Түркістан қаласы «Айгүл» бөбекжай- балабақшасы. Тәрбиеші: Кизбаева Айнур Сансызбаевна Білім беру саласы:Таным,
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырып: Қыс келді
Мақсаттары:а) Қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.
ә) Балалардың білуге деген құштарлығын, есте сақтау қабілетін, зейінін, сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Табиғатты аялай білуге үйрету. Күтілетін нәтиже:
Біледі: жел мезгілдерінің атауларын, қыстың кейбір белгілерін атап береді;
Таниды: киімді ауа райына қарай таңдау қажеттігін түсінеді;
Қолданады: сурет сала білу дағдыларын (қар жауды, терезедегі қырау).
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: серуендеген кезде қарды бақылау (ақ, жеңіл, жұмсақ, суық). Балалармен бірге қыс тақырыбында салынған суреттерді қарап шығу.
Құралдар мен материалдар: «Қыс келді» суреті, мақта, үлестірме материалдар, қысқы киім үлгісі.
Сөздік жұмыс: жыл мезгілі – қыс, суық, қар ұшқыны, қар, күртік қар, киім, қолғап, бөрік, кеудеше, шұлық, байпақ.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады.
Жұмбақ шешеді:
Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Балаларды терезеден сыртқа қарауға шақырады.
Құстар сайрай ма?
Жоқ!
Көк шөп бар ма?
Жоқ! Ағаштардың жапырағы бар ма?
Жоқ!
Балалардың назарын «Қыс келді» суретіна аударады.
2.Негізгі кезең
Қараңдаршы! Қыс келді. Төңірек сондай әдемі! Жерді, ағаштарды қар басқан. Ағаштардың жапырағы жоқ. Балалар қыста бір-біріне қар лақтырып ойнайды. Аққала жасайды, шанамен сырғанайды.
Балалардың киімдеріне көңіл бөледі. Олардың үстіндегі киімдердің түрлерін атап береді:
тон, қолғап, малақай, мойын орағыш, байпақ, етік.
Балалар, айтыңдаршы, қыста күн жылы ма әлде, суық па?
Балаларды сыртқа шығып, қардың қандай екенін тексеруге шақырады. Түсіндіреді: оны білуге біздің көзіміз, құлағымыз, қолдарымыз бен мұрнымыз көмектеседі.
Қарды қолдарымен ұстап көреді. Әсерлерімен бөліседі – суық не жылы екенін айтады (қардың қасиеттерін бір-бірлеп және бәрі бірге айтады).
Оның түсі қандай? Қардың иісі бола ма?
Балалар, қарды жеуге бола ма? Ол тәтті ме? Сергіту сәті
«Қыста»
Сырғанаққа мығымбыз
(Шанамен сырғанағандай қимыл жасайды).
Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
(Шаңғы «киеді», қолдарына таяқ «алады, «шаңғы тебеді»).
Біз тебеміз сырғанақ.
(Конькимен сырғанағандай қимыл жасайды).
Балалардан қардан не жасауға болатынын сұрайды. Қолына қар алып, бірдеңе жасауды ұсынады.
Балалар қолдарына қар алып, қысады. Қар ери бастайды. Себебі біздің алақанымыз жылы, ал қар суық.
«Саусақтарым, тұрыңдар!» саусақ ойыны
Кел санайық, санамақ, Саусақтарды даралап. Басбармағым алғашқы, Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы, Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.
Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады. Суреттерге қарап, балалардың не істеп жатқанын айт.
3. Қорытынды кезең (Рефлексия)
ҰОҚ-ны қорытады. Балаларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреді.
Мақтаны қар сияқты домалақтап, бір-біріне қар лақтырып ойнауға шақырады.
Алған әсерлерімен бөліседі. Қыстың белгілерін атап шығады. Күн суық, қар жауып, жел соғып тұр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қыс келді"
"Қыс келді"
Түркістан қаласы «Айгүл» бөбекжай- балабақшасы. Тәрбиеші: Кизбаева Айнур Сансызбаевна Білім беру саласы:Таным,
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырып: Қыс келді
Мақсаттары:а) Қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.
ә) Балалардың білуге деген құштарлығын, есте сақтау қабілетін, зейінін, сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Табиғатты аялай білуге үйрету. Күтілетін нәтиже:
Біледі: жел мезгілдерінің атауларын, қыстың кейбір белгілерін атап береді;
Таниды: киімді ауа райына қарай таңдау қажеттігін түсінеді;
Қолданады: сурет сала білу дағдыларын (қар жауды, терезедегі қырау).
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: серуендеген кезде қарды бақылау (ақ, жеңіл, жұмсақ, суық). Балалармен бірге қыс тақырыбында салынған суреттерді қарап шығу.
Құралдар мен материалдар: «Қыс келді» суреті, мақта, үлестірме материалдар, қысқы киім үлгісі.
Сөздік жұмыс: жыл мезгілі – қыс, суық, қар ұшқыны, қар, күртік қар, киім, қолғап, бөрік, кеудеше, шұлық, байпақ.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады.
Жұмбақ шешеді:
Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Балаларды терезеден сыртқа қарауға шақырады.
Құстар сайрай ма?
Жоқ!
Көк шөп бар ма?
Жоқ! Ағаштардың жапырағы бар ма?
Жоқ!
Балалардың назарын «Қыс келді» суретіна аударады.
2.Негізгі кезең
Қараңдаршы! Қыс келді. Төңірек сондай әдемі! Жерді, ағаштарды қар басқан. Ағаштардың жапырағы жоқ. Балалар қыста бір-біріне қар лақтырып ойнайды. Аққала жасайды, шанамен сырғанайды.
Балалардың киімдеріне көңіл бөледі. Олардың үстіндегі киімдердің түрлерін атап береді:
тон, қолғап, малақай, мойын орағыш, байпақ, етік.
Балалар, айтыңдаршы, қыста күн жылы ма әлде, суық па?
Балаларды сыртқа шығып, қардың қандай екенін тексеруге шақырады. Түсіндіреді: оны білуге біздің көзіміз, құлағымыз, қолдарымыз бен мұрнымыз көмектеседі.
Қарды қолдарымен ұстап көреді. Әсерлерімен бөліседі – суық не жылы екенін айтады (қардың қасиеттерін бір-бірлеп және бәрі бірге айтады).
Оның түсі қандай? Қардың иісі бола ма?
Балалар, қарды жеуге бола ма? Ол тәтті ме? Сергіту сәті
«Қыста»
Сырғанаққа мығымбыз
(Шанамен сырғанағандай қимыл жасайды).
Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
(Шаңғы «киеді», қолдарына таяқ «алады, «шаңғы тебеді»).
Біз тебеміз сырғанақ.
(Конькимен сырғанағандай қимыл жасайды).
Балалардан қардан не жасауға болатынын сұрайды. Қолына қар алып, бірдеңе жасауды ұсынады.
Балалар қолдарына қар алып, қысады. Қар ери бастайды. Себебі біздің алақанымыз жылы, ал қар суық.
«Саусақтарым, тұрыңдар!» саусақ ойыны
Кел санайық, санамақ, Саусақтарды даралап. Басбармағым алғашқы, Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы, Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.
Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады. Суреттерге қарап, балалардың не істеп жатқанын айт.
3. Қорытынды кезең (Рефлексия)
ҰОҚ-ны қорытады. Балаларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреді.
Мақтаны қар сияқты домалақтап, бір-біріне қар лақтырып ойнауға шақырады.
Алған әсерлерімен бөліседі. Қыстың белгілерін атап шығады. Күн суық, қар жауып, жел соғып тұр.
шағым қалдыра аласыз













