Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
1937-38 жылдардағы саяси репрессия құрбындарына тағзым. Іс-шара (көрініс) жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Тарих - ұмытылмайды, ондағы оқиғалар айлар мен жылдарда ғана емес тіпті ғасырлар бойы зерттеліп өз кезегінде әділ бағасын алады. Тарих тағылымында тарызыға түскен тағдырлар қазіргі таңда — елдің бірлігі мен рухани жаңғыруының темірқазығына айналды. Осыған дәлел, өшкен үмітті ояту, ұмыт болған есімдерге тағзым ету мақсатында 1997 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ретінде белгілеген еді. Бұл — тарихтың үнсіз егіліп тұрған тұсы, халықтың жүрегінде мәңгі өшпейтін жара. Қаншама жазықсыз жандардың тағдыры тапталып, үні өшкенмен, олардың рухы — ұлт жадында мәңгілік. Сол бір қаралы жылдардың зұлматын ұмытпау — болашаққа деген адалдықтың, өткенге деген құрметтің белгісі.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі — тек тасқа қашалған әріп емес, олар — азаттықтың ақ таңы үшін жанын қиған ардақтылар. Біз олардың арманын жалғаған ұрпақпыз. Сондықтан олардың әрбірінің есімін құрметпен еске алу — тарихи әділеттілікті орнату жолындағы маңызды қадам.Міне, осы бір ұлы мұрат жолында, ел жадынан өшіп бара жатқан есімдерді жаңғыртып, олардың рухына тағзым ету — біздің азаматтық парызымыз. Өйткені өткенсіз болашақ жоқ.

Тарихты танып, тағдырды түсінген ұрпақ қана өз жолынан жаңылмайды. Осы бір алып мақсат жолында жүрген қазіргі ұлттың ұстаздары, қоғам жанашырлары да аз емес.Олардың түпкі ойы- жастардың рухын ояту, тарихқа деген тағылымын тереңдету болса керек. Осындай ұлағатты ұстаздың бірі – Айтбайқызы Назия. Ол студенттердің санасын сол бір қуғын-сүргін жылдарына жетектей апарып, қыршыннан қиылған қаншама Алаш азаматтарының ерлігін, сұрапыл жылдың әділетсіз айыпталған құрбандарын көз алдарына әкеліп, жүректеріне отаншылдықтың шоғын жаға білді.Оның жәй ғана дәріс ретінде емес өткеннің шерін шертіп, ел тарихының ең ауыр парақтарын аршып көрсететін рухани жиынында тағы да жаныңды түршіктірер көріністер қойылды. Әрбір студентті театр актері дерсің, оның бір себебі өзі орнын басып тұрған тұлғаның жан дүниесін сезінгісі келген болар деп топшыладым.Әдеттегідей, бұл шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Журналистика факультетінің 1-курс студенттерінен бес топ қатысты.

Бұл жолғы шара ерекше форматта өтті – әр топ белгілі бір Алаш арысының өмірінен үзінді көрсетіп, тарихты сахна арқылы сөйлетті.101-топтың қойылымы Әлихан Бөкейханұлына арналды. Студенттер оның сайлау алдындағы ұлт болашағы үшін айтқан жалынды сөздерін қайта тірілткендей әсер қалдырды. Әлиханның “Ұлтқа қызмет – мінезден” деген сөзі сахна төрінде салтанат құрғандай болды.102-топ Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық жолын сахналап, бүгінгі мектеп өмірімен шебер байланыстырды. Сахнада өткен мен болашақты үндестіріп, қазіргі қоғамдағы жас ұрпақтың санасындағы алаш ардақтыларының рөлін аңғартып, “Мектеп – ұлтты тәрбиелейтін орын” деген ұстанымның өзектілігін көрсетті. 103-топ Міржақып Дулатұлының түрмедегі азапты сәттерін бейнеледі. Оның темір тор ішіндегі күрсінісі, әділетсіз қоғамға деген жанайқайы көрермен жүрегін елжіретті. Қараңғы камерада көз жанары оттан сөнбеген ақын образы әрбіріміздің көкірегімізде әділеттің шоғын жақты.104-топтың көрінісі Мұстафа Шоқайға арналды. Түркістанды азат көруді армандаған қайраткердің эмиграциядағы күресі, Еуропада жүріп жазған үндеулері, жалғыздық пен үміт арасындағы күресі ашық көрсетілді. “Түркі жұрты бірікпей, тәуелсіздік баянды болмайды” деген Мұстафаның сөзін осы бір көрініс айқындай түскендей еді.Ал 105-топ Сәкен Сейфуллиннің өміріндегі адамгершілік, махаббат пен отбасы тақырыбын қозғады. Бір қызға ғашық болған жас Сәкеннің сезімі, қарапайым ауыл тойындағы көріністер, ақынның жұмсақ жан-дүниесін танытты. Бұл топ ақынның тек күрескер емес, сонымен қатар махаббат пен мейірім иесі екенін де көрсете білді.

Жалпы, бұл рухани көрініс – тек қойылым емес, өткенге тағзым, бүгінге сабақ, ертеңге аманат. Әрбір сахналық үзінді студенттердің тарихи санасын оятып қана қоймай, олардың жүрегінде ұлтқа деген махаббатты тереңдете түсті. Алаш ардақтыларының ерлігі мен ел үшін жасаған жанкешті еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс. Осындай тағылымды кештер жастарды жігерлендіріп, болашаққа сеніммен қарауға жетелейді. Өйткені тарихты ұлықтау – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің темірқазығы. Ендеше, ұлт руханияты жолындағы бұл бастамалар жалғасын таба берсін дегім келеді!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі