Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қыс картотекасы тәрбиеші
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Картотека № 1
Бақылау: Қарды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту.
Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.
Тақпақ:Аппақ көше, бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».
Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.
Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,
үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.
Жеке жұмыс: «Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме
құрату.
Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, ойын
жүйелеп жеткізе білуге үйрету.
Картотека № 2
Бақылау: Бұршақты бақылау.
Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті болатыны туралы түсінік беру.
Қимылдық ойын: «Торғайлар».
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Үйілген қардың маңызын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа үйрету.
Жеке жұмыс: Қысқа байланысты жұмбақтар жаттату.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
Мақсаты: Тілдік қорын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін
беру. Әдемі де әсерлі сөйлеуге үйрету.
Картотека № 3
Бақылау: Суық торғайды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінде барлық құстардың жылы жаққа ұшып кететінін, ал
суықторғайдың бізде мекендеп қалатынын, ол қандай аяз болса да тоңбайтынын,
сол себепті суықторғай деп атағанын түсіндіріп көрсету.
Еңбек: Қар күреу.
Мақсаты: Қардың жерге қалың түскенін айтып, қарды күрекпен күреу арқылы
жол жасап, күректі калай ұстау керектігін үйрету.
Жеке жұмыс: Торғай,торғай,тоқылдақ
Жерден дәнді шұқып -ап
Бөтекесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
Мақсаты:Балаларға тақпақ үйрете отырып тіл
байлықтарын молайтып,сөздік қорларын дамыту.
Ойын: «Жақсы жаман».
Мақсаты:Балаларды жақсы мен жаманды
ажырата білуге,жаман нәрселерден аулақ
болуға,жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Картотека № 4
Бақылау: Аязды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен
қолымыздың тоңатынын, үсіріп жіберуі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап,
мойын орауыш тағатынымызды түсіндіру.
Еңбек: Ауладағы қарды күреу.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс
жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс
ұстауға үйрету.
Қимылдық ойын: «Сырғанақ тебу».
Мақсаты: Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен
ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.
Жеке жұмыс: Жұмбақ.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.(Аяз).
Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Картотека № 5
Бақылау: Көгершінді бақылау.
Мақсаты: Балаларға қыстап қалған құстардың бірі –көгершіннің немен қоректенетіні,
қайда мекендейтіні, тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп, оларға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Еңбек:Ауладағы құстарға жем беру.
Мақсаты: Қыста құстарға тамақ тауып жеу қиын болатындығын түсіндіре отырып,
оларға жем, нанның қиқымын сеуіп, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа!
Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып, есте
сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының
мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу.
Қимылдық ойын: «Аққала жасау».
Мақсаты: Балаларға қардың жабысқақтығын,
қарды домалақтау әдісін көрсете түсіндіру.
Картотека № 6
Бақылау: Бүгінгі ауа-райын бақылау.Айналадағы адамның қысқы еңбегі.
Мақсаты: Қысқы еңбекпен таныстыру барысында үлкендердің еңбегін
түсіндіру, еңбекке ынтасын тудыру .
Тақпақ: Қыстыгүні таңертең,
Ерте оянып жас бала.
«Қар» деп сыртқа қарайды,
Көңіл бөлмей басқаға.
Қимылды ойын: «Ақ қоян».
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Еңбек: Ауладағы қарды тазалау.
Мақсаты: Балаларды еңбекке ынтасын арттыру.
Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Жазда таудың басында
Қыста аяқ астында,
Балмұздақтан аумаған
Бұл не тағы расында? (Қар)
Мақсаты: Балаларға жұмбақ жасыра отырып,
жылдам шешім таба білуге, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Картотека № 7
Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау.
Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен таныстыру, қыстап қалатын құстар
туралы мағлұмат беру, «олар үшін қыс та, аяз да қатер емес,аштық қатер»деген ұғымды
қалыптастырып,қамқорлықпен қарауға үйрету.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік,
сезімталдық қабілеттерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре
отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Қыс келгенде торғайым
Үй алдына қон дәйім.
Ойна,жүгір желкілде,
Тисем саған оңбаймын.
Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік
қорларының белсенділігін арттыру,
тіл мәдиниетін жетілдіру.
Картотека № 8
Бақылау: Аязды күнді бақылау.
Мақсаты: Аяз туралы түсінік бере отырып, оның адам денсаулығы үшін
пайдасын түсіндіру. Жұқпалы аурулардың микробтарын өлтіруге аяздың қосар
үлесі зор екендігін айту.
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,
Ширатады етіңді.
Қимылды ойын: «Қар лақтыру».
Мақсаты: Балалардың ойынға ынтасын арттыру.
Еңбек: Ауладағы қарды жинау.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке баулу.Үлкендердің
еңбегін бағалауға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Аяз туралы жұмбақ жаттату.
Қолы жоқ,сурет салады.
Тісі жоқ,тістеп алады. (Аяз).
Мақсаты: Балалардың сөйлеу әрекетін,
есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру.
Картотека № 9
Бақылау: Шыршаны бақылау.
Мақсаты: Шыршаның тікенекті, оның қысы-жазы бір түсте болтынын көрсете түсіндіру.
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте.
(Шырша)
Қимылдық ойын: «Қуып жет».
Мақсаты: Жылдамдыққа,бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек :Ауладағы шырша түптеріне қар үю.
Мақсаты: Үйілген қардың көктемде еріп, суға айналатындығын,
шыршаның ылғалды жағдайда жақсы өсетіндігі туралы
айтып, түсіндіру.
Жеке жұмыс: Дана нұр,қала нұр.
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Мақсаты: Жаңа жыл кеші шыршасыз
өтпейтіні туралы түсіндіру.
Картотека № 10
Бақылау: Боранды бақылау.
Мақсаты: Боран ұйтқып соққан желдің салдарынан, қыс мезгілінде болатын
құбылыс екендігін көрсете түсіндіру.
Жұмбақ: Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Ауызы жоқ ұлиды. (Боран).
Қимылдық ойын: «Байқап қал».
Мақсаты: Байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: «Мен сыпайы баламын».
Мақсаты: Айналаңдағы адамдарға ілтипатпен қарау.
Қиналған кезде көмектес, сөйлескенде сыпайы бол.
Айғайлама, сөзді бұзба, басқаларды тыңдай біл, қоғамдық
орындарда даурықпа! Осы ережелерді сақтай отырып
балаларды сыпайыгершілікке, адамгершілікке баулу.
Еңбек: «Таза жолдар».
Мақсаты: Ауладағы жолды қардан тазалау.
Еңбекқорлыққа баулу.
Картотека № 11
Бақылау: Мұзды бақылау.
Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен
көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.
Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.
Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне берілген тапсырманы
тиянақты орындауларын қадағалау.
Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.
Жаңа жыл,жаңа жыл,
Жаңа жылда-жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді
қатесіз дұрыс айтуға үйрету.
Ойын: «Тышқан мен мысық».
Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім
қабылдауға үйрету.
Картотека № 12
Бақылау: Қырауды бақылау.
Мақсаты: Қырау туралы түсінік қалыптастыру. Талға, сымға тұрған
қырауды көрсете таныстыру.
Жұмбақ: Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау).
Еңбек: «Таза алаң».
Мақсаты: Ойын алаңындағы қарды тазалау. Тазалыққа
баулу. Еңбексүйгіштікке үйрету.
Жеке жұмыс: Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау, қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Мақсаты: Қыс мезгілінің бейнесін сипаттай білуге
үйрете отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын: «Шымшық доп».
Мақсаты: Топтасып, тату ойнауға шақыру.
Ойынға қызығушылығын арттыру.
Картотека № 13
Бақылау: Торғайды бақылау.
Мақсаты: Қыста құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетеді,торғай қыстап қалатын
құс,оның қысқы тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру, құстарға қамқор болуға баулу.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты:Қыста құстарға аяз қорқынышты емес, аштық қорқынышты болатынын
түсіндіру. Оларға қамқор болу, аяушылықпен қарауға баулу.
Жеке жұмыс: «Торғай» тақпағын жаттату.
Торғай,торғай тоқылдақ
Жерден дәнді шоқып-ап,
Бөтекесі бұлтыйып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ..
Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып, сөздік
қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Қимылды ойын: «Аттамақ».
Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшандыққа ,
ептілікке баулу.
Картотека № 14
Бақылау: Күнді бақылау.
Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.
Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.
Еңбек: «Қыс қызығы».
Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу,
қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің
еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып,
тіл байлықтарын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қимылды ойын: «Айгөлек».
Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшандыққа ,
ептілікке баулу.
Картотека № 15
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар
жауады т.б. түсіндіру. Зәулімде тұрағы
Тіреусіз тұрады.(Бұлт).
Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машиналардың жұмысын бақылау.
Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының зор екендігін
айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.
Жеке жұмыс: Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра
отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын: «Мені қуып жет».
Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету.
Денені ширату арқылы денсаулықты
нығайту.
Картотека № 16
Бақылау: Өсімдіктердің қысқы тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Қыста өсімдіктердің өсуінің тоқталатынын, ағаш қабығы
оларды суықтан сақтайтыны жөнінде түсінік беру.
Еңбек: Ағаштардың түбіне қар үю.
Мақсаты:Үйілген қардың пайдасын түсіндіру.Көктемде қар еріп суға айналатындығын,
су өсімдіктерге қорек болатындығын айту.
Жеке жұмыс: Т.Елеусізұлы. «Қысқы қарағай».
Қысқы аязға қарамай,
Көгеріп тұр қарағай.
Сол секілді төзімді
Болсам деймін өзімді.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту.
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын: «Тасымалдау ойыны».
Мақсаты: Топтасып, тату ойнауға шақыру.
Ептілікке баулу.
Картотека № 17
Бақылау: Қар аралас жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Қыста қар аралас жаңбыр да жауатыны туралы түсінік беру.
Еңбек: «Қыс қызығы».
Мақсаты: Ойын алаңын ата-аналармен бірлесе отырып
безендіру,сырғанақ жасау, аққала соғу.
Жеке жұмыс: Ән: «Көрікті шыршамыз».
Мақсаты: Өлеңді жаттату. Әнімен айтқызу.
Қимылды ойын: «Егер…»
Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің
қажеттілігін білу.
Картотека № 18
Бақылау:Күнді бақылау.
Мақсаты:Күн көзінің жарығы,оның бүкіл табиғат үшін пайдасы, қажеттілігі. Қыста
күннің қызуы төмендейтіндігі туралы түсіндіру.
Еңбек: «Таза жолдар».
Мақсаты:Ойын алаңына барар жолдарды тазалау. Тазалыққа, топ болып
еңбек етуге үйрету.
Жеке жұмыс:Жұмбақ: Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн).
Мақсаты:Жұмбақ үйрету арқылы сөздік қорларын молайту.
Ойлау қабілетін арттыру. Тілдік шығармашылыққа тұрақты
Қызығушылығын қалыптастыру.
Қимылдық ойын: .«Түйілген орамал»
Ойынның мақсаты:Балалардың ойын әрекетіне
деген қызығушылықтарын дамытып, ептілікке,
қырағылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Картотека № 19
Бақылау: Мұздақты бақылау.
Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге
үйрету.
Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға шақыру.
Жеке жұмыс: Жұмбақ жатттату
“Отқа жанбас,
Суға батпас” (мұз)
Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату
арқылы сөздік қорын молату.
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын: «Қазан».
Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру.
Балалардың көңілдерін көтеру.
Картотека № 20
Бақылау: Аяздың терезеге салған суретін бақылау.
Мақсаты: Балаларға қыста, аязды күндері терезеге аяз қысымымен
қырау сурет түрінде түсетінін айтып түсіндіру.
Еңбек: Біздің аула
Мақсаты: Ауладағы қарды тазалау.Тазалыққа, үлкеннің еңбегін қадірлеуге үйрету.
Жеке жұмыс: Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау).
Мақсаты: Балаларға қыста, аязды күндері терезеге аяз
қысымымен қырау сурет түрінде түсетінін айтып түсіндіру
арқылы есте сақтау қабілетін арттыру, тілдік қорын молайту.
Қимылдық ойын: «Белбеусоқ».
Мақсаты: Топ болып ойнауға үйрету.
Денені ширатып, сауықтыру.
Картотека № 21
Бақылау: Адамдардың қысқы киімін бақылау.
Мақсаты: Қысқы киім үлгісімен таныстыру. Атауларын дұрыс айтуға үйрету.
Еңбек: Қар тазалаушы машинаның еңбегін бақылау.
Мақсаты: Жұмыстың бәрі жақсы екендігін айту. «Еңбек түбі-береке»сөзінің
мағынасын түсіндіру, еңбексүйгіштікке баулу.
Жеке жұмыс:Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Мақсаты: Өлеңді жаттату арқылы сөздік қорын молайту.
Есте сақтау қабілетін арттыру.
Қимылдық ойын: «Ұстаушы,лентаны ал».
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа,
жылдам шешім қабылдауға үйрету.
Денені шынықтыру, көңілдерін көтеру.
Картотека № 22
Бақылау: Қарғаны бақылау.
Мақсаты: Қарғаның дене пішіні, түсі және қалай дыбыстайтынын бақылай отырып,
барлық құстарға ортақ қасиеттерді айырып, оларға қамқор болуға үйрету.
Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа баулу. Үйілген қардың маңызын
түсіндіру.
Жеке жұмыс: Мынау қарға, қарғалар.
Жерде жүріп жорғалар.
Тамақ тапса қарқылдап,
Таппаса ұшар жалпылдап.
Мақсаты: Тақпақ жаттату арқылы балалардың сөздік
қорларын байытып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын: «Қыстап қалған құстар».
Мақсаты: Қыстап қалған құстарды және
қыстамайтын құстарды атай білуге, олардың
айырмашылықтарын айыра білуге үйрету.