Материалдар / «Құттықтаймын, мама!»

«Құттықтаймын, мама!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценарийі«Құттықтаймын, мама!»I кіші топ



Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру-анасына сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: жүргізуші, балапан, қуыршақ.Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: күн, гүлдер, орамалдар, құмыралар, сары таспалар, қуыршақ, ойыншықтар, кәмпит, балапанның суреті.Залдың безендіруі: перделерде үлкен күн орналасқан және музыкалық зал мереке сай безендірілген.Репертуар:
  • Әндер:
  • «Анамды сүйем»
  • «Мамамның мерекесі»
  • Билер:
  • «Күн шуақ»
  • «Ойыншықтар»
  • «Орамалдармен»
  • Ойындар:
  • «Гүлдерді жина»
  • «Кәмпитті қуыршаққа бер»
  • «Ойыншықты ұйықтатқыз»










































Ертеңгілік барысы:Балалар музыкамен залға кіріп шеңбер жасайды.Жүргізүші: Сәлеметсіңдерме қымбатты балалар, құрметті әріптестер, сіздерді біздің ертеңгіліктерімізде көруге өте қуаныштымыз. Балалар, қараңдаршы залымыз қандай әдемі болып қалды. Күн сендерді көріп қуанып қалды, қатты қарқырай бастады. Өздерің өте әдемісіңдер ғой. Қалай ойлайсыңдар, бүгін қандай мереке?Балалар: Аналар мерекесі.Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Иә, бүгін аналар мерекесі. Ал қазір мерекемізді бастайық! Аналарымызды құттықтайық!1 бала:Ананың біз гүліміз,Ана біздің күніміз.Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.2 бала:Күлімдеген көзіңКүннің нұрындай,Ұлым деген сөзіңАқын жырындай. 3 бала: Бүгінгі көктем күнінде,Барлық адам қуанар,Аналарды мейрамменҚұттықтайды балалар!4 бала: Еркелесем күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп меніҚұлыншағым күнім, - дейтін.5 бала: Айналайын анашымЖұмысқа сен барасыңҚайтіп мені көргеншеШын сағынып қаласың.Жүргізуші:Қандай бала болмайық,Анамызға балдаймыз,Көтерейікші көңілінӘн айтайық бәріміз.Ән «Анамды мен сүйемін» (балалар кілемнің бойымен тұрып әнді орындайды. Әннен кейін отырады)Жүргізуші: Балалар, күнге қараңдаршы. Сендердің әндерің оған өте ұнады. Оның шуақтары жарқырап кетті ғой. (күнге жақындап барады, терезе алдында балапанның суреті жатыр)Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, мынау кім?Балалар: Балапан.Осы кезде музыка ойнайды залға Балапан кіреді.Жүргізуші: Міне, балапан да келіп қалды.Балапан: Пи-пи-пи, сәлеметсіңдер ме балалар! Мен балапанмын, менің атым Шөже. Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Шөжетай. Балалар: Сәлеметсің бе.Балапан: Мен балабақшаның қасынан өтіп, әсем әнді естіп қойдым. Сендерде мереке болып жатыр ма? Жүргізуші: Иә. Бізде бүгін аналар мерекесі болып жатыр.Балапан: Ал сендермен мерекені өткізуге бола ма? Өтінем! Мен сендермен ән айтамын, би билеймін, сендерге ойын ойнатамын.Жүргізуші: Әрине, қал Шөжетай.Балапан: Рахмет!Мен балапан, балалан,Кел билейік, балақан.Орамалды қолға алыпБи билейік, шадыман.Жүргізуші: Балалар балапанға би билеп береміз бе? Қане балапан сенің әдемі орамалдарыңды алып билейік.Би «Орамалдармен билейміз»Жүргізуші: Көрдің бе балапан, балалар жақсы билей алады.Балапан: Сендердің билерің маған өте ұнады. Сондықтан мен сендерге мына орамалдарды сыйлаймын.Жүргізуші: Біздің балаларымыз да саған сыйлық сыйлайды.Ойын: «Гүлдерді жина»Ойын шарты: жерге гүлдер шашылады. Музыкамен балалар гүлдерді жинайды, екі құмыраға салады.(Жүргізуші бір құмыраны балапанға сыйлайды)Балалпан: Рахмет сендерге, балалар! Гүлдерің өте әдемі. Мен де барып осы гүлдерді анама сыйлайын. Сауболыңдар!Жүргізуші: Саубол, балапан. Ал біз мерекені жалғастырайық, анамызға ән айтайық.Ән-би «Мамамның мерекесі»Жүргізуші: Балалар, біздің күніміз тағы жарқырап кетті ғой. (Күнге жақындайды) Көрейік. (Терезе алдынан қуыршақты шығарады) Балалар бұл не?Балалар: Қуыршақ.Жүргізуші: Қуыршақ жай емес. Ол сиқырлы қуыршақ. Егер біз оған кәмпит берсек ол тіріліп қалады. Ойын: «Кәмпитті қуыршаққа бер»Ойын шарты: Балалар шеңбер құрайды. Балаларға үлкен кәмпит беріледі. Балалар бір біріне музыкамен кәмпитті береді. Музыка тоқтаған кезде, кәмпиті бар бала қуыршаққа апарады. Ойыннан кейін балалар отырады.(Жүргізуші қуыршақты қолында ұстап кәмпит қолына салады, сосын музыкамен тез жүгіріп қуыршақ киінген балаға кәмпит ұстатқызып алып келеді.)Қуыршақ:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Балалар: Сәлеметсіз бе!Қуыршақ: Қуыршақпын әдеміСізге келдім арнайыСыйлықтарды әкелдімБилеуге мен әзірмін.Жүргізуші: Балалар, қуыршақ бізге ойыншықтарды әкелген екен. Біз осы ойыншықтармен қуыршаққа би билейікші. Ән-би «Ойыншықтар»Қуыршақ: Билерің өте әдемі. Ал мен ойыншықтармен бір жақсы ойын білемін.Ойын «Бала уату»Ойын шарты: Көңілді музыка ойнаған кезде балалар көңілді билейді, Ақырын музыка ойнаған кезде балаларойыншықтарын жерге жатқызады, ұйықтатқызады.Қуыршақ: Сендермен, уақыттық көңілді өткіздім. Бірақ маған қайту керек.Жүргізуші: Қуыршақ, мына гүлдерді саған сыйлаймыз! (екінші құмыраны сыйлайды)Қуыршақ: Рахмет! Мен оны анама барып сыйлаймын. Сауболыңдар!Бәрі:Саубол!Жүргізуші: Балалар, мерекеміз өте көңілді. Ал күніміз мұңайып қалған сияқты. Біз оның көңілін көтерейікші. Би билеп берейікші.Би «Күн шуақтары» (балалар сары таспалармен билейді)Биден кейін балалар шуақтарын күн сияқты қалташаға салады. Жүргізуші: (күннің екінші жағында тағы бір қалтасы бар, ішінде кішкентай күндерде клейлеген кәмпиттері жатыр)Балалар, қараңдаршы, күн бізге сыйлық беріп жіберді. (Ашып қараса, ішінде кәмпиттер). Ал балалар, орындықтарға түзу отырайық. Музыкамен балаларға күндер таратылады.Жүргізуші: Балалар, күнге не ату керек? Рахмет! Ал балалар, осымен мерекеміз де аяқталды. Біз де топқа барып мерекені жалғастырайық. Сауболыңдар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ