«Айназ» жекеменшік балабақшасы
«Қыс»
Ашық сабақ
Орындаған: Бекова Құралай
Жетібай ауылы
2017жылы
Білім беру саласы: Коммуникация Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Н. Аманжолова «Қыс»
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық, Сәлеметсіздерме!
Өткен сабақты қайталау

-
Балалар өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?

-
Екі қаз бақаға қандай жақсылық жасады?
-
Бақа неге жерге құлайды?
Жаңа тақырып: Н. Аманжолова «Қыс»

-
Балалар неше жыл мезгілі бар?
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Бүгін біз сендермен қыс мезгілі туралы әңгімелесеміз.
-Балалар, қәзір қандай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?
-Қыс мезгілі несімен қызықты?


Енді балалар біз кесте бойынша өлеңді қайталап,жаттап алайық.
БИЛИНГВАЛЬДІ КОМПОНЕНТ:
ҚЫС – ЗИМА – WINTER, ҚАР – СНЕГ – SNOW



Балаларымыздың қыс туралы тақпақтарына кезек берейік:
Елемес Жанжігер
Жапалақтап аппақ қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Құлыш Әбунасыр
О, алақай қыс келді,
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгіліне не керек?
Ойынның
мақсаты: Балаларды қысқа қажетті
заттармен таныстыру.
Ойынның
шарты: «Қыс» мезгілі суретінің қасына
қатысты суреттерді іріктеп ілу. (М: шана, қолғап
т.б)
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін
үстімізге қандай киімдер киеміз?Қане, іс - қимылмен
көрсетейікші.
Балалар: Бас киім, үстімізге тон,
аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Қандай ойындар
ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап,
шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза
болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу
үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің
шынығады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде
қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа
жыл!
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен
қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін
тойлаймыз!
Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша өлеңді толықтырып айт?
зырлап
желетін,
тебетін,
жасап
ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қыс" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
"Қыс" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
«Айназ» жекеменшік балабақшасы
«Қыс»
Ашық сабақ
Орындаған: Бекова Құралай
Жетібай ауылы
2017жылы
Білім беру саласы: Коммуникация Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Н. Аманжолова «Қыс»
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық, Сәлеметсіздерме!
Өткен сабақты қайталау

-
Балалар өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?

-
Екі қаз бақаға қандай жақсылық жасады?
-
Бақа неге жерге құлайды?
Жаңа тақырып: Н. Аманжолова «Қыс»

-
Балалар неше жыл мезгілі бар?
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Бүгін біз сендермен қыс мезгілі туралы әңгімелесеміз.
-Балалар, қәзір қандай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?
-Қыс мезгілі несімен қызықты?


Енді балалар біз кесте бойынша өлеңді қайталап,жаттап алайық.
БИЛИНГВАЛЬДІ КОМПОНЕНТ:
ҚЫС – ЗИМА – WINTER, ҚАР – СНЕГ – SNOW



Балаларымыздың қыс туралы тақпақтарына кезек берейік:
Елемес Жанжігер
Жапалақтап аппақ қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Құлыш Әбунасыр
О, алақай қыс келді,
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгіліне не керек?
Ойынның
мақсаты: Балаларды қысқа қажетті
заттармен таныстыру.
Ойынның
шарты: «Қыс» мезгілі суретінің қасына
қатысты суреттерді іріктеп ілу. (М: шана, қолғап
т.б)
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін
үстімізге қандай киімдер киеміз?Қане, іс - қимылмен
көрсетейікші.
Балалар: Бас киім, үстімізге тон,
аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Қандай ойындар
ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап,
шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза
болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу
үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің
шынығады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде
қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа
жыл!
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен
қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін
тойлаймыз!
Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша өлеңді толықтырып айт?
зырлап
желетін,
тебетін,
жасап
ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
шағым қалдыра аласыз













