"Құттықтаймын мама"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құттықтаймын мама"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың анаға деген махаббатын әнмен, өлең жолдарымен, бимен жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анашым мерекеңмен!

Музыканың ырғағымен қолдарына гүл шоқтарын ұстап,шеңбер бойынша тұрады.

Жүргізуші:Құрметті аналар, апайлар, балалар,8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз.Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін меркемізге қош келдіңіздер!

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын


Біз ғана емес

Қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір балалар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!


Ән «Анаға сый»

(Орындарына отырады)

Жүргізуші:-балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Шешуін таба аламыз ба?

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар:Ана, ана, ана.

Жүргізуші: Әрине, бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

1-бала: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым, сегізінші наурызбен.

2-бала:Мені жақсы көреді,күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі, маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын, Анашымды сыйлаймын.

Жүргізуші:Балалар,қараңдаршы, бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты.

Музыканың ырғағымен «Көктем кіреді»

Көктем:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сәлеметсіздерме асыл аналар, ардақты әжелер! барлықтарыңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауға арнайы келіп отырған жайым бар.


Жүргізуші:Сенің келгенін қандай жақсы болды, біздің балаларымыз сені ұзақ күтті.Солай емес пе, балалар?


Балалар: Иә!


Олай болса, ортамызға қош келдің!Жақсылап жайғасып, біздің балаларымыздың аналарына, әжелеріне дайындаған әндері мен билерін бірге тамашала.

Би: «Ана туралы жыр»


Көктем:Бәрекелді, жақсы билейді екенсіңдер,енді менің сендерге арнаған бір керемет ойыным бар.

Ойын:Кім жылдам?

Бүгін аналарымыз бен әжелереміздің мейрамы болғандықтан, сол кісілермен бірге ойнап көрейік.Ол үшін ортаға 1 анамыз бен әжемізді шақырайық.Және де, осы кісілер өздерінің балаларымен бірге ойнайды.Анамыз бен әжемізді мына орындықтарға жайғастырайық.

Музыка басталғанда балалар, сендер мына кәмпиттерді бір-бірден алып, аналарына және әжелеріңе апарып берулерің керек.Және де әр апарған сайын беттен сүюді де ұмытпау керек.Ойын шарты түсінікті ме?

Олай болса, бастаймыз.


Көктем:Жақсы, жарайсыздар!Ойыным ұнады ма?

Жүргізуші:Иә, көктем сен келіп ең, барлық балалардың, адамдардың көңілдері біраз көтеріліп қалды.Саған рахмет!


Көктем:Иә, енді мен балалардың ән айтқандарын тыңдағым келіп тұр.


Жүргізуші:Жақсы, олай болса қазір біздің балаларымыз асыл әжелеріне арнап, өздерінің әндерін сыйға тартады.


Ән:Әжем менің мейірбан


Көктем:Балалар, мен сендерге қонаққа келгеніме өте қуаныштымын, көңілім де көтеріліп қалды.Бірақ мені басқа балабақшадағы балалар да күтіп отырған болар.Мен тезірек соларға барайын.Қош сау болыңдар!


Жүргізуші:Бізде сенің келгеніңе өте қуаныштымыз, әрдайым осылай жайдары қалпыңмен, нұр-сәулеңді шашып жүре бер.


Ал біз ертеңгілігімізді жалғастырамыз.

О анашым, неткен жансың мейірімнен жаралған,

Мәңгілікке арамызда шалұып-тасып жүр аман

Егер де сен еш ауырмай күліп-ойнап қуансаң,

Бұл тәңірден одан басқа ешбір тілек сұрамаң.

Өмірдегі ең асыл жан-Ана.Сол үшін балалар, аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.


Ән:Айналайын ақ мамам.


Енді біздің балаларымыз өздерінің шағын ғана дайындаған көріністерін көрсетсін.


Көрініс:Отбасы

Олай болса, ендігі кезекте біздің қыздарымыз өздерінің аналарына арнаған билерін тарту етсін.


Би: «Самые маленькие»


Жүргізуші:Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі