ОБЛЫС Қызылорда
облысы
АУДАН/ҚАЛА Шиелі
ауданы
АУЫЛ Тартоғай
ауылы
КМҚК «ҚҰЛАГЕР»
БӨБЕКЖАЙ-БАҚША
ФИО Жүнісова Айнагүл
Талғатқызы
Білім беру саласы:
Тәрбиеші. Коммуникация,
Таным.
ТӘРБИЕШІ: ЖҮНІСОВА
АЙНАГҮЛ
Кіріктірілген
ұйымдастырылған оқу қызметі.
Білім беру саласы:
Коммуникация, Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
түрі: Көркем әдебиет.Құрастыру.
Тақырыбы: «ҚҰСТАҒА ҰЯ
ЖАСАЙМЫЗ»
Мақсаты: Тілдің дыбысталу
мәдениетіне тәрбиелеу.Құстардың тіршілігі туралы
білімдерін
кеңейту.Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,қолданылатын
материалдар,теледидар,құстың дауыстары
Әдіс
тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,ойындар ойнату,сұрақ-жауап,сергітулер
жасату,ән айтқызу ,билету.
Билингвистикалық компонент:
бүркіт-беркут,тырна-журавль,құстар –птицы
Тәрбиеші:Оқу қызметінің басталғанын
хабарлау.
Шаттық
шеңбері:
Нұр шашып
әлемге,
Арайлап таң
атты,
Жарқырап
күніміз,
Жер көкті
оятты
Қайырлы
таң,қайырлы күн!
Жұмбақ
жасыру:
«Тал басында
тамаша үй» (Ұя)
Жалқаубек
кіреді:
-Ой балалар
сендер не істеп отырсыңдар?Жүріңдер оданда құстарды атып қызықтап
тұрайық.
Маған өте
көңілді.Жүріңдер менімен бірге.
Тәрбиеші: Балақай ,біздің балалар
олай жасамайды.Тәртіпті балаларға ол жат қылық.Келеғой оданда сенде
бізге қосыл.
Құстар
туралы түсіндірме жұмыстар экраннан көрсету.
-Балалар бұл
жылдың қай мезгілі? (Көктем)
-Көктем
мезгілінің айлары? (Наурыз,сәуір,мамыр)
Жыл құстары
туралы түсіндіру.
Балалардың тақпақтары:
Аягөз:
Ой
балалар,балалар
Жылы жылы
жел соқты,
Жылғалардан
су ақты
Қаңқыл
қаңқыл қаз кетті.
Еркеназ:
Ала қанат
сауысқан,
Жерді шоқып
тауысқан.
Адина:
Құс ұясын
бұзбаңдар,
Балапанын
алмаңдар,
Құстар
біздің досымыз
Обалына
қалмаңдар.
Айжұлдыз:
Нан қоқымын
шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар,
Теріп алып
қастерлеп
Торғайларға
тастаңдар.
Жансая:
Келіп көктем
құстары,
Бау бақшада
ән салды,
Оларды жас
отары
Ұя салып
қарсы алды
Данияр:
Құстар тойын
құттықтар,
Қуанамыз
қолдаймыз
Ұя жасап
құттықтап
Біз оларды
қорғаймыз
«Сауысқан
мен көкек» ертегісі (сахналау)
Ертеде
сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті.Олар ялары болмай
,ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті.Көкек күнде ерте тұрып алып:
«Ұя керек,ұя керек»-деп көршілерінің мазасын кетіреді.Бір күні
сауысқан көршісіне:
-Екеуміз
бірігіп ұя істейік.Әуелі саған содан кейін маған салармыз.,-дейді
көкек.
-Менің ұя
салатын қуатым да қаруымда жоқ. «Керек,керек» деп қақсай берсем
құстың бәрі ағайыным,көп болып көмектесіп,ұя салып береді,-деп
келіспейді.
Сауысқан
көкектің көмегін күтпей-ақ ұя салуға кірісті.Ол ұясының
қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап,берік етіп өрді.Оны шыммен
,өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз
балшықтармен сылады.Кішкене бұтақтардан құрастырып ,шағын қақпалы
есік жасады.Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің
«Керек,керек» деп қақсай –қақсай даусы қарлығып,тілі сақау болды
.Ол кейінгі жылдарда «керек» деудің орнына «келек,келек»
дейді.Сондықтан жұрт оны кекетіп оны «көкек» деп атайтын болды.Сол
көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі дейтін ұясыда ,үй іші де
жоқ.Жұмыртқасын кз келген ұяға табады,оны басқа құстар басып
,балапан шығарады.Шібилер жетім өседі.
Дамытушы
орталықтарға фишкалармен бөліну
Әдебиет
орталығы
Тақырыбы: «Қандай құсты
білесің?»
Мақсаты: Дыбыстарды анық айту
дағдыларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.
Құрастыру
орталығы
Тақырыбы: «ҚҰстарға ұя
жасаймыз»
Мақсаты: құрастырмалы жұмсақ
ойыншықпен топтасып құрастыру және құстарға қамқорлық жасауға
үйрету,топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қоңыраумен ортаға шақыру
Екінші
айналым
Сергіту
сәті:
Қане қанат
жазайық,
Мойнымызды
созайық,
1.2.3
Құс аспанға
ұш
1.2.3
Құс аспаннан
түс,
Құстар жем
жейді,
Құстар су
ішеді,
1.2.3
Құс аспанға
ұш.
Психолог
Сандуғаш апайдың ойыны.
Бір топ
қыздардың «Қуырмаш» биі.
Қорытындылау:
«Ыстық
доп» ойынымен сұрақтар қою арқылы тақырыпты
қорыту.
-Балалар кім
қандай орталықта жұмыс жасады?
-Әдебиет
орталығында қандай құстармен таныстыңдар?
-Құстар
немен қоректенеді?
-Құстар
нешеге бөлінеді?
-Өнер
орталығында құстарға арнап не жасадыңдар?
Хор;
«Балапан» әні
Құстарды
әрдайым қорғай білейік.Еліміз аман,жұртымыз тыныш
болсын.
Балаларды
мадақтап кіріктірілген оқу қызметін аяқтау.
Күтілетін
нәтиже:
Білді: Жыл құстарының
тіршілігін ажыратуды.
Түсінді: Құстар туралы түсінік
пен олардың адамға деген пайдасы туралы
мәліметті.
Қолданды: Құстарды,табиғатты
қорғауды..