№38 «Шаттық»
балабақшасының тәрбиешісі
Каримова Айжан Куанышбековна
Білім беру саласы: «Қатынас» «Әлеумет» Шығармашылық.
Бөлім: Қоршаған орта, Көркем әдебиет ,Сурет салу
Балалардың жас ерекшелігі : 5-6 жас мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: «Құстар біздің- досымыз»
Мақсаты:
1. Білімділік: балаларға құстар туралы түсінік бере отырып білімдерін арттыру.
2. Дамытушылық: балаларға құстар туралы өлең-тақпақтармен ертегі түрлерін,
мақал-мәтелдермен тыйым сөздерді үйрете отырып білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: құстар туралы білімдерін кеңейте отырып, өлең жырларын дұрыс
айтуға ойларын дұрыс тиянақты айтуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, класстер тәсілі, әңгімелеу, сахналау, түсіндіру.
Көрнекіліктер: құстардың суреті (слайд), ұя, гуашь бояулары, көк түсті қағаз,
қылқалам, су құятын ыдыс, тұғұр,сүлгі.
Сөздік жұмыс: Жыл құстары.
Шаттық шеңбері:
Әрқашан аман болайық!
Құстар әнін салайық!
Бейбітшілік болсын деп,
Нанымыз көп болсын деп,
Деп тілектер тілейік!
Әрқашанда тату боп,
Аман-есен жүрейік!
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл болады?
Балалар: Бір жылда төрт жыл мезгілі болады.
Тәрбиеші: Қазір қай жыл мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Қазір көктем мезгілінің қай айы?
Балалар: Сәуір.
Тәрбиеші: Бүгін аптаның қай күні?
Балалар: Сәрсенбі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің басқа жыл мезгілдеріннен айырмашылығы қандай?
/Көктем мезгілі жайлы схема./
Көк-тем
Қар ериді
Құстар жылы
жақтан ұшып келеді
Ағаштар бүршік
атады
Жаңбыр жауады
Күн жылынады
Тәрбиеші: Балалар сендер ненің даусын естіп тұрсыңдар?
Балалар: Құстардың дауысын естіп тұрмыз
Тәрбиеші: Сендер құстардың даусын қайдан естисіндер?
Балалар: Көктемде саябаққа барғанда, даладан естиміз.
Тәрбиеші: Сендер қандай құстарды білесіндер?
Балалар: Қарға, сауысқан, тырна, аққу, торғай, қараторғай, т.б.
Тәрбиеші: Балалар біз өткен сабақта құстар туралы көп нәрсені білгенбіз, бүгін біз
сол білімдеріңді одан әрі кеңейтеміз. Балалар құстардың қандай түрлері болады?
Балалар: Құстардың екі түрі болады: жыл құстары және суықтап қалатын құстар
Тәрбиеші: Жыл құстарына қандай құстар жатады?
Балалар: Көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, үйрек, қаз, т.б.
Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде ең алғаш ұшып келетін жыл құсы қандай құс?
Балалар: Көктем мезгілінде ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ.
Тәрбиеші: Ал, суықтап қалатын құстар қандай құстар?
Балалар: Торғай, қарға, сауысқан, көгершін.
Тәрбиеші: Сендер құстар туралы қандай тақпақ білесіндер?
Жасулан:
Торғай, торғай, торғайды
Қорғамасқа болмайды
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды
Тәрбиеші: Ал, көктем мезгілінде ең соңында келетін құс қандай құс?
Балалар: Көктем мезгілінде ең соңғы ұшып келетін құс- Қарлығаш
Тәрбиеші: Неге құстар өздері өскен мекенін тастап кетеді?
Балалар: Себебі, ол құстар суыққа шыдамайды.
Тәрбиеші: Балалар құстардың ең алдымен ұясы болу керек, сосын олар сол ұяда
жұмыртқалайды, жұмыртқадан балапандар шығады. Балапандардың қанаты
қатайғанша оларды анасы асырайды. Олар қанаттары қатайған кезде өз тамақтарын
өздері тауып жейді. (Сызба сурет арқылы көрсету)
Тәрбиеші: Балалар құстардың жануарлардан айырмашылығы қандай?
Балалар: Өйткені құстардың қанаты бар, денелері мамықпен, қауырсынмен
жабылған.
Балалар: Басында тұмсығы бар.
Тәрбиеші: Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы қандай?
Балалар: Олар құрт-құмырсқаларды жеп ағаштарды қорғайды.
Тәрбиеші: Жыл құстары дегеніміз?
Балалар: Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін
құстар. Оларға көкек, қарлығаш, аққу, тырна, бұлбұл, үйрек, қаз.
Құстар жерге топ тобымен ұшып келе жатыр олар жолда талай қиындықтарды
басынан кешкен. Биік асулардан асады.
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін қауіп қатерден қорғап жүреді.
Үй салуды адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағымын.
Мекен етіп тұрамын,
Тазалаймын үй ішін.
Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген.
Тәрбиеші: Ал ендеше балалар бейне таспадан қарлығаштың ұя жасағаның көрейік
(бейне таспа)
Қараторғай өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы, ауыл қараторғай
келісімен, күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды халық әнге қосып
жырлаған.(слайд)
Көкек – халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты ең тамаша, өз
атына теңеу. Өйткені көкек көкектеп ән салады. Көкек тапқан жұмыртқасын торғайдың
ұясына тастап кетеді.
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс
Көктемді күтсең мені күт
Тоқылдақты халық «орман емшісі» деп атайды. Ол ағашты зиян құрт-құмырсқадан
тазартады.
Қимылды ойын: «Үкі»
- Ал ендеше балалар осы құстар туралы біз ойын ойнайық. Ол ойынның аты «Үкі»
деп аталады.
Ойынның шарты: үкі күндіз ұйықтайды балалар орманда, ал үкі оянып балаларды
ұстап аламын деп қуады балалар үкіге ұсталмауы керек.
- Ал енді балалар тоқылдақ қандай құс екен?
- Орман дәрігері
- Ендеше балалар осы орман дәрігері туралы ертегіні сахналайық.
Автор: Баяғы өткен заманда орманда үлкен Терек өсіпті.Жиырма жасында ер жетіп,
отызында бұғанасы бекіп, қырқында кемеліне келіпті де, елуден асқанда қартая бастапды.
Кейбір бұтақтары семіп, қожыр-қожыр қабығының әр жері қуарып қалыпты. Қатты жел
соқса болды, бұтақтары сырқырап тұла бойы ауыратын болыпты.
Күндердің бір күнінде терекке құрт түсе бастапты. Құрт көбейіп, оның әр жерін
тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
Терек: Уһ, жаным-ай, жаным? Енді не қылайын?! Құрт ауруына шалдықтым, тесіп,
жеп, өлтіріп барады. Кеудем ауырады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым
сыздайды, жәрдем бере көріңдер? Дәрігер шақырып, емдеңдер? – деп, терек күні түні
сарнай береді.
Автор: Бір күні оның дауысын естіп көгершін ұшып келеді де, хал-жағдайын біліпті.
Көгершін: Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Бірақ мен дәрігер кім екенін, қайда
екенін білмеймін. Дегенмен іздеп көрейін, бір хабарын берейін, - деп ұшып кетеді.
Автор: Терек сарнап қала беріпті. Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында
сүйек-саяқты шұқып отырған сауысқанды көріпті.
Көгершін: Уа, Сауысқан, Сауысқан сөзді тыңда туысқан? Ыстық күнде сая болған,
күн жауғанда пана болған Терек ата науқастаныпты, құр сүлдері қалыпты. Теректі емдеп,
бір жақсылық етсек қайтеді?!
Сауысқан: Менің Сауысқан екенім рас. Бірақ аты шулы күзетшімін. Мен осы
маңдағы аңдармен құстарды қырқыстырмай аман есен сақтап келемін мен асығыспын, -
деп ұшып кетеді.
Автор: Сөйтіп көгершін Қоразға келеді. Қоразға мән-жайды түсіндіреді.
Қораз: Ку-ка-ре-ку, айналайын Көгершін, айту керек сөздің шынын, тауықтар көп
мен жалғызбын елді ұйқыдан оятуым керек.
Автор: Абден қалжыраған көгершін Бұлбұлға келеді.
Бұлбұл: Уақытым жоқ, ән салуым керек.
Автор: Көгершін әрі қарай ұшады, ұшып келе жатып торғайға кез болады. Торғайға
мән жайды түсіндіріп айтады.
Торғай: Терекке баруға уақытым жоқ, қолым тимейді.
Автор: Амалы құрыған көгершін аққуға жолығады. Оған да теректі емдеші деп
өтінеді.
Аққу: Мазалама, уақытым жоқ деп, қайтарып жібереді.
Автор: Көгершін ұшып келе жатып ағаштың басында отырған бір құсты көреді.
Көгершін: Айтшы қарағым атыңды.
Құс: Аты – жөні белгісіз үйсіз-күйсіз жүрген құспын.
Автор: Көгершін Белгісіз құсқа болған жайды айтады. Белгісіз құс олақ болғанымен
жалқау емес екен. Бірден іске кірісті. Құрттарды жи бастады. Бір күні Терек атаны бір құс
емдеп жатыр дегенді естіп, сауысқан, қораз, бұлбұл, торғай, аққу – бесеуі келеді.
Сауысқан: Көгершін бұл не қылған құс?
Көгершін: Не қыласын теректі емдеп жазып берді.
Аққу: Онда бұған ат қояйқ. Бұл құстың аты «Тоқылдақ» болсын.
Автор: Еңсесі көтеріліп ауруынан айыққан терек, құстарға ризашылықтарын
білдіріпті.
Тәрбиеші: Ендеше балалар ертегі осылай аяқталады. Ал енді халқымыз құстардың келіп
кетуіне қарай болжамдар жасаған енді соған тоқтала кетейік.
Балалар:
- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады.
- Төмен ұшса, жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса қыс қатты болады.
- Құс жүнін үрпейтсе жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Ал енді балалар қандай тиым сөздер білесіндер?
Балалар:
- Аққуды атпа
- Құс ұясын бұзба.
- Құс жұмыртқасын жарма
Мақал-мәтелдер:
Аққуды атпа
Досыңды сатпа
Аққусыз көл жетім
Батырсыз ел жетім
Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық
Құстай қанат қағайық
Қолымызды кең жазып
Ұшып-ұшып алайық
Тәрбиеші: Ал енді балалар қазір біз отырып құстарды бейнелеп көрейік.
Тәрбиеші: Балалар сендер бүгін көп құстарды бідіңдер, Ал мен қазір сендерге
жұмбақ жасырамын, жұмбақтың шешуін тапсаңдар сол құстың суретін салмыз.
Жұмбақ
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Балшықтан үй соғады,
Зымырайды, зулайды. Ол қандай құс? (қарлығаш)
Дұрыс ол қарлығаш деген құс. Ендіше біз қазір қарлығаштың суретін саламы. Балалар
суретті әдемі салу үшін саусақтарымызға жаттығу жасап алайық.
Қол саусақтарға арналған жаттығу:
Көктем келді алақай!
Шөптер өсіп, гүлдар ашып,
Құстар ұшып келеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Дұрыс!
Балалар: Қарлығаштың түсі қандай? Кеудесінің түсі қандай? Құйрығының пішіні
қандай? Ал енді қағазымызды көлденен қойып, сурет салуға кірісейік.
1-ші ақ түсті бояумен денесін салу үшін сопақаша саламыз.
2-ші қара түсті бояумен басын дөңгелек етіп салмыз.
3-ші қанатын ұзын сәбіз пішіндес етіп саламыз.
4-ші құйрығын айыр етіп саламыз.
Тәрбиеші :Балалар қараңдаршы біздің қарлығашымыз ұшып бара жатыр ма? Балалар:
Жоқ қонып отыр
Тәрбиеші: Дұрыс ендіше бұтақтардың суретін салайық. Енді аяқтарын саламыз, ең
соңында көзін ақ түспен саламыз. Міне біздің қарлығашымыз дайын болды.
Қорытындылау:
Кәне балалар суреттеріңді бізге келген қонақтарға көрсетіңдерші.
Балалар суреттерін талдау.
Тәрбиеші: Ал енді балалар бүгінгі қызметімізде нені үйреніп, нені түсіндік?
Балалар: құстар туралы өлең-жырлар, құстардың түрлерін, қарлығаштың бейнесін салуды
үйрендік.
Тәрбиеші: Ал қандай құстардың түрлерін білесіңдер?
Балалар: Қаз, үйрек, торғай, ұзақ.
Тәрбиеші: Орман дәрігері қандай құс екен?
Балалар: Орман дәрігері тоқылдақ.
Тәрбиеші: балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізге сендер белсене
қатысқандарыңа көп рахмет.
№38 «Шаттық» балабақшасы
««ҚҚұұссттаарр -- ббііззддііңң ддооссыыммыызз»»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: А.Қ.Каримова
ННұұрр--ССұұллттаанн 22002200