Құзіреттілікті арттыруда өзіндік жұмыстың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құзіреттілікті арттыруда өзіндік жұмыстың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мектеп бітіруші түлектерге және студенттерге арналған. Интеллектуалды дамыған, ойы шығармашыл, жоғары кәсіби дайындықпен, кез-келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын азаматтардың қажеттілігі айтылған. Мақала арқылы болашақта заман талабына сай құзіретті тұлға бола білудің маңыздылығын ұғына отырып, өзіндік жұмыс, студенттің өзіндік жұмысы ұғымдарына толықтай ақпарат ала алады. мақаланы жас мамандар, педагог ұстаздар қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құзіреттілікті арттыруда өзіндік жұмыстың маңызы

Қазіргі жағдайда білім берудің алдыңғы қатарлы мақсаттарында өзгерістер енуде. Елімізде әлеуметтік жағдай білім беру саласында, соның ішінде тұлғаны дамыту секілді маңызды өзекті мәселелердің бірін өз алдына қойып отыр. Үкімет талабымен қатар дара тұлғаның өзіндік дамуында қажетін қанағаттандыруға көп көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуінде ұлттық білім беру жүйесінің дүние жүзілік стандартқа сай, қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең мағызды мәселе ретінде қаралып, Қазақстан Республикасының түгел дерлік бағдарламалық құжаттарынан өзінің көрінісін табуда.

Интеллектуалды дамыған, ойы шығармашыл, жоғары кәсіби дайындықпен, кез-келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын азаматтарды тәрбиелеуде, жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің маңызы зор.

Көптеген педагог-методистердің ойынша мұндай талаптарды орындау үшін студенттердің информациялық оқу әдістерінен белсенді білім алу әдістеріне көшу, түрлі өз бетінше жұмыс жасау, іздену сияқты жолдары қажет.

Өзіндік жұмыс әрекеттері – білім алушылардың ең басты шығармашыл танымдық іс-әрекет формаларының бірі. Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік жұмыс бос ауқытты үнемді пайдалануға бейімдейді. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанын, яғни мақсаттың дұрыс қойылғанын көрсетеді.

Студенттердің өзіндік жұмысы ─ бұл оқу-танымдық іс-әрекетінің өздігінен білім алудың жоғарғы, спецификалық формасы (түрі) ретінде қарастырылады.

Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың өлшемінің көрсеткіштері жоғары оқу орындары түлегінің өзгеретін ортаға, қоғамға тез бейімделе алуы, түлектің жаңа мамандықтарды меңгеруге уақыт пен күш шығармай еңбек ете алатын сабақтас салалардың саны, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті және жүйелі түрде басқару дағдысының болуымен анықталады.

Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы бола отырып, оның субъекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық детерминанттарға ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады. Өзін-өзі реттеу түсінігін психологиялық тұрғыдан И.П. Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин негіздеген, яғни олардың түсінігі бойынша адам - кемеліне жеткен, өзін-өзі оқытушы, өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі реттеуші жүйе.

Ғалым Б.Т.Кенжебековтың пікірінше, «жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтқанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады» — деп айтылады. Ғалымның пікіріне сүйене отырып, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында олардың жеке тұлға ретіндегі психологиялық ерекшеліктеріне де баса назар аудару қажеттігін аңғаруға болады.

Студенттер – жоғары білім институты ұйымдастыруымен біріктірілген ерекше әлеуметтік категориядағы адамдардың жиынтығы.

Студенттік ортаның әлеуметтік-психологиялық категория ретіндегі проблемаларын зерттеуде Б.Г.Ананьевтің зерттеулері мен оның психологиялық мектебінің еңбегі ерекше. Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальперин, сондай-ақ Л.И.Божович, В.А.Сластенин, В.А.Якунин және т.б. зерттеулерінде кең көлемде бақылау нәтижелері жинақталған, аталған проблема бойынша жасалған тәжірибе қорытындылары мен теориялық мәліметтер берілген. Бұл зерттеулердің қорытындылары студентті белгілі бір әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициясы бар оқу әрекетінің ерекше субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Студентті белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде төмендегідей үш жағынан сипаттауға болады:

  1. Психологиялық жағынан олпсихологиялық процестің, жағдайдың және тұлға қасиетінің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан алғанда психологиялық қасиет (бағыт, темперамент, мінез, қабілет) негізгі роль атқарады, себебі ол психологиялық процестің өтуіне, психологиялық жағдайдың пайда болуына, психикалық пайымдаулардың пайда болуына әсер етеді. Алайда жеке студентті зерттеу барысында сонымен қатар әр адамның ерекшелігін, оның психологиялық жағдайы мен қасиетін ескеру керек.

  2. Әлеуметтік жағынан алғанда студенттің қандай да бір белгілі әлеуметтік топқа, ұлтқа, т.б. жататындығына байланысты туатын қоғамдық қатынастар көрініс табады.

  3. Биологиялық жағы студенттің жоғары нерв қызметінің типін, анализаторларының құрылысын, шартсыз рефлекстерінің, инстинктерінің, физикалық күшінің, дене құрылысының, бет-бейнесінің, терісінің, көзінің, түсінің, бойының және т.б. ерекшеліктерін қарастырады. Биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылықпен, туа біткен нышандармен белгілі болады, бірақ белгілі жағдайларда өмір сүру шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай қырларын зерттеу студенттің білім сапасы мен мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктері мен тұлғалық ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Егер студентке белгілі бір жас шамасында адам ретінде қарағанда ол қарапайым, аралас және сөз сигналына реакциясының төменгі деңгейімен сипатталады.

Басқа жас шамаларымен салыстырғанда бозбалалық шақта оперативті есте сақтаудың, вербальды-логикалық мақсаттарды шешудің жоғары деңгейі байқалады. Сөйтіп, студенттік жас кезеңі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік дамуға негізделген адамның ең жоғары нәтижеге қол жеткізетін шағы болып табылады.

Егер студентті жеке тұлға ретінде зерттейтін болсақ, 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді даму кезеңі, адам мінезінің қалыптасу және орнығу кезеңі және ең негізгісі, адам бойында азаматтық, кәсіби-еңбек және т.б. әлеуметтік рольдердің берік қалыптасатын кезеңі болып табылады. Бұл кезең «экономикалық белсенділік» кезеңінің басталуымен де тығыз байланысты. Демографтар «экономикалық белсенділік» кезеңі деп адамның дербес өндірістік қатынастарға түсуін, еңбек жолының басталуын және отбасы құруын айтады.

Бір жағынан құндылық бағыттары жүйесінің, себеп-салдардың өзгеруі, екінші жағынан кәсіби – мүмкіндіктерінің өсуіне орай студент қабілетінің белсенді қалыптасуы бұл кезеңді адам мінезі мен интеллектісін қалыптастырудағы негізгі кезең ретінде ерекшелейді. Бұл – спорттағы рекордтар кезеңі, көркем, техникалық, ғылыми жетістіктер кезеңі.

Студенттік кезең адамның сондай-ақ интеллектуалдық жағынан және физикалық жағынан дамуына әсер ететін көптеген факторлардың пайда болуымен де ерекшеленеді. Алайда бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыруда қайшылықтар да көп кездеседі.

Көптеген бірінші курстықтар өз бетімен жұмыс жасау дағдысы болмауына байланысты үлкен қиыншылықтарға кездеседі: олар лекцияларды конспектілей алмайды, оқулықтармен, оқу құралдарымен, басқа көмекші құралдармен жұмыс жасай алмайды. Кең көлемді мәліметтерді талдай алмайды, өз ойын нақты және дәл жеткізе алмайды, белгілі бір факт бойынша өз ойын білдіре алмайды. Кәсіби бағыттылығы әлі қалыптаспаған студенттің мұндай қиындыққа кездесуі олардың өздігінен жұмыс атқаруға деген ынтасын төмендетеді, өзіндік жұмыстың үстірт орындалуына, оның мақсатын жете түсінбеуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, өзіндік жұмысты студенттің мүмкіндігіне қарай даралап беру жолға қойылмай отырғандығы белгілі. Бүкіл аудиторияға ортақ жұмыс түрлерінің басым болуы осы кезге дейін негізгі орынды алуда. Мұндай тапсырмаларды орындау үстінде студенттер оқулықтар мен қосымша әдебиеттердегі материалды қопарып көшіріп, семинарлық сабақта оны оқып берумен шектеледі. Мұның барлығы оқытушы ролінің маңыздылығын көрсетеді.

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алсақ, өзіндік жұмыстың қай түрі болса да, оның студенттердің оқу әрекетіне жататыны белгілі. Ал оқу әрекетін ұйымдастыру оқытушының шеберлігін, студенттердің қызығушылығын тудыруын, олардың алдына мақсат қоя білуін, мақсатты шешуге жағдай жасауын, оны кәсіби тұрғыда шешетіндей міндет жүктеуін қажет етеді. Бұл өзіндік жұмысқа байланысты оқытушыға жүктелетін мәселе болса, енді тікелей студенттің әрекетіне байланысты мәселе-мақсатты әрекет ету, ойлану, ой қорыту, дұрыс шешім қабылдау, нақты нәтижеге қол жеткізу. Осындай құрылымнан тұратын өзіндік жұмыс нәтижесінде студент өздігінен білім алудың көзін ашады, кәсіби бағыттылығы қалыптасады.

Сонымен, өзіндік жұмыстарды іріктеу кезінде студенттердің оқу үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері ескерілуі қажет. Яғни өзіндік жұмыстар арқылы кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың төмендегідей компоненттерін негізге алу қажет: мотивациялық-құндылылық, мазмұндық, нәтижелік-бағалау.

Мотивациялық-құндылылық - түрлі формада ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар негізінде студенттерде кәсібіне деген қызығушылықтың тууы;

Мазмұндық - кредиттік жүйемен оқытудың жаңа мазмұнына сәйкес өзіндік жұмысты саналы орындау кезінде әдіс-тәсілдерді сараптап қолдана алатын, өз ісінің қорытындысын жасау мүмкіндігі бар, өзіне-өзі баға бере алатын бағытты маман тұлғасын қалыптастыру;

Нәтижелік-бағалау - орындалған өзіндік жұмыстар нәтижесіне сын көзбен қарайтын, бағалау өлшемдерін жақсы меңгерген, өзінің және өзгенің ісін бағалай алатын тұлға қалыптастыру.

Сонда ғана студенттердің өзіндік ізденіс жұмыстары, қабылдаған білімдерін тереңдете отырып бекітеді және де болашақ іс-әрекетіне шығармашылық тұрғыдан кірісуге мүмкіншілік береді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тоериялық мәселелері. Әдестемелік құрал. –Алматы: Riso, 2005

  2. Сабақ процесіндегі оқытушы шеберлігінің маңызы //Халықаралық ғылыми–практикалық конференция.- Алматы, 2007.

  3. Жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс тәсілдері. //Алматы ұлттық университетінің Хабаршысы , № 2/2010.

  4. Фомина М.В., Нотова С.В., Барышева Е.С., Науменко О.А. «Особенности самостоятельной работы на занятиях по Валеологии»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі