Құстарды қорғай білейік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстарды қорғай білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың жануарлардың маңызды тобы екендігі,жабайы және үй құстары,олардың тіршілігі,адамға пайдасы туралы біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Жасыл дәріхана

Мектеп: Қазақстанның 40 жылдығы мектеп-гимназиясы

Күні:03.11.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нурманова А.К.

Сынып: 5-6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Құстарды қорғай білейік

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Құстарды мекен ортасына қарай топқа бөлуін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Құстардың жануарлардың маңызды тобы екендігі,жабайы және үй құстары,олардың тіршілігі,адамға пайдасы туралы біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қосымша ақпараттарды айтып, дәлелдер келтіре алады

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Қыртөссіздер (жүгіретін құстар). Жүзетін құстар. Қыртөстілер (ұшатын құстар)

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

1. Түйеқұстардың ең ірісі ……………. түйеқұс.

2. Пингвиндердің алдыңғы ………………ескекке айналған.

3. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі....

4. Орман құстарының денелері көбіне шағын, …………сүйірленіп келеді.

5. ………….құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмысты жасау барысында өзгелердің ойларын құнды деп санайды, ұсыныстар айта алады, өзара сыйластықты қалыптастырады.

Пәнаралық байланыстар

биология,экология,география,қазақ әдебиеті,тарих.

АКТ қолдану дағдылары

кесте,слайд,әр түрлі құстардың суреттері,буклеттері.

Бастапқы білім

Құстардың түрлері

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, керекті құрал – жабдықтарын алдырып, назарын сабаққа аудару. Оқушылар құстардың түрлерін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

І топ – жүгіретін құстар.

ІІ топ – жүзетін құстар.

ІІІ топ – ұшатын құстар.

Сабақты өлең жолдары арқылы бастау.

Жүрегімде тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар,ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнандар.

БББ кестесін толтыру

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Құстардың суреттері


Сабақтың ортасы



«Галереяны шарлау» әдісі

Оқушыларға мәтінді өздігінен меңгеруге уақыт беріледі.(5-8 минут)

Құстар дене құрылысына,тіршілік әрекетіне байланысты үш топқа бөлінеді:

Қыртөссіздер (жүгіретін құстар)

Жүзетін құстар

Қыртөстілер (ұшатын құстар)

Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды.Олар ұша алмайды,бірақ құрылықта өте жылдам жүгіреді.Қанат қауырсындары доғалданып келген,аяқтары өте жақсы жетілген.

Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған.Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді.Төссүйек қыры жақсы жетілген.Олар ұша алмайды,құрлықта теңселіп әрең қозғалады.Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан,денесін тік ұстайды.

Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады.Қанаттары да ұзын,сүйірленіп келеді.Қаңқа сүйектері жеңіл.

Африкалық түйеқұс(страус),Америкалық түйеқұс(нанду),австралиялық түйеқұстар(эму,казуар),қанатсыз түйеқұс(киви).т.б

Императорлық пингвин,корольдік пингвин,қоршаукөз пингвин,алтыншашты пингвин,көзілдірікті пигвин,галапагостық пингвин.т.б

Тоқылдақтар,көкектер,тотықұстар,торғайлар,қаздар,тырналар,шағалалар.т.б

Әр топқа құстардың суреттерін жапсыру.


Сергіту сәті

«Мені тап» ойыны.Құстардың дауыстары беріледі, дыбысты есту арқылы құстың атын атайды.

1. Үкі

2. Тоқылдақ

3. Торғай

4. Көкек

5. Қарға


«ІNSERT» әдісі оқылған мәліметті түртіп алу желісі

Құстар тіршілік орта жағдайларына байланысты экологиялық топқа да топтастырылады. Экологиялық мынадай топтар бар:

Жыл

құстары

Көшпелі

құстар

Қыстап шығатын құстар

Қараторғайлар,тырналар,ұзақ және т.б

Полюстік үқі,кейбір жыртқыш құстар және т.б

Қарғалар,торғайлар,сауысқандар,шымшықтар және т.б


«Сұраққа жетіп ал» әдісі

Хат тасушы көгершін бізге құс әлемінен хат әкеліпті. Хатты мынадай сауалдар бар.

1.Құстарға қатысты теңеу сөздер.

2.Құс атымен аталатын адамның аттарын ата?

3.Құстар туралы қандай болжамдар білесіңдер?

4.Құстарға қатысты мақал – мәтелдер білесіңдер ме?

5.Қызыл кітапқа енген құстарды ата.

6.Жыртқыш құстарды ата.

Осы сұрақтар арқылы тауыс құсын әдемілейміз.


«Бэкроним» әдісі. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту

1. Аққудың соңғаны дегенімізді қалай түсінеміз?

2. Мемлекеттік туда бейнеленген құс?

3. Үкіге байланысты қандай наным – сенімді білесің?

4. Құсты саятшылыққа қосу дегеніміз не?

5. Құстарға байланысты аңыз-әңгімелер білесіңдер ме?


2. Адасқан сөздерді табу .

Қ А Б К І Д К

Л Р Ү Р Т Е І

Ы Ғ Қ А Е Г Л

Ш А И З Л К І

Қ О Қ К Е Е К

Жауаптары: Қарлығаш, бүркіт, қоқиқаз, дегелек, кекілік.

Плакаттар, түрлі түсті қаламдар





























Жұмыс дәптер













конверт






Сабақтың соңы



«Фишбоун» әдіс арқылы сабақты қорытындылау. Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

«Есіңде сақта ».

1. Құстарды өлтіруге, ұясын бұзуға болмайды.

2. Ұядан түсіп қалған балапанды үйге алып кетуге болмайды,себебі сендер олардың ата – анасының орнын толтыра алмайсыңдар.

3. Құс балапандарын ұстауға болмайды, қолдарыңның иісін сезсе,құстар балапандарын тастап кетуі мүмкін.

4. Орман арасында құстардың ұя салуына немесе ұя салған құстарды үркітпеу үшін жүгіруге, айқайлауға болмайды.

Балық қаңқасы

Үйге тапсырма

Ұл балаларға құс ұясын жасау, қыз балаларға құстардың түрлерінен буклет жасау



















Білемін

Білдім

Білгім келеді





Білемін

Білдім

Білгім келеді






Білемін

Білдім

Білгім келеді





Білемін

Білдім

Білгім келеді





Білемін

Білдім

Білгім келеді





1топ -Құстарды қорғау жолдары




2топ -Қызыл кітапқа енген құстар




3топ-Үй құстары мен дала құстарының айырмашылықтары




























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі