Құстардың алуан түрлілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстардың алуан түрлілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы; Құстардың алуан түрлілігі

Сабақтың мақсаты; оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту ; құстардың пайдасын білу, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер; бейне таспа , интербелсенді тақта,слайд,қосымша мәтіндер,сызбалар.

Сабақ барысы;

Ұйымдастыру кезеңі; Психологиялық дайындық

Сабақтың тақырыбын болжау

Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Құстардың шықылдаған дауысын естіту

- Балалар бұл ненің дыбысы ?

- Яғни бүгінгі сабақтың тақырыбы

Құстардың алуан түрлілігі

- Ендеше бүгінгі сабаққа қандай міндет қоямыз

- Міндетіміз

Не білгілерің келеді?

1. Құстардың түрлерін білу

2. Құстардың тіршілігі

3. Құстардың пайдасын білу

4.Құстар неге ұшады?

5.Қауырсынның құрылысы қандай?

6.Құстардың қауырсындары бірдей ме?

-Жақсы, ендеше арықарай жұмыс жасайық осы мақсаттарға жету үшін

4 топқа бөлінеді

І топ:Жыл құстары

ІІ топ:Жыртқыш құстар

ІІІ топ:Үй құстары

ІҮ топ: Қыстайтын құстар





1 тапсырма

-Алдарыңдағы топтың атауына анықтама берейік

Әр топ өз ойларын айтады.

Әр топқа мәтін таратылады

1-мәтін

Жыл құстары 8-слайд Жыл құстары туралы

Жыл құстары.

Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан

шығару үшін көктемде ұшып келеді.Алкүзде қайтадан ұшып кетеді

Жыл құстарына :ұзақ,аққу,тырна,ләйлек және тағы басқа құстар жатады.

Аққу-мойны ұзын,қаз тұқымдас жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазан

айларында ұшып кетеді.Су өсімдігінің жапырағымен,тамырымен,кейде ұсақ жәндіктермен

қоректенедіСұлу,достыққа адал құс,махаббаттың символы.

Қарлығаш-жылқұсы.Қарлығаштар өте үшұыр.Басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып

жүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп,зор пайда келтіреді.

Тырна-Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы.Ірі өзен

жағалауларында мекендейді.Негізінен өсімдікпен,жәндіктермен қоректенеді.

Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы.Ол су жағалауында тіршілік

етеді.Балықтармен,Су өсімдігінің жапырақтарымен,жәндіктермен қоректенеді.



2- мәтін

Жыртқыш құстар.

Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран,бүркіт,кезқұйрық,жапалақ,үкі және тағы

басқалары.Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр

болады.Олар алуан түрлі жануарларды-тышқан,қоян,құстарды аулайды.Ал үлкен қыран

тырнағымен қозыны іліп алып кете алады.

Бүркіт-қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді

мекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады.

Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады.Негізінен суыр,қоян

сияқты кеміргіштермен қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушыларды

аулайды,өлімтіктер жейді.

Кезқұйрық-жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.Орта көлемді

жануарлар,сүтқоректілермен,құстармен,рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды және

қалдықтарды құмарлана жейді.

Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.





Орман-тоғай құстары

Кейбір құстар ұясын шалғынды жерге салады.Бөдене қалың шөптің арасын шұңқырлап,ұя

салады.Бөдене-қырғауыл тұқымдас,қалың шөп арасында жүретін,ақшыл жолақты,кішкене

сұр,жыл құсы.

Бозторғай-түсі қоңырала,қанаты ұзын,бауыры ақшыл кішкене торғай.Бозторғайдың шырылы

кішкене күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып тұрады.

Бұлбұл-орман-тоғайда,нулы жерде,бақта жүретін,дауысы әдемі кішкене әнші құс.Ол ұясын биік

бұта басына салады.Ол өзінің тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді.Олардың қорегі-өсімдікке зиянды жәндіктер.

Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ тіршілік етеді.Ол жазда да,қыста да ағаштың діңін

тоқылдатумен болады.Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін

бұлжытпай табады.Тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады.Оны орман дәрігері деп бекер

айтпаған.

Көкек те орман құсы.Көкектің өзі ұя жасамайды,басқа құстардың ұясына жұмыртқалап

кетеді.Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші жарып шығады да,бірден басқа жұмыртқалардың

бәрін ұядан шығарып тастайды.Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды.Қалай

дегенмен,көкек-пайдалы құс.Ол ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұрттарды жейді.



3- мәтін Үй құстары

Тауықтар тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Қораз, әтеш - құстың жыныс қуаты жетілген еркегі. Қораз мекиеннен ірі, кеудесі кең, бұлшық еті жақсы жетілген, сүйегі мықты болады. Қораздыққа еркек балапандар алғашқы рет 5-6 апталығында, екінші рет 20-24 апталығында іріктеліп, жақсы жетілген табында қалдырылады. Қораз 3 жыл үйірге қосылады. Бір қоразға өнімдік бағытына қарай 10-15 мекиен бекітіледі.[1]

Қазүйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 – 6 кг, дене тұрқы 60 – 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5 – 8 жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265 – 350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4 – 8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5 – 6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3 – 4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады. Қаз майыүсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы. [1]



Үйрек, үй үйректері (Anas platyrhynchos var. domestіca) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар. Шамамен біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын Еуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған. Үйректердің ең көп тараған түрлері: пекин Үйрегі, мәскеудің ақ Үйрегі, мускусты Үйрек, үндінің жүйрік Үйрегі, т.б. Пекин Үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді. Оның мекиенінің салм. 3,0 кг, аталығы 3,5 кг, 9 апталық балапанының салм. 2,5 кг тартады. Жасы 6 — 8 айға жеткенде жұмыртқалай бастап, 7 — 8 айдың ішінде 80 —120 жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75%. Мәскеудің ақ Үйрегі сырт тұлғасы жағынан пекин Үйрегіне ұқсайды. Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) табады. Балапан шығымы жоғары. Мускусты Үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Мекиендерінің салмағы 2,5 — 3 кг, аталығы 4,5 — 5 кг, жақсы семірген кезде 6 — 7 кг, бауырының өзі 350 — 550 граммға жетеді. 6 — 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 — 120-ға дейін жұмыртқа табады. Таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үндінің жүйрік Үйрегі жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған (қ. Алғашқы жануарлар). Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды.



4-мәтін Қыстайтын құстар.

Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Олар қыс кезінде

адамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және

суыққа төзімді.

Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,тек

кеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді.

Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді.

Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзатың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олар

дән,нан қиқымдарымен қоректенеді.Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді.

Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ

қалдықтарымен қоректенеді.

Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығып

қалмауына жағдай жасап,қорғайды

Топтағы балалар бірлесіп отырып оқып, слайд бойынша,мазмұнын түсіндіреді

Әр топ әңгімелерін айтып береді.



Сергіту минуты

Ал , балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Ооңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып,бір тұрып

Бір тынығып алайықҚарға біздің қар, қар,
Сауыс
қаным саңқ, саңқ.
Тор
ғайларым шиқ, шиқ,
Жапала
ғым ух, ух.
К
өкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.



2 тапсырма Ұйқасын тап.



А) Қалдықты жеп тауысқан,

Алас қанат сауысқан.

Ә) Құрмандаршы тұзақ,

Жыл құсы ғой ұзақ.

Б) Тыраулаған қырда,

Құстың аты тырна.

В) Ұшып жүрген тынбай,

Кішкене құс торғай.

Г) Кез болмасын түлкі қу,

Сақ болғайсын аққу.

Ғ) Әніменен шашқан жыр,

Әнші құс қой бұлбұл.

Д) Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді...(шымшық)

Е)Жем іздейді тоңбай,

Аязда... (суықторғай)





Мінездеме бер

Бүркіт – қыран құс

Аққу – сұлу құс

Сауысқан – қорқақ құс

Көкек – мақтаншақ құс

Тоқылдақ – орман дәрігері

Сұңқар – қырағы құс

Түйеқұс – үлкен құс

Пингвин – жүзгіш құс

«Қандай құс?» Дидактикалық ойын.
1. Баласын аппағым дейтін қандай құс? (қарға)
2. Қандай құстың тамағы шоқуменен табылған?(сауысқан)
3. Қандай құстың түсіне тары кіреді?(тауық)
4. Қандай құс ұша алмайды?(пингвин)
6. Қандай құс қорегін түнде аулайды?(үкі, жапалақ)
7. Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс?(көкек)
8. Қандай құс орман дәрігері?(тоқылдақ)
9.
Қандай құстың қазаны бар?(бірқазан)

Берілген сөздерден артығын тауып сол құсты өз қолыңмен жасап көр

Әтеш,тауық,қаз ,аққу

Қарға,сауысқан,көгершін,жапалақ

Бүркіт,тоқылдақ,құр,балапан.

Қарлығаш,тырна,қараторғай,көгершін. 3.Адасқан сөздерді табу .

Қ

А

Б

К

І

Д

К

Л

Р

Ү

Р

Т

Е

І

Ы

Ғ

Қ

А

Е

Г

Л

Ш

А

И

З

Л

К

І

Қ

О

Қ

К

Е

Е

К

І топ:Ермексаздан аққуды мүсіндейді

ІІ топ:Өсімдік дәндерінен жапалақты істеу

ІІІ топ:Табиғи бұйымнан балапан жасау

ІҮ топ: Оригами немесе үлгі бойынша сурет қию

Зерттеу обьектісі: Құс қауырсыны

Құстарда әртүрлі қауырсын типтері болады

1      желпуіш қауырсындар — қанаттың негізгі қалқу бетін құрайтын ірі серпімді қауырсындар; олар бірінші дәрежелі (қанаттың шашағында орналасқан) және екінші дәрежелі сәл жұмсақтау (қанаттың білегіне жалғанған) болып бөлінеді;

2      бағыттауыш қауырсындар — құйрықты құрайтын ірі серпімді қауырсындар;

3      қанаттың жоғарғы жағын жабушы қауырсындар — желпуіш қауырсындардың негізгі бөлігін жоғарғы жағынан жабатын онша үлкен емес, бірақ серпімді қауырсындар;

4 қанаттың төменгі жағын жабушы қауырсындар — желпуіш қауырсындардың негізгі бөлігін төменгі жағынан жабатын қауырсындар;

5      құйрықтың жоғары жағын жабушы қауырсындар — белдің артқы бөлігінде орналасқан және құйрық қауырсындарының негізгі бөлігін жабушы қауырсындар;

6      құйрықтың төменгі жағын жабушы қауырсындар — құйрық қауырсындарын төменгі жағынан жабушы қауырсындар;

7      қанат шашағын жабушы қауырсындар — қанат шашағын жабатын пәрлер;

8      нұсқалық қауырсындар — құстардың барлық денесін жабатын қауырсындар;

9      мамық қауырсындар — нұсқалық қауырсындардың астында орналасқан майда қауырсындар.

Енді балалар осы құстардың қауырсынынан тәжірибе жасап көрейік.

Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны, яғни қанаттары.(қанаттарды сулап көрсету) Балалар көрдіңдерме қаздың қауырсынына , яғни қанатына су тұрмайды өйткені ол майлы, ал тауықтың қанаты майлы емес. Суда жүзетін құстардың арнайы ішкі майлы бездері болады, олар майды тұмсықтарымен жүндерін майлайды.

Сұрақтар:

  • Қыстайтын құстарды ата?

  • Құстың мекені?

  • Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

  • Қарға қалай дыбыстайды?

  • Торғай қалай дыбыстайды?

  • Құс туралы тиым сөз айт?

  • Құстардың ұясын бұзба.

  • Құсты атпа, өлтіруге болмайды.

  • Құстың жұмыртқасын жарма.

  • Құстардың ортақ қасиеті қандай?

  • Құстардың айырмашылығ қандай?

  • Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз.


  • Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.

  • Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.

  • Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

Семантикалық карта

Құстар




Жыл құсы

Тамағын түнде аулайды

Аң аулауға пайдаланады

Қыстайтын құс

Қауырсыны майлы болады

Жыртқыш құс

Киелі құс

Үй құсы

Көктем ха

баршысы

Бүркіт










Жапалақ










Тауық










Қарлығаш










Ұзақ










Қаз










Қарға












  • Рефлексия

  • Не білдің ? Не білгің келеді? Не ұнады?

  • - Айтып шығады

  • Үй тапсырмасы:өз қолдарыңмен жасаған құстар жайлы қызықты мәлімет жинастыру.

Сабақты бекіту, Бүгін сабағымызға қойған мақсатқа жеттік пе? Әр мақсатты айту.

Сен құстарға қалай қамқор боласың?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі