Құстардың түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы мұғалімдерге арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:
Құстар туралы түсніктерін кеңейту.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, танымдық белсенділігін,
зейінін байланыстыра сөйлеуін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ізденпаздыққа және
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Әдіс –тәсілдер: сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу, видио көру, жұмбақ шешу.
екі тілде айту, құрастыру, ойнау.
Көрнекілік: Құстардың суреттері, жұмбақтар, слайд, сурет қиындылары.
Пән –аралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Психалогиялық ахуал
тудыру.
II. Үй жұмысы: 1. Суретке қарай отырып әр қосмекендінің атын атау. (Су кесірткесі,
шөл кесірткесі, бақа).
2. Суреттегі жануарлар тобын жіктеу. (Тұяқты, су жануарлар,
кеміруші, жыртқыш).
3. Көңілді тапсыр ма. Үй жанарлары мен жабайы жануарларды
ажырату (үй жануарын көргенде қол соғу).
Сергіту сәті: Ал, кәнекей балалар,
Орнымыздан тұрайық.
Қарлығаш болып ұшайық.
Қанат қағып тағы да,
Орнымызға қонайық.
III. Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасырылады сол арқылы бүгінгі тақырыбымыз қандай екенін біле аламыз.
1. Имек тұмсық, алғыр құс.
(Қаршыға)
2. Шуға бөлеп жағаны
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі.
Шабақ іліп жүреді.
(Шағала)
3. Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы.
(Үкі)
Балалар сонымен бүгінгі өтетін тақырбымыздың аты қалай аталады деп ойлайсыңдар?
Балалар құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді. Үй құстарына үйде өсірілетін мәдени құстар жатса, жабайы құстарға кең даланы мекен ететін барлық құстарды жатқызамыз. Құстардың барлығы делік ұшады, бірақ оның арасында ұшпайтындары да баршылық. Ұшпайтын құстарға біз пингвин, түйе құсты жатқызсақ болады. Әлемде құстардың 9 млн түрі болса соның 435 түрі ғана біздің елімізде кездеседі қандай аз иа балалар. Балалар енді сіздергетапсырма беріледі.
IY. «Сен білесің бе?»  айдары

 Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.

 Дүниежүзінде колибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай)  321 түрі бар.

Сары шымшық балапандарын  күніне 1000 рет тамақтандырады.

Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады

Түйеқұстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.

Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс

Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады. Киттің жүрегі минутына  9 рет соғады.

Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра  алмайды екен.

Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт.

Кенгуру  мен  эму  артқа қарай жүре алмайды.
Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
Ү.Қорытынды:Құстар жөнінде сұрақтар.
1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)
2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
6.Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

(Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді)

ҮI.Рефлексия:Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді.Неге?

Әр бала өз ойын айтып шығады.

ҮІІ.Үй жұмысы: 1.Өзіне ұнаған балық туралы мәлімет,жұмбақ жаттау

                              2. «Құстардың пайдасы және зияны» кесте құрып, жазу

ҮІІІ.Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2018
1226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі