Материалдар / Қуатты мемлекет елбасы еңбегінің жемісі атты тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қуатты мемлекет елбасы еңбегінің жемісі атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың жеткен жетістіктері туралы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
752
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КАСПИЙ ӨҢІРІ "БОЛАШАҚ" КОЛЛЕДЖІ

 








Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің БТЖЖО Г.Б.Джакаева __________
20__ ж "___" __________







Тақырыбы: Қуатты мемлекет-Елбасы еңбегінің жемісі (топ сағаты).






Дайындаған: Усенова Б.С.

Тобы: П-20-1














АҚТАУ – 2020 жыл

«Қуатты мемлекет-Елбасы еңбегінің жемісі»





Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент – егіз ұғым. Бүгінде кіммен пікірлессеңіз де осылай ой сабақтайды. Шындығында да Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында Елбасының сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тұңғыш Президент күнінің 1 желтоқсанға белгіленуі де тегіннен-тегін емес. 1991 жылы дәл осы күні елімізде алғаш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізілді. Бұл содан кейінгі барлық жақсылықтардың, әсіресе, Қазақстан тәуелсіздігінің хабаршысы іспеттес болды.

Генерал Сералиев

Ширек ғасырға жуық уақыт бойы елімізде басқа салалармен бірге ішкі әскерлер де дамып келеді. 1992 жылғы 10 қаңтарда мемлекет басшысы алғашқылардың қатарында ішкі әскерлер құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал сол жылы 23 маусымда «Қазақстан Республикасындағы ішкі әскерлер туралы» Заңға қол қойылды. Бұл ішкі әскерлердің мақсат-міндеттерін айқындап берген тұңғыш құқықтық құжат еді.

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары қылмыс көбейіп, мемлекет пен құқық қорғау органдары қауіп-қатердің жаңа түрлерімен бетпе-бет келді. Міне, осындай кезде ішкі әскерлер алдында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындарды қылмыстан қорғау міндеті тұрды. Әскери қызметкерлер осы міндетті барынша адал атқарып келеді.

Әскерлердің қазіргі заманғы талаптарға сай болуы Елбасының үнемі назарында. ҚР Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі Жарлығымен ҚР ІІМ ішкі әскерлері ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылды. Бұл бізге бұрынғыдан да айрықша жауапкершілік жүктейді.

Осы уақыт ішінде Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында  құқықты әскеріміз аяғын нық басып, тік тұрды деуге негіз бар. Жыл сайын буыны бекіп, қуаты артып келеді.Еліміздің  құқықтық әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі.

Бүгінгі  таңда Ұлттық ұлан  әскерлері өздерінің кәсіби шеберлігімен, жауынгерлік даярлығының белсенділік деңгейімен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшелінеді.

Халықтың қауіпсіздігін, азаматтардың болашаққа сенімділігін арттыратын, еліміздің бейбіт өмір сүріп, дамуына жағдай жасайтын армияның алар орны ерекше.

Ер азаматпын деп санайтын әрбір жан үшін ең басты міндет – Отан қорғау. Елбасымыз айтқандай, патриоттық рух бізге ауадай қажет.

 Дәл осындай іс-шаралардың патриотты ұрпақ тәрбиелеуде маңыздылығы зор екендігі сөзсіз. Бүгінде еліміздің   әскерінің біз тәуелсіздігіміздің қорғаны деп мақтанышпен айта аламыз.

Елбасыға деген халық сенімі тұңғыш Президент күнін кең көлемде атап өтуге серпіліс беруде. Осыған орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде де салтанатты жиындар өтіп, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылуда.

Кітапханаларда Елбасының өмір жолы туралы фотокөрмелер мен стенділер жасақталса, клубтарда деректі фильмдер көрсетілуде. Осындай шаралар кезінде әскери қызметкерлер  Елбасының Ұлт көшбасшысы ретіндегі рөлін одан сайын терең сезіне түсуде.

Сондықтан да осы мерекені халық тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаған Елбасыға деген шексіз құрмет, ерен дамудың даңғыл жолына салып отырған тарихи Ұлы тұлғаға деген ілтипат ретінде қабылдады.

Шындығына келгенде, еліміздің Тұңғыш Президентіне Елбасы атағын халық әлдеқашан беріп қойған еді. Еліміздің Парламенті оны тек заңды тұрғыдан ғана бекітті.

Елбасының әлемдік деңгейдегі қабілет-қарымына, саяси іс-қимылына, экономиканы алға жылжыту жолындағы тиімді саясатына, уақыт талабына сай ойластырылған стратегиялық ұстанымдарына қалтқысыз сенген қазақстандықтар өзінің Тұңғыш Президентіне, екі тізгін бір шылбырды тең ұстаған Елбасына әрқашан қолдау білдірді, білдіріп те келе жатыр. Тізгіннің берік қолда екендігі қазіргі дағдарыстан да дағдармай шығатынымызға, еліміздің еңсесі бұүсетініне нық сенім ұялатады.

Өз кезегінде Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Ұланының  әскерлері құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік, әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ұландықтар әскери жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде.

Өзінің   жиырма бес жылдық мерекесі аясында   Ұлттық Ұлан әскерлерінің  атқарған игі шаралары жетерлік. Ең бастысы – олар жастарға Отанды қорғау, Президент пен халыққа жан аямай еңбек ету, елді сүю, ант пен парызға адал болудың жарқын үлгісін көрсетіп жүр. 

Сөз соңында айтарымыз қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге қабілет– қарымын көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері, Президент Н.Назарбаев айтқандай, “даңқты өткенімізден күш ала отырып”, өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенеміз. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!