Материалдар / Құтты болсын жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құтты болсын жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық, мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»



Жүргізуші:

Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар.

Басталады Жаңа жылдық карнавал,

маска да бар, би де бар, асығындар,

шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.

Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық!


(Көңілді әуенмен балалар кіреді,жартылай шеңбер құрып тұрады)



Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата – аналар, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Олай болса, әсем әнімізді шырқайық.

Ән: «Келді бізге жаңа жыл»

Әннен кейін балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!


Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

1бала:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

2 бала:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

3 бала:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.


Балалар орындарына отырады.

«Музыка әуенімен Аю кіреді

Аю:

Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Сәлеметсіңдерме балалар!Сәлеметсіздер ме қонақтар! Бұл жерде қандай мереке болып жатыр?

Жүр:Сәлеметсіңбе Аю паң!Біз мұнда жаңа жыл мерекесін қарсы алудамыз.

Аю::Аа, жаңа жыл?Ия,ия, ия, мен жаңа жылды жылды асыға күтемін.Өйткені ол күні барлық адамдар көңілді жүреді.Балалар, мен де сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алсам бола ма?

Жүр:Ал сенің қандай өнерің бар?

Аю:Мен бір тамаша би білемін, және бұл жерге жалғыз келген жоқпын, өзіммен бірге достарымды да ала келдім.Қане достарым,бидің сәнін келтірейік.

«Аңдар биі»

Жүр:Рахмет саған Аю паң! біздің мерекемізде қалуыңа рұқсат береміз.Солай ғой балалар?

Жүр:Балалар, біздің Шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты.Ал оның шамдарын тек Аяз ата ғана жаға алады.Қане, бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.

(Балалар мен тәрбиешілер «Аяз ата» деп бірнеше рет қайталайды.)



Музыка ырғағымен «Аяз ата» кіреді.

Аяз ата:

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле, Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


Сәлеметсіңдерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар!

Балалар, мені сағындыңдар ма?

Балалар жауабы:Иә!

Аяз ата: Мен де сендерді сағындым!

Жүр:Аяз ата, сиқырлы таяғыңызбен біздің шыршамыздың шамдарын жаға аласыз ба?

Аяз ата:Әрине,менің таяғым өте сиқырлы.Қане балалар, бәріміз бірге:

Көңілді шырша,

жарқыра, жарқыра!

(2 рет қайталап айтқаннан кейін шырша шамдары жарқырайды)



Шырша шамдары жағылады.

Жүр:Тамаша!Олай болса «Шырша »әнін бірге шырқайық.

Рахмет сізге Аяз ата!Біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап жаттаған тақпақтары бар.

Тақпақтар айтылады.



Жүр:Қане балалар, енді Аяз атаға арналған әнімізді шырқайық.

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата:рахмет,балалар!Әнді өте жақсы айтады екенсіңдер!Ал енді менің сендерге қызықты ойыным бар.

(Аяз ата ортаға тұрады, балалар шеңберде тұрады)

Аяз ата:Балалар!Біз қолымыз тоңғанда не істейміз?(шапалақтайды)

Аяғымыз тоңғанда не істейміз? (топылдатады)



«Аяз атамен ойын»

«Мы погреемся немножко»



Аяз ата:Мен бүгінгі мерекеге жалғыз келген жоқпын.Өзіммен бірге немерелерімді де еріте келдім.

Олар да мың бұрала би билейді.



«Ақшақарлар» биі



Жүр:Балалар!Тағы да ойын ойнағыларың келе ме? Қазір біз 2 топқа бөлініп, себетке қар жинаймыз.

«Қарды себетке жина»



Жүр:

Қыздардың биші аяғы

Би дегенде тұра алмас

Алдарыңда би билесе

Қандай адам қуанбас



«Шыршалар биі»



Аяз ата:Жарайсыңдар балалар!Тамаша өнер көрсеттіңдер!

Жүр:Аяз ата, біздің сізге дайындаған тағы да бір тамаша биіміз бар.





«Жұппен би»

Аяз ата:Балалар, сендер бүгін ән де айттыңдар, би де биледіңдер!Енді сыйлықтарды қабыл алыңдар!

Жүргізуші:осымен бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.Жаңа жыл – жаңа табыс, жаңа бақыт, жақсылық алып келсін.Назарларыңызға рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!