"Құстар әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстар әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мошшквводзгпа
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ!»

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»

ЖҮРГІЗУШІ; Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт ,шаттық молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

Біздің «Бүлдіршін» тобында.

ЖҮРГІЗУШІ; Армысыздар аяулы ұстаздар,ата-аналар!Сәлеметсіздер ме балалар,сендер бүгін сәнді киініп,әдемі болып кетіпсіндер.Мына жерде орман аңдары,сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті.Ал балалар бүгін қандай мереке?

Балалар;Жаңа жыл.

(Муз;қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы; Жаңа жыл келді.

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсың Жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді.

Тезірек,тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар,би де бар,асығындар

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.

Басталады,басталады Жаңа жылдық карнавал

Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!

(қол соғып киінген ата-аналар кіреді)

СИҚЫРШЫ:Бәрекелді жарайсыңдар.Қараңдаршы айнала неткен кереме,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдемі жаңажылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ...... шыршамыз көңілсіз,қане менін сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі ; Қуант бізді таңырқат.

Шамдарыңмен жарқырат 3рет.

(шырша шамы жанады Алақайлап қол соғады)

ЖҮРГІЗУШІ:Міне керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: Шырша жыры.

ЖҮРГІЗУШІ:Ендеше,шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Гүлім. Жасыл шырша орманнан.

Бізге арнайы келіпті,

Ойыншығын балалар.

Оратаға әкеліп іліпті,

Эсманұр. Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз.

Орманға кеп жетеді,

Нүралы. Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Бақдаулет. Жарқыраған шырағы,

Шырша келді ортаға.

Біздің балғын балалар,

Әсем әнді шырқайды.

Аян. Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Жүргізуші: Балалар жарайсындар.Айтындаршы жылда Жаңа жылга бізге қонаққа кім келуші еді.

(балалар жауабы:)Аяз ата.

Жүргізуші: Қанекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі:Аяз ата,Ақшақар ау-у-у-у! 3рет.

Аю: Здраствуйте ,ребята!С Новым годом!

Мен қысқы ұйқыда болатынмын қатты айқай шу,тасыр-тұсыр шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім, бәрінін айтатындары бір-ақ сөз:«Жаңа жыл келіп қалды,жаңа жыл»-дейді. Машаны да іздеп,осында болар деп келдім.

Жүргізуші:-иә,«Маша мен Аю» мультфильмін сендер жақсы көресіңдер ғой.Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес.............

Балалар:иә

(осы кезде Маша келеді.Шыршаға таңырқап.)

Маша: Керемет....... (деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

Аю. –Әрен таптым-ау сені қасқыржеп қойғаншығар деп едім (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар,кетпеніздер, бізбен бірге болыңыздар! (екеуі қуанып балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші: Балалар мына сыйлықты бәріміз бөлісейік (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма балалар!иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар,әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы (шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі-түсті ойыншық

Шыршада көз тартады

-Ой балалар: шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұр ғой.

Бәрі: қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата.Ақшақар

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға (Аяз – ата ,Ақшақар 3рет)

(әуенмен: Аяз-ата Ақшақар келеді)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.07.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі