Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құтты болсын Жаңа жыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
« Құтты болсын, Жаңа
жыл!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның
қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның,
Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді
ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар
ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз
ата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата -
аналар..
Музыка ойнап
тұрады.
Асима Ағзамқызының №1
дауыс жазбасы: (жүргізушінің дауысы тыс
жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз Ата шақырғанның бірі де қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық!
«МЕЙРАМ КЕЛЕ ЖАТЫР» әнімен балалар залға кіреді
Асима Ағзамқызының №2 дауыс
жазбасы: Армысыздар, аяулы
бүлдіршіндер, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, апайлар мен ағалар.
Балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына
жақта орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де
жетіпті. Ал, бүгін, балалар, қандай
мереке?
Балалар: Жаңа
жыл!
Алтынгүл
Дорветханқызы:
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Асима
Ағзамқызы:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді
ашу үшін құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ержомарт
Меруерт Әскербекқызына
берейін.
Алтынгүл Дорветханқызы: Балалар, бүгін біз Жаңа
жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып
жүріп ән салайық.
«Аппақ, аппақ
жапалақтап» әні
Алтынгүл Дорветханқызы : Балалар, ортамызда әдемі
болып тұрған не бұл?
Балалар: Шырша!
Алтынгүл Дорветханқызы: Шыршамыз қандай әдемі!
Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын
айтып береді екен?
Батырбай
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Інжу:
Әкелсін жыл
ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Олжас:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Алтынгүл Дорветханқызы: Жарайсындар, шыршаға арнаған шумақтарың өте жақсы екен! (шыршаның жанына жақындап келіп)
Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.
«ВЕСЕЛАЯ МУЗЫКА ДЛЯ
ДЕТЕЙ» әуені ойнайды, қапшықты
ашқанда , оның ішінен Клоун атып шығады. Клоун
– Асима
Ағзамқызы
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә,
бұл менмін! Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол
жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де
сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды
ойнайыншы!
Ойын: «МУЗЫКАЛЫҚ
ОРЫНДЫҚТАР» ойыны (Коко
Жамбо)
Клоун: Балалар, бізде шыршамыз бар,
әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де
бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетпей
тұр?
Балалар: Аяз Ата,
Ақшақар.
Алтынгүл
Дорветханқызы: Кәне, онда Аяз Атаны
шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата! Ақшақар!
Ақшақар!
ҚОЯН КІРІП
КЕЛЕДІ. /Полька/
Қоян – Ергенгүл
Манарбекқызы: Ойбай түрлерін қара! Неге
тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Клоун: Ал, сен неге амандаспайсың?
Әдепті жан алдымен амандасып алады дегенді білмейсің
бе?
Қоян: Білсем
бұйырмасын!
Клоун: Мұны «Айналайын» тобының
балалары біледі. Тіпті «Бөбектер» де біледі. Ал, саған тіпті ұят.
Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Клоун: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз
Атаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге
шақырмайсындар? Аяз Ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен
ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба
алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Клоун: Неге олай еттің? Аяз Ата,
Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солай ма
екен!
Алтынгүл Дорветханқызы: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Боран гуілдеп кетті ғой. Аяз Атамыз келе жатыр-ау деймін.
«БОРАН» дауыс жазбасы
Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды
Алтынгүл Дорветханқызы: Қоянымыз қатты тоңып кеткен сияқты. Ендеше, балалар, ата-аналар, қонақтар! Барлығымыз қосылып, бойымызды қыздырып, Аяз Ата келгенше хороводта жүріп көңілді би билеп алайықшы!
«ҚАЗАҚША
ЛАМБАДА» биі.
АЛЫСТАН АЯЗ АТАНЫҢ КЕЛЕ
ЖАТҚАНЫ ЕСТІЛЕДІ.
Клоун: Аяз Ата, Ақшақар келе жатыр
ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды
ұмытайық!
Балалар: Аяз Ата,
Ақшақар!
Оңғар:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз Атаны.
Димаш:
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз Атаны.
Аяз Ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау дем алғым.
Клоун:
Балалар, бір жыл бойы сағына күткен Аяз Атамыз келді! Кәне, әнге басайық!
«АЯЗ АТА» әні
Аяз
Ата: Сендерді көргеніме сондай
бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы
сөздерімізбен оның шамдарын
жарқыратайық!
«ТАУДА ТУЫП,ТАУДА
ӨСКЕН» әні
Балалар: Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтайды) Шырша
жарқырайды.
Аяз Ата: Балалар, менің қарша қызым
қайда жұр екен, кім тауып береді екен
маған?
Ұлағат
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай
жылыстап.
Ақтілек:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Ақарыс:
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны
Алдияр:
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.
Айзере:
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Аяз
Ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің
Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес.
Клоун балам, тәттілерін берейік тақпақ айтқап
балаларға.
Клоун: Аяз Ата, мен де, жұмбақтап
жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар!
«В ЛЕСУ РОДИЛАСЬ ЕЛОЧКА» әнімен Ақшақар кіреді)
Айшуақ:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортаға кел, Ақшақар,
Көптен күттік сағынып.
Ақжан:
Кел, билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
«АҚШАҚАР» биі /Қыздар Ақшақармен
билейді/
Ақшақар Алтынгүл Дорветханқызы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу
шырша! Мен бір қызықты ойынды білемін. Сендер ойын
ойнағанды ұнатасыңдар ма? Кәне, бірге ойнайық. Үйретейін сендерге.
Мен бастайын, ал, сендер жауабын айтыңдар. Хормен жауап
айтыңдар!
«ЖАУАБЫН ТАУЫП АЙТ» ойыны
Ақшақар:
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе
жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар:
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді
бізге.....
Балалар: Аяз Ата!
Ақшақар:
Шырша бүгін кәделі!
Сендер де
одан....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар:
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл!
(3
рет)
«СОБАЧИЙ
ЛАЙ» жазбасы естіледі. Ит жылы сол
дыбыспен кіреді.
ЖАҢА ИТ ЖЫЛЫ КІРЕДІ.
Ит жылы / Оңғар /
Сақ төбетпін жолдыаяқ,
Саңқылдаймын қоймай-ақ.
Бөріге қой бермеймін,
Ұрыға жол бермеймін.
Мен
әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін! - деп
тілеймін.
Аяз Ата:
Бәрекелді, қош келдің, Жаңа жыл, енді балалар тақпақтарын айтып
берсін.
Айару:
Тағы бір жыл,балалар
Жаңадан бізге келіп тұр!
Жадыратып жер бетін
Төрімізге еніп тұр.
Меруерт:
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Жазира:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Еркебұлан:
Далада қар борайды,,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп
жатады.
Төлебай:
Қане, биге
басайық
Салтанатты көңілді
Таң –тамаша жасайық,
Шалқытып шат өмірді.
«АҚҚАЛАЛАР» биі. /Ұлдар/
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз қосылып
жақсылап ән айтып жіберейікші, Аяз Атамызбен, Ақшақарымызбен, Жаңа
жыл бар, қонақтарымыз бар, бәріміз!
Ән: «Жаңа жыл!»
Аяз Ата мен Ақшақар
сыйлықтар таратады.
Ақшақар:
Мінеки, балалар, сендермен
қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі, ақылды, өнерлі
бала екенсіңдер.
Аяз
Ата:
Жаңа жылда, балалар, тек
қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу
өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек
жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар! деп кейіпкерлер
«Санта
Клаус» әуенімен шығып
кетеді.
ҚР Білім Министрлігі ШҚО «Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ «Айгөлек» балабақшасы КМҚК
«Құтты болсын Жаңа жыл!»
«Айналайын» мектепалды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігінің бағдарламасы
Тәрбиешілері:
Ағзам А.А.
Дорветхан А.