талдау

Ақпаратты талдау,

Бақылайды, кеңес береді

Өнімдерді көрсетеді.

Тұсау кесер

Дайын өнімдерін қорғау, презентация


Тыңдайды, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алған нәтиже туралы есеп береді. Сынып сағатында тұсаукесерін өткізді

Бағалау


















Дайындық кезеңінде құрттың жобаның тақырыбын таңдадық. Алғашқы айларда құрттың жасалуы технологиясын үйрендік. Ақпарат жинау мақсатында біз құртты ауыл адамдары қаншалықты көп қолданатынын білгіміз келді. Ауылда шамамен 40 үй бар. Сиыр ұстайтын 35 үй, 5 отбасы мал ұстамайды. Олар жас отбасылар және зейнеткерлер.Оның ішінде сиыр саны 211-дей бас , бір табынға бөлінген. Сауылатыны-169 бас, қалғанын бұзау емізеді. Ал ұлттық тағам құртты жасайтыны және үнемі қолданатыны – 26 астам отбасы. Соның ішінде 3 отбасы ғана қатты құрт түрін жасаса, қалған отбасы сорпаға езетін сұйық түрін дайындайды. Ол деген ұлттық тағамды ауылдың 75 пайызы пайдалады. Ұлттық тағамымыз құрттың жойылмауына ауыл тұрғындары ат салысуда екеніне көзіміз жетті.

Қосымша № 2

Ауылда барлығы қанша сиыр бар,сауатыны, құрт жасайтыны:

Аты-жөні

Бар-лы

ғы

Са-

уа

ды

Құрт

Аты-жөні

Бар-лы ғы

Са-уа ды

Құрт

Аты-жөні

Бар-лы ғы

Са-уа ды

Құрт

Болат

20

15

сықпа

Мариям

-

-

-

Мади

5

4

Жас құрт

Жібек

3

3

Ұнтақ құрт

Оралхан

2

2

Құрт көже

Жарқын

6

6

Құрт көже

Мұрат

15

9

Езген құрт

Серік

-

-

-

Әскербек

3

2

Құрт сүзбе

Бейбіт

10

6

Езген құрт

Сайлау

12

7

Сықпа құрт

Малгаждар

3

3

Құрт көже

Сұңғат

6

6

Езген, құрт көже

Сайлау

2

2

-

Байболат

3

3

күлше

Нұрлан

2

2

-

Бақытжан

3

3

Құрт көже

Сәкен

3

2

сықпа

Ернар

4

3

-

Дүйсенбай

6

6

-

Ерлан

4

4

сықпа

Самал

-

-

-

Қоныс

7

4

-

Батырбек

8

5

сықпа

Күлпан

2

2

-

Садық

3

3

Сүзбе

Нұрлан

2

2

-

Болат

5

4

Құрт көже

Еркеш

4

3

Құрт көже

Амантай

4

4

-

Марат

-

-

-

Данияр

3

3

Сүзбе

Ерлан

5

5

Құрт көже

Жанат

4

3

-

Ерлан

5

4

Құрт көже





Гүлсім

3

2

Құрт көже

Өміртай

5

4

Құрт көже





Омар

5

5

-

Бауыржан

13

7

сүзбе





Серікбай

2

2

-

Мұрат

-

-

-





Бүркіт

-

-

-

Абай

5

5

Құрт көже




























11


2.4.2. Сұхбат алу.

Марал әжемен сұхбат /59 жаста/

  • Сіздің құрт жинау әдісіңіз қандай?

Мен кей жылдары екі қапқа дейін құрт жинап, шатырда сақтаймын. Оны тазалап сиырды сауып аламын. Сүтті тартып, ірітемін. Іріткіні жинап отырамын.

Әже сіздің құртыңыз неге өзгеше болады. Аппақ әрі жұмсақ, соның сыры неде?

Мен құрттың бірнеше түрін қайнатамын. Ежігей, ақ құрт, сүзбе құрт, жарма құрт. Сүтті арнайы күбі ыдыста сақтаймын. Суын ағызып отырамын. Көп ұстамай қайнатса ежігей құрт болады. Ол сарғайып кетеді. Әрі тәттілеу, сарғылт түсті болады. Сүзбе қайнатылмайды. Ұйыған сүтті сүзіп, тұз қосып төрт саусақпен сығымдап жасайды. Ақ құртты көбірек ашыту керек. Қайнатқанда тұз қосып жіберемін. Арнайы қазаным да бар. Жазда май қосып дастарханға құрт-май жасап қоямын. Күзде соңғы қайнатқанын ауа жібермейтін ыдыстарда сақтаймын. Сорпаға қосамын. Қыс бойы күріш қайнатып, құрт езіп ішеміз. Құрт көже істеп оған сары май салып ішсе, қандай суық болса да тоңбайсың. Ақ болса,әрқашан тоқ жүресің.

Гүлнар Қадесқызымен сұхбат –биология пәнінің мұғалімі

  • Қазіргі таңда сиыр өсіру қиын емес пе?

Барлық төрт түліктен сиыр өсіру жеңіл. Сиырды бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де, сүті де өте пайдалы. Сиыр сүтінен қаймақ, май, құрт-ірімшік жасап отбасына көп пайда келтіруге болады. Сатсаң ақша, жесең тағам.

  • Өзіңіз құрт жасайсыз ба? Қандай әдіспен жасайсыз?

Май, қаймақ, құрттан балаларыма беріп тұрамын. Қысы –жазы дастарханымнан құрт-май үзілген емес. Құртты айранды ұйыту арқылы жинап, сары суын ағызып, қайнатамын.

Гүлмира Наурызбекқызымен сұхбат- мектеп дәрігері

-

Айгүл Ескендировна

Құрметті Гүлмира Наурызбекқызы дәрігер ретінде құрттың емге қаншалықты қасиетті екендігі туралы айта кетсеңіз.

- Біз қазақ дені сау, толыққанды ұрпақ тəрбиелейміз десек ата-бабамыздан мирас болған ұлттық тағамымыз қасиетін келер ұрпақ санасына мықтап сіңіруіміз керек. Құрттың пайдасы өте көп. Ағыуызға бай. Баланың денсаулығына өте пайдалы. Дәрумендерге бай. Ұзақ сақталады. Баланың тілінің шығуына да пайдалы. Ұрпақ тəрбиесі - бүкіл бір ұлттың тəрбиесі.







































12

2.4.3. Сауалнама

Зерттеу жұмысы кезінде сауалнаманы екі бағытта жүргіздік:
1) оқушылар арасында

2) үлкен адамдар арасында
Қосымша №4

Аты-тегі..........................................................Сыныбы:.....................

Сұрақ

Иә

Жоқ

білмеймін

1

Құрт ұнайды ма?




2

Құрттың пайдасы бар ма?




3

Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма?




4

Құрттың дүкенде сатылғанын қалайсыз ба?




Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 45
бала қатысты.

Сұрақ

Иә

Жоқ

білмеймін

1

Құрт ұнайды ма?

40

5

-

2

Құрттың пайдасы бар ма?

38

-

7

3

Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма?

45

-

-

4

Құрттың дүкенде сатылғанын қалайсыз ба?

40

5

-



Қосымша №5

Үлкен адамдарға қойылған сауал:

Сұрақ

Жауап

1

Аты- жөніңіз


2

Жасыңыз


3

Құрттың қандай түрлерін білесіз?


4

Құртты жақсы көресіз бе ?


5

Сіз өзіңіз құрт жасау технологиясын білесіз бе?


6

Құрттың дәмінің қандай түрін ұнатасыз?


7

Құртты отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?


8

Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма? Қандай ?


9

Құрттың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?  


Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 20 адам қатысты.

Құрт ұнайды 15
Құрттың қандай дәмін ұнатасыз?
ащы- 10, қышқыл-2, білмеймін-3
Құртты үнемі пайдаланамын -4
Құртты  жасау технологиясын білемін -15

Құрттың денсаулыққа пайдасы бар-13, білмеймін-2







































13

2.4.6. Зерттеу проблемасы бойынша зерттеудің өзектілігіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау

Кітап, газеттерден «Құрт-күш қуат көзі», «Ағарған ішкен азбайды» мақалаларын оқып, пайдасы мен құрт түрлерімен таныстық. Күнделік дәптерімізге оқыған, зерттеулерімізді жазып отырдық, талдадық.



«Ағарған ішкен азбайды». «Емші» газеті №19 2012, 20 бет, «Құрт-күш қуат көзі» «Жүз жасаңыз» газеті №23 2012 11 бетте

Ғаламтор

Ғаламтордаи «Сұрақ-жауап» айдарынан құртты пайдасы жайында оқыдық.

8-9 бет

14,17-19 бет

197 бет

Газет, журнал, кітаптардан құрт жайында мәліметтер алынды.



14

ІIІ. Қорытынды

Нәтижесінде: жұмыс өз мақсатына жетті, міндеттері орындалды. Ұлттық тағам құрттың денсаулыққа пайдасын анықтадық. Құртың пайдасын және де оның түрлерімен танысып көп деректер алдық. Бірақ құрт кәсібі біздің Жамбыл ауданы бойынша тым аздығы мені аландатып, келешекте көп сұрақтар әлі де тудыратыны анық. Дүкен сөрелерінде құрт жоқтың қасы. Жұмысымыздың нәтижесіне келсек біз келесі мәліметке қол жеткіздік:

1.Жылымды ауылында 200-дей сиырдың 141-і сауылады.

2 Күніне 700-800 литрдей сүт сауылады.

3. 9 отбасы құрт дайындайды. /10 пайызы ғана/ Бұл біздің ауылымызға әлде де аз, себебі егерде ауылымыздың барлық адамдары осы құрттың бірнеше түйірін қолданса бізде халқымыздың денсаулығы жақсарып, арамызда көп жасайтын адамдар да көп болар еді. Қазақстанда ұлттық тағам құртты жасайтын өнеркәсіптер жоқтың қасы, сондықтан біз барлық қазақ халқын өз еліміздің болашағы үшін осы ата- бабамыздан келе жатқан дәстүрді бұзбай ат салысуға көмек сұраймыз. Құртты тек Наурыз мерекесінде еске аламыз. Құрт – адам денсаулығына пайдасы көп екеніне көз жеткіздік. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре аламыз деп ойлаймыз. Олармен бірге құрт түрлерін анықтап, әр түрлі формада құрт жасадық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймыз. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағаласа.  Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.







15

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Шаңырақ энциклопедиясы. 197 бет

2. Емші газеті № 19(215) 12 қазан 2012 жыл

  1. бет «Ағарған ішкен азбайды»

  1. Жүз жасаңыз газеті №23 (27) қараша 2012 жыл

  1. бет «Құрт-күш қуаттың көзі»

  1. «Қазақтың ұлттық тағамдары»

    1. бет «Ақ тағамдар»

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет –ғұрыптары

  2. Қазақтың ұлттық тағамдары С.Қасиманов

14, 17-19 беттер

  1. Ғаламтор, теледидар /видеофильм/

  2. Күнделік, жетекші пікірі.



















16



Жетекші пікірі


Бұл жобаны 2017 –ші жылы екі оқушымен бастадық. Оқушылар құрт түрлерімен танысты. Құрттың жасалу жолымен танысты. Ғаламтор, әдеби кітаптарға шолу жасалды. Жобаны бастау үшін жоспар құрылды.

Оқушылар күнделік бастап онда қажет ақпараттарды жазып отырды. Дәрігер, құрт жасайтын кісілермен сұхбат жүргізілді. Оқушылар өздері де құрт жасап, дәм тартты.

Мектеп оқушыларынан, үлкен адамдардан сауалнамалар алынды, қорытынды жасалды. Ауылда қанша мал, сауылатыны, құрт жасайтынын есептеді. Оқушылар зерттеуге қызыға қатынасады. Құрттың-адам өміріне пайдасы туралы зерттеуді аймақтық «Зерде» жобасына апаруға дайын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!