«Құрылыс нысандарының 3D моделі» StartUp байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құрылыс нысандарының 3D моделі» StartUp байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Смарт бала жобасының StartUp байқауына ұйымдастырылыған іс-шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Жоба атауы:SmartBala

Жауапты мұғалім: Палымбетова Еңлік

Тақырыбы: «Құрылыс нысандарының 3D моделі»

Өткізу формасы: Start Up жобаларының көрмесі

Мақсаты: Жаңашылдыққа ұмтылатын оқушыларды қолдау, олардың жаңа идеяларын дамытуға ықпал ету, Білім алушылардың цифрлық сауаттылық  білімдерін тереңдету, олардың ғылыми түсініктерін кеңейту, компьютерлік сауаттылықты арттыру,  тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, информатика  пәніне деген қызығушылығын ояту, жаңа технологияларды меңгеру.


Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Smart bala “ жобасы аясында, білім алушылардың бойына цифрлық білім ресурстарын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгі іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі көрмеге баға беріп, оқушылардың жұмысына сараптама жасайтын мұғалімдерден құралған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.Жақанова Ақбота-информатика пәні мұғалімі.

2.Жағыпар Мейірбек-информатика пәні мұғалімі.

3.Қожахметова Гүлжан-бейнелеу пәні мұғалімі.

Бүгінгі көрмеге оқушылар компьютерлік программаларда орындалған, өз арманындағы заманауи ғимараттардың 3Д моделін ұсынып отыр. Біздің мектептің компьютерлік программаларды жан-жақты меңгерген, сондай-ақ сызуға, сурет салуға бейімі бар оқушылары сабақтан тыс уақытта «Дизайн интерьера 3Д», «Sketchup» программаларын меңгерген оқушылары бүгінгі көрмеге өз жұмыстарын ұсынып отыр. Көрмеге қатысушы оқушылардың Start Up идеяларына қойылатын талаптар:

Идеяның жаңашылдығы Ұсынылған шешімнің жаңалығы мен өзектілігі.

Жобаның орындалуы. Іске асыру жоспарының анықтығы, қаржылық модельді түсіну және жобаны жүзеге асыру жолындағы мүмкін қиындықтар.

Әлеуметтік маңыздылығы: Жоба қоғамдағы өзекті мәселеге қаншалықты жауап береді және ол қандай пайда әкелуі мүмкін.

Презентация дағдылары: Өз идеяңызды аудиторияға анық, тартымды және нанымды жеткізе білу. Стиль, энергия және эмоционалдық құрамдас бөлігі.

Көрнекіліктер: слайдтарды, бейнелерді немесе басқа көрнекі материалдарды шығармашылық және кәсіби қолдану.

Жұмысты таныстыру уақыты: Әр командаға немесе қатысушыға (жеке жұмыс істесе) орындауға 5 минут беріледі. Уақыттан асып кету төмен бағаға әкелуі мүмкін.

Тыйым салынады: Әдепсіз сөздерді, агрессивті немесе кемсітетін мәлімдемелерді қолдануға, сондай-ақ авторды атамай, басқа адамдардың идеяларын көшіруге.

Көрнекілік материалдар: Қатысушыларға мультимедиялық құралдарды (презентациялар, бейнероликтер және т.б.) пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ бұл материалдар тек негізгі идеяны күшейтуі керек және оны алмастырмауы керек.

Техникалық ақаулары бар бейнелер бағаланбайды: Дыбыс пен сурет сапасы нашар бейнелер бағаланбайды.


Қатысушалырдың реттік номерін анықтау үшін жеребе тасталады.


Көрмеге қатысушы оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.


Жүргізуші: Көрме жұмыстарын тамашалап болсақ, бүгінгі көрмеге баға беріп, оқушылардың жұмысына сараптама жасайтын мұғалімдердің пікірін тыңдайық.


Әділқазылар мен көрмені тамашалаушыларға қорытынды сөз беріледі.


Жүргізуші: Инновациялар мен технологиялар арқылы қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған стартап жобаларын дамыту мақсатында өткізілген бүгінгі көрме жұмысы өз мәресіне жетті. Қатысушы оқушылар мен шығармашылық жұмыстарға сараптама жасаған әділқазылар алқасына, көрермендерге алғыс білдіреміз. Жаңашылдыққа ұмтылатын, білімділеріміз көп болғай!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі