Құстар туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»,«Коммуникация», «Таным»,

«Шығармашылық».

Білім бөлімі:Экология негіздері,Көркем әдебиет, Құрастыру, Жапсыру.

Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды

табиғаттағы құстарды аялап,баптап күтуге дағдыландыру. Қыстап

қалған құстардың тіршілігі туралы мағлұматтар беру, ақыл-ой

қабілеттерін дамыта отырып, құстарға қамқорлық жасауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құстардың суреттері, слаид, қиық суреттер, ағаштың суреті

бар плакат.

Сөздік жұмыс: Қыстап қалатын құстар, қамқорлық

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,

Билингвальды компонент: Торғай-воробей, Сауысқан-сорока, қарға-ворона

Көгершін- голубь.



Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеттері

Мотивациялық

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

-Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Балалар шеңберге тұрып, барлығы хормен айтады. Бір-бірлеріне жылы лебіз білдіреді.

Ұйымдастыру-

шылық

ізденушілік





























































































































































































Оқу іс-әрекетін қорытындылау

Психологиялық сәт:

-Балалар, іс-әрекетімізді бастамас бұрын сендерге психологиялық сұрақтар қойғым келіп тұр.

- Бүркітке не жарасады?



- Шегірткеге не жарасады?



- Ал, ақ тауыққа не жарасады?



- Ақылдыға не жарасады?

-Балалар, бүгін біз « Әлеуметтік орта» саласы бойынша «Экология негіздері» іс-әрекетін өтеміз. Бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атайықшы?


-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?




-Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме?

Жұмбақ:

Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.

Жауы шыбын-шіркейдің,

Табиғатты ол қорғаған. Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, біз бүгін сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз.

Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар және жыл құстары болып бөледі екен.

Суреттер көрсету.

Жыл құстары жайлы айтатын болсақ олар: аққу, тырна, қарлығаш және т.б.құстар бұлар күн суыған кезде жылы жаққа қарай ұшып, көктем мезгілінде ұшып келетін құстар. Ал, қыстап қалатын құстар жайлы айтатын болсақ олар суққа төзімді болғандықтан қысы-жазы өз мекенінде тіршілік ететіндер.

-Қыста құстарға қорек табу қиынға соғады, сол кезде біз оларға қамқорлық жасауымыз керек.

-Қалай ойлайсыңдар біз оларға қалай қамқорлық жасаймыз?


-Жарайсыңдар,балалар,енді осы жерде сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Шешуін тап»

Шарты: Мен сендерге құстар жайлы жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін сендер табуларың керек.Құстардың дауысын үнтаспадан естірту.

Жұмбақ:

  1. -Бір-ақ уыс көлемім,

Шыбын-шіркей қорегім.

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал, атым кім болады менің?

-Дұрыс айтасыңдар.Құстардың ішінде ең кішкентайы-торғай екен. Торғайдың жүні тығыз орналасқандықтан ол биікке ұша алады, тұмсығы қатты және үшкір.

(шешуін тапқан соң торғайдың суреті ашылады)

2.Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(қарғаның суреті ашылады)

-Дұрыс қарға. Оның түсі қап-қара, ірілеу құс.

3.Үстіне ақ камзолын киіп алып,

Жүреді қанаттарын жиып алып.

(сауысқанның суреті ашылады)

-Сауысқан-қарға тұқымына жатады. Бірақ денесі кішілеу, тұмсығы қысқа болып келеді.

4.Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,-деп

Қайсы құсты мақтаймыз?

(көгершін суреті ашылады)

Ал, көгершін- аппақ, сүйкімді құс.Оны халық бейбітшілік, бақыт құсы деп те атайды.

-Жарайсыңдар,балалар, сендер жұмбақтың шешуін жылдам, әрі тез шешіп таптыңдар.

-Балалар, бұл құстардың бәрін қандай құстар деп атайды екенбіз?


-Ал, енді осы құстардың аттарын қазақ-орыс тілдерінде айтып көрейік.

Билингвальды компонент:

Торғай-воробей.

Сауысқан-сорока.

Қарға-ворона.

Көгершін-голубь.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарай талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Құстардай біз қалықтап.

Бір отырып,бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

Бір,екі,үш бойға жина күш.

-Балалар, сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Қанекей айтып беріңдерші?




































-Жарайсыңдар, балалар, сендер құстар туралы көп тақпақтар біледі екенсіңдер. Енді құстарды кім дұрыс, әрі жылдам құрастыра алатынын байқайық.

Д/Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Әр баланың алдына құстардың қиық суреті қойылады, одан құстың бейнесін дұрыс әрі жылдам құрастырулары керек.

Бала өзі жасаған құстарын сипаттап айтып беру.

-Балалар, сендер әр түрлі бөліктерден тез, әрі жылдам құрастырып, әр түрлі құстардың суретін шығардыңдар.

- Балалар, қараңдаршы біздің бағымыздағы ағашқа құстар қонбапты, сол себепті ағашымыз ренжіп тұр. Бәріміз осы ағашқа жан бітіріп, көңілін көтерейікші.

Ұжымдық жұмыс.

(Балалар ағашқа құстардың суреттерін жапсырып шыққан кезде, ағаштан сан түрлі құстардың дыбысы естіледі)

-Мінекей, балалар, біздің ағашымызға жан бітіп, одан әртүрлі құстардың дауысы шығып, ағашымыз көңілденіп сала берді.


-Балалар, бүгін сендер жарадыңдар.

-Балалар,бүгін біз не туралы өттік?

-Қыстап қалған құстарға қандай құстар жатады екен?

-Балалар, бүгін біз қыстап қалатын құстар жайлы көп мәліметтер білдік.

-Олай болса бәріміз шеңбер болып тұрып құстарымызға жылы лебіз білдірейік.

-Қараңдаршы, менің қолыма торғай келіп қонды ол сендердің жылы сөздеріңді қалап тұр. Қанекей, бәріміз жылы сөздер айтайықшы.

Шеңбер болып тұрып,қолындағы құстарды бір-бірінің алақанына салады.





















-Рахмет балалар,құстарға деген қамқорлықтарың көп болсын.

Балаларды мақтап-мадақтау.








-Самғаған (қолдарын жазып көрсетеді)


-Секірген (секіріп көрсетеді)


-Шоқыған (жерді шоқып көрсетеді)


-Оқыған.






-Қыс мезгілі.

-Желтоқсан,

Қаңтар,Ақпан.

-Күн суытады, аязды, боранды болады. Қар жауады, сулар мұз болады.


-Ия.






-Құс.


Балалар мұқият тыңдайды.






Балалар суреттерге қызыға қарайды.



Мұқият тыңдап отырады.








-Адамдар құстарға нан қоқымын, жем шашып береді.




Жұмбақтың шешуін табуға тырысады.








-Торғай.










-Қарға.





-Сауысқан.








-Көгершін.








-Қыстап қалатын құстар деп атаймыз.


Балалар бірге сөздерді қазақ-орыс тілдерінде айтып шығады.





Сергіту сәтін іс-қимыл арқылы жасап айтады.










-Ия.


Ділдә:

-Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Алихан:

-Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді.

Бақшамызға қонбайды.

Азамат:

-Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса,қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар.

Нұртас:

-Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.

Мейірбек:

-Суықторғай,суықторғай,

Үрке берді жуық қонбай

Сақылдаған сары аязда.

Жүріп әбден шыныққандай.

Нұрдана:

-Құс баласын атпаймыз,

Қыста жемдеп,

баптаймыз.

Бауырмал боп бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.






Балалар тез әрі жылдам құстарды құрастырып, сипаттап айтып береді.














Балалар бірігіп құстарды ағашқа жапсырып шығады.



Балалар қуанып тамсана қарайды.





Балалар жауап береді.

-Торғай,қарға,сауысқан, көгершін.






Балалар шеңберге тұрып, торғайға жылы сөздерінайтады.

Балалар өз іс-әрекеттеріне қуанады.




-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны аялап,мәпелеп бағар едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны жуындырар едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен аузына су тамызар едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оның қанатын тазалар едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған бидай берер едім.

Балалар өз іс-әрекеттеріне қуанады.













Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыстап қалған құстардың тіршілігі туралы;

Игереді:Құстар туралы жұмбақтарды шешіп, оларды құрастыруды;

Меңгереді:Әрқашан да құстарға қамқорлық көрсету, қорғау түсініктері артады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі