Қыс мезгілі, Ұіә

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қыс мезгілі, Ұіә

Материал туралы қысқаша түсінік
Нннн
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: «Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру»

Дағды: «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Әлеуметтік эмоционалды дағдыларды қалыптастыру»


Қатысушының

аты-жөні: Маханбет Әдемі Муханқызы

Қатысушының нөмірі: 7

Топ: Мектепалды даярлық тобы

Баланың жасы: 5

Тақырып: «10 көлемінде санау. Қыс-сиқырлы мезгіл»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға, «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарын ажыратуға, заттар санын қосу және азайту арқылы теңдік пен теңсіздікті анықтай білуге үйрету; қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарын ажырата отырып дұрыс жауап беруге дағдыландыру, заттар санын қосу және азайту арқылы теңдік пен теңсіздікті ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау, салыстыру және талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бірлесіп әрекет етуге, топпен жұмыс жасауға, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: «Ойын әдісі», «Сәйкестендіру әдісі», «Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер»

Балалармен жұмыс: Топтық, жұптық

Материалдар мен

жабдықтар: АКТ, қыс мезгілінің суреттері, үлестірмелі материалдар, бейнежазба.

Іс-әрекеттің барысы:

І. Кіріспе бөлім:

1.Шаттық шеңбері

-Ал балалар, келіңдер!

Дөңгеленіп тұрайық!

Қол ұстасып бәріміз,

Шаттық шеңбер құрайық!



Біз бақытты баламыз,

Күліп таңды атудамыз.

Бір, екі, үш деп санайық,

Көңіл-күймен ойнайық!


Төрт, бес, алты – аяз қатты,

Жеті, сегіз – боран қақты.

Тоғыз, он – ақ қар жауды,

Қыстың күні арайланды.


ІІ.Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: -Балалар, менің қолымда 4 түрлі түсті шар бар. Осы түстерді жыл мезгіліне теңейікші балалар.

Балалар: - Жасыл түс-көктем, қызыл түс - жаз, сары түс - күз, ақ түс - қыс мезгілі.

Тәрбиеші: - Осы шарлардың ішінен қазіргі жыл мезгіліне сәйкес келетін түсті таңдаңдар балалар (балалар ақ түсті шарды таңдайды).

Тәрбиеші: -Не үшін ақ түсті таңдадыңдар балалар?

Балалар: - Ақ түс - қыс мезгілі, қыс мезгілінде айнала аппақ болады, күн суық болады, сол себепті ақ түсті таңдадық.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді біледі екенсіңдер.Балалар қыс мезгілінде біз қандай киімдерді киеміз?

Балалар: -Қалпақ, қолғап, етік, мойын орағыш, қалың киімдер киеміз.

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар, денелерің тоңып қалмауы керек. Қыста жылы киінуіміз керек. Ал енді балалар, мына бейнежазбаға назар аударайық!

Бейнежазба

Тәрбиеші: - Балалар сендер қыс мезгілі туралы мәліметтерді білдіңдер. Енді қысқы орманға саяхатқа барып, өз көзімізбен көрейік. Саяхатқа бару үшін балалар қалың киімдерімізді киіп алайық.

1-тапсырма. «Киімдерді ретімен орналастыру». Learning apps платформасы.

  • Балалар, экранда көрсетілген қысқы киімдерді тура және кері санайық!

  • Шұлық нешінші орналасқан? Қалпақ нешінші? Жемпір нешінші? Экранда көрсетілген киімдерді ретімен орналастырайық.

  • Жарайсыңдар! Енді саяхатқа дайын болдық, балалар саяхатқа шаңғымен шығайық, сиқырлы сөздерді бірге айта отырып, қимыл-қозғалыс жасап, аққаламен бірге саяхатымызды бастайық!

  • Шаңғы, шаңғы сырғанайық,

Қар үстімен зырлайық,

1,2,3 тоқтамайық,

Қыста ойнап, ән салайық.

- Балалар бізге қысқы орман жолы ашылды. Орман өте қатты тыныш екен, бізге жүретін жол жабық. Балалар, 10-ға дейінгі сандар орман ішінде жасырынған. Қалың қардың әсерінен біз оларға бара алмаймыз. Қане сандарға баратын жолдарды ашайық, ол үшін тапсырмаларды орындауымыз қажет.

2-тапсырма. «Жасырылған сандар» Топтық жұмыс.

Тәрбиеші: - Балалар, мына көк түсті парақтарды алыңдар. Оларда жасырылған сандар бар. Мен сендерге қар ұлпаларын беремін. Сендер осы қар ұлпаларын (ұсақ қағаз қиындылары) параққа сеуіп, жасырылған сандарды табасыңдар.

(Балалар көк түсті параққа қар ұлпаларын себу арқылы жасырылған сандарды табады. Жол ашылып бірінші санға барады.)

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар! Біз қазір 1,2,3,5 сандарын таптық. Балалар саяхатта тоңып қалмадыңдар ма? Барлығымыз бір сергіп алайық!


Сергіту сәті

Аяз келді, боран соқты,

Бетімізге қар түсті.

Тоңып қалдық тұрайық,

Қимыл жасап жылынайық.


3-тапсырма. «Теңестір!» Жұптық жұмыс.

  • Балалар енді бір сергіп алдық па? Тапсырманы ары қарай жалғастырайық. Ал енді балалар, басқа да жасырынған сандарды табу үшін тағы да тапсырма орындайық. Мен сендерге сары және көк жолақшасы бар парақты ұсынамын. Жанымыздағы досымызбен жұптасып, 3 шананы сары жолаққа жапсырыңдар, ал көк жолаққа қанша шана болса, сонша аққала жапсырыңдар.

  • Қайсысы көп? Қайсысы аз? Екеуі тең бе? Сары жолақшаға тағы бір шана жапсырыңдар. Енді қайсысы көп? Енді тағы көк жолақшаға тағы бір аққала жапсырайық. Шана қанша? Аққала қанша?

  • Балалар өте керемет, орманда жасырынған сандардың барлығын таптық. Барлығы неше сан табылды? Бірге санап көрейік! Енді бақшамызға қайтайық. Ал сиқырлы сөздерді менімен бірге қайталайық!

Шаңғы, шаңғы сырғанайық,

Қар үстімен зырлайық,

1,2,3 тоқтамайық,

Бақшамызға қайтайық!


Қорытынды.

  • Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

  • Тапсырмалар сендерге ұнады ма?

  • Балалар алдарыңда қандай пішіндер тұр?

Осы пішіндер арқылы қысқы орманда көрген шырша және аққала бейнесін жасаңдар.

  • Жарайсыңдар балалар, қысқы ормандағы бейнелерді санайық.


  • Балалар, бүгінгі саяхат ұнаса алдарыңда тұрған ақ парақты умаждау әдісі арқылы қар бөліктерін жасап, өздеріңе ұнаған шанаға салыңдар!


Жасыл түсті шана – Бүгінгі саяхат толық ұнады.

Сары түсті шана – Бүгінгі саяхат толық ұнамады

Қызыл түсті шана- бүгінгі саяхат ұнамады

Сау болыңдар!


Күтілетін нәтиже:

  • 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;

  • «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажыратады;

  • Теңсіздіктен теңдік немесе теңдіктен теңсіздік шығарады;

  • Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін, табиғи құбылыстарын (қар, аяз, қысқы орман) сөзбен сипаттай алады;

  • Қыс мезгіліне тән киім түрлерін, ойындарды және табиғаттағы өзгерістерді атау мен тану қабілеті дамиды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
6
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі