Құстар айтысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар айтысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу арқылы негізі ойды ашуға көмектесу.
Оқушылар достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысы қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
-Көңіл-күйлерің қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

-Ынталарың қалай?

-Ғажап! (қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

II. Үй тапсырмасына шолу жасау.

«Достық өлкесінің заңы» өлең шумақтарын оқыта отырып, не туралы оқығанын айтып кетеді.

«Таза тақта» әдісімен тақтадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар ойын тыңдау.

-Көзәйнекті кім сындырды?

-Әжесі қандай адам екен?

-Балалар бұл қырсықтан қалай құтылды?

-Кім айтып қойды шындықты?

- Баланың досы қандай еді?

-Нағашысы не деп жауап айтты?

- Әжесі немересінің құлағынан сүйреп қайда апарды?

-Нағашысы не деді?

Мұғалім: Сонымен балалар бүгінгі өлең не туралы болды?

-Достық

-Қандай достар болады екен?

-Біздің сыныпта амал,адал достықтың түрлері кездесті ме?

III. Жаңа сабақ.
Жалпы ертегі түрлері туралы видиодан көрсетіп тыңдатамын.

1. Қызығушылығын ояту.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Орман дәрігері(тоқылдақ)
Әнші құс (бұлбұл)
- Жарайсыңдар, балалар.
2. Тақтаға - қарға, торғай, кептер суреттері ілінеді.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
- Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Құстар туралы.
- Неліктен? Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.
- Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.
Үнді ертегісі.
3.Картамен жұмыс . Үнді мемлекетін көрсету.

Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)

2.Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар ?

Үнді шайы, үнді биі, үнді киносы.

4. Оқулықпен жұмыс.
а/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.
б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.
г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.
5. Жұптық жұмыс

«Мен сендерден сұрақ күтемін» дәптерлеріңе осы ертегіге байланысты сұрақ жазыңдар. Сол жазған сұрақтарын жұптарына оқу.

Сергіту сәті (музыкалық жаттығу)

6.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.
Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.
1 - топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
2 - топ

Ертегіні суреттейді. Ертегіге байланысты сурет салу.
3 - топ
Ынтымақ, бірлік,алауыздық туралы мақал-мәтелдер жазыңдар.
IV. Жаңа түсінікті тексеру.

Сәйкестендіру әр топқа тапсырма беріледі.

Құсбегінің торына бірігіп

Ақылдаса көтеріп әкетті

Бәріміз келіп түсті

Қанатымызды бірдей бастайды

Торды қағып ұшып көрейік


Олар тормен ынтымақпен көтерді

Құсбегі ұша жөнелді

Торда жылдам ұша алмайды

Айтыс басталған соң әр түрлі құс

Әуелде торды жүгіріп келеді


Қарғалар жүгіріп жетті

Жетер енді, түсе бастады

Алауыздық кірген жерде қарғалар!

Тор жерге береке болмайды

Құс аулаушы қарқ-қарқ
- Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә) Құстар мен құсбегі.
Б) Тордағы құстар.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.

- Құстар тордан қалай құтылмақ болды?

-Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?

-Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?

-Құс аулаушы торды не істеді?
- Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...
- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін....
- Асырауы мүмкін......
- Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
(жан - жануарлар)
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Ынтымақты ел озар.
VI. Үйге тапсырма:
Ертегіні түсініп, ролге бөліп оқу.
Ынтымақ, бірлік туралы ертегі қарау.
VII. Бағалау.( смайликтер арқылы бағалау, мақтау)

















3.Жұмбақтар: Көгершін , Қарға , Торғай.

Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады? ( Көгершін)


Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ ( Қарға )


Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисың ба? (Торғай)










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі