"Құстар - біздің қанатты достарымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстар - біздің қанатты достарымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ. Сабақ оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыру барысында өтілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің қанатты достарымыз»

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін түсініктерін, дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер:Плакаттар, суреттер, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.

Барысы:

Анель: Қуыршағымен ойнап, далада ән салып жүреді. Аспанға қарап:

  • Көктем келді, ал құстар болса әлі жоқ.

Апасына барып:

  • Апа, апа құстар аспанда неге ұшып жүрген жоқ?

Еркежан: Апасы аспанға қарап тұрып:

  • Балам, құстар әлі ұшып келеді. Тек кішкене күту керек.

Еркежан батырларға келіп:

  • Батырлар, көктем болды, ал құстар болса әлі жоқ. Сол құстарды тауып келіңдер.

Ерұлан: - Айтқаныңыз болсын, апатай!

Батырлар өз арасында ақылдасады.

  • Ерұлан: Құстар, қайда болуы мүмкін?

  • Диас: Ол Қараниеттің қолында болар.

  • Абылай: Онда кеттік жолға шығайық.

Батырлар Қара ниеттің мекеніне қарай беттейді. Интерактивті тақтада жазулы тұрған сөздерді оқиды.

Абылай: - Уа, Қараниет құстарды мекеніне қайтар! 2 рет айтады.

Қараниет ұйықтап жатады. Ұйқысынан оянып:

Қара ниет: - Кім мені ұйқымнан оятқан?

Ерұлан: Құстар қайда?

Қара ниет: Амандаспай жатып құстарды сұрайсыңдар. Жарайды, құстарды құтқарғыларың келсе, менің сынағымнан өтулерің керек. Ең бірінші қақпа ағаш қақпадан өтулерің керек. Ол үшін маған құстар туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдер!

Батырлар ойланып:

1.Ерұлан: Аққуды атпа, досыңды сатпа.

2.Диас: Сасқан үйрек артымен сүңгір.

3. Абылай: Шағала келмей жаз болмас.

- Жақсы,жақсы ағаш қақпаны аштыңдар. Енді Темір қақпа тұр алдымызда. Бұл қақпаны ашу үшін құстар туралы өлең айтуларың керек.

Ерұлан:

1.Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек- қаз қонды.

Диас:

2. Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді «менің»тұрағым.

Абылай:

3.Көк тырна

Көп тырна

Тыраулап тек

Көп тұрма.

  • Жақсы,жақсы олай болса тағы бір қақпам ашылды. Ендігі күміс қақпа. Күміс қақпаның тапсырмасы маған құстар туралы өлең айтып беріңдер.

Абылай: - Қараниет, бұл не базар? Батырлар ән айтпайды.

Қараниет: жарайды, онда қақпам ашылмайды, құстарыңды жібермеймін!

Диас: - онда бізге достарымыз көмектессін?

Қараниет: Жарайды, келістім!

Ән: Айша Көктем келді

Қараниет: Күміс қақпам да ашылды. Енді ашылмаған алтын қақпам қалды. Осы қақпаны ашсаңдар, құстарыңды жіберемін! Алтын қақпамды ашу үшін, құстар биін билеп беріңдер!

Абылай: Қараниет, мазағыңды қой! Батырлар ән айтпайды, би билемейді.

Қараниет: Жарайды, жарайды!

Ерұлан: Біз достарымызды көмекке шақырамыз!

Қараниет: Жарайды, оған да келістім!

Абылай: Балапан биі.

Қараниет: Алтын қақпам да ашылды сендерге, құстарын анау сандықта керек болса ашып алыңдар! Мен кеттім!

Сандық ашылып, ішінен құстар шығады.

Анель: Алақай, алақай құстар келді! Апа, апа құстар келді!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі