Материалдар / ҚҰТЫРУ (Rаbіеs)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚҰТЫРУ (Rаbіеs)

Материал туралы қысқаша түсінік
Құтыруға үй және жабайы жылы канды жануарлардың барлық түрі, сондай-ақ адамдар да бейімді. Вирусқа ең көбірек иттер қатарынан (түлкілер, жанат тәрізді иттер, қасқырлар, қорқау қасқырлар), сусар, кеміргіштердің кейбір түрі және мысықтар қатарынан жабайы аңдар сезімтал келеді. Адамдар, иттер, мүйізді мал, жылқы, шошқалар бірқатар дерлік аз сезімтал келеді. Құстардың бейімділігі төмен екендігі анықталған. Жас малдар ересек малдарға қарағанда вирусқа көбірек сезімтал болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
172
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚҰТЫРУ (Rаbіеs)—жылықандылардың барлығына қауіпті жұқпалы ауру. Тістеу арқылы берілуімен және орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.

Қоздырушысы — рабдовирустардың тұкымдарынан ірі РНК -ісі бар вирус. Ең жоғарғы титрларда оны ауру малдардың мыйынан, әсіресе амиондық мүйізшелерден, үлкен мый сыңарынан, қаракұс мыйынан, сопақ мыйдан табуға болады, жұлында, сілекей және көз жасы бездерінде, сілекейде вирустың титрі әжептәуір болады.

Індеттік мәліметтер. Құтыруға үй және жабайы жылы канды жануарлардың барлық түрі, сондай-ақ адамдар да бейімді. Вирусқа ең көбірек иттер қатарынан (түлкілер, жанат тәрізді иттер, қасқырлар, қорқау қасқырлар), сусар, кеміргіштердің кейбір түрі және мысықтар қатарынан жабайы аңдар сезімтал келеді. Адамдар, иттер, мүйізді мал, жылқы, шошқалар бірқатар дерлік аз сезімтал келеді. Құстардың бейімділігі төмен екендігі анықталған. Жас малдар ересек малдарға қарағанда вирусқа көбірек сезімтал болады.

Қоздырушының көзі — вирусты сілекейімен сыртқа шығаратын және қабу-тістеу арқылы тарататын ауру жануарлар. Сілекей аурулар белгілерінен 8—10 күн бұрын зарарлы бола алады. Сілекейдің кілегейлі қабықтарға немесе зақымданған теріге түсуіне байланысты залалдану пайда болуы мүмкін. Олар осы аурудың тістеу арқылы берілу механизмін заңды түрде қоздырушыға тән етеді. Залалданудың болуы сілекейдегі вирустың концентрациясына, сілекейлену дәрежесіне, жараның орны мен сипатына байланысты.

Патогенезі. Ауруға бейімді мал залалданғанда вирус нерв талшықтарымен өсіп-өнетін және диффуздық іріңсіз энцефалит тудыратын жұлын мен мыйға қарай жылжыйды. Одан кейін нерв жолдарымен енді сырт бағытына қарай жылжый отырып, вирус сілекей бездеріне түседі, нерв түйіндерінде өсіп-өнеді және олардың клеткаларын дегенерация жасаған соң сілекейге түседі.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін, бірақ бәрінен көбірек, 3 – 6 аптаға созылады.

Иттерде кұтырудың бірнеше формасы бары белгілі. Құтырған хайуанның алғашқыда мінезі өзгереді. Ит енжар, тыңдамайды немесе өте мейірімді. Біртіндеп мазасыздық пен ашушаңдық ұлғаяды, тәбет қалыптан тыс бұзылады, тістелген жердің дуылдауы мүмкін. Одан кейін жұтыну қиындайды, сілекейдің бөлінуі күшейеді, қырылдап үру пайда болады, агрессивтігі күшейеді. Жақын арада-ақ құтырудың қозуы басталады. Қашып кетуге әрекеттену тән. Тәулік ішінде ит жолдағы кездескен малдар мен адамдарға шабуыл жасай отырады. Біртіндеп дауыстың біржола жойылуына, төменгі жақтың салбырап кетуіне, қылый көз болуына әкеп соғатын бұлшық еттердің жансыздануы дамиды. Артқы аяқтарының, одан соң дененің, алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінің жансыздануы дамыйды. Ауру 8—11 күнге созылады, бірақ көбінесе бұдан кейін 3—4 күннен соң-ақ өледі.

Ауру иттердің жүдеуімен, гастроэнтерит белгілерімен, параличтің кешеуілдеп дамуымен, агрессивтіктің жоқтығымен сипатталатын құтырудың атиптік формалары өте сирек кездеседі. Аурудан айырумен бітетін және құтырудың қайталамасы болатын аурудың абортивті өтуі одан да сирек кездеседі.

Паталогоанатомиялық өзгерістерінің тәндігі жеткіліксіз. Өлексені қарағанда арықтықты, тістелген жердід орнын көруге болады. Бас пен мойынның жүні әдетте сілекейленген болады. Ішін жарғанда ішкі органдардың толық қанталауы белгі береді. Асқазан әдетте бос бірақ ет қоректілерде оның ішінен әртүрлі жеуге жарамсыз заттар табылуы мүмкін. Асқазан мен аш ішектердің кілегейлі қабықтары катаральді қабынған, әр жерде қан құйылу бар. Мый мен оның қабығы ісінген, нүктелі қан құйылулар білінеді.

Диагнозын. Гистологиялық зерттегенде диффуздік іріңсіз энцефалитті анықтауға болады. Дән тәрізді құрамнан тұратын көлемі 0,5—30 мкм полиморфты қосылысы бар Бабеш — Негри денешігі нейронының цитоплазмадан табылуы диагностикалық маңызы зор. Бірақ, малдар аурудың бас кезінде өлтірілген болса, бұл денешіктердің болмауы мүмкін. Шамалау диагнозын індеттік және клиникалык көрсеткіштерді ескеріп қояды. Лабораторияра уақ малдардың өлексесін немесе басын, ал ірілерінен — басын немесе мыйды әдейілеп апарады. Өлекселер мен бастарды қос қабат полиэтилендік қаптармен немесе дымқыл өткізбейтін металл контейнерлермен жібереді, ал мыйды жәшікке орнатылған тығыз жабылатын шыны банкалармен жібереді. Лабораторияда Бабеш-Негри денешігін табу үшін әуелі мыйды микроскопиялық зерттеуден өткізеді. Бірақ, ол табылмаған жағдайда да құтыруды есептеп шығармайды.

Ем жасалмайды. Ауырған малдарды жедел өлтіреді.

Иммунитет. Антирабикалык иммунитеттін, механизмі жеткілікті тексерілмеген. Вакцинацияның нәтижесінде нерв клеткаларының вируске сезімталдығын төмендететін биохимиялық өзгерістер болатындығы болжалынады.

Иттер мен мысықтарға сақтық үшін егуге құрғақ антирабикалық формолвакцинаны қолданады.

Сақтық пен күресу шаралары. Құтырудың міндетті түрдегі табысты профилактикасы —иттер мен мысықтарды асыраудыд тәртібін сақтау мен иесіз жүрген хайуандарды құрту. Малдәрігерлік мамандары жыл сайын иттерге профилактикалық вакцинация жасайды. Қазіргі уақыттағы құтырудың маусымдылығын ескере отырып, ауылдық жерлердегі иттердің жаппай профилактикалық вакцинациясын тамыз — қыркүйек айларында жүргізу тиімді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!