Қыс қызығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгіліндегі қызықтар туралы ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, тілін дамытуға, қыстың негізгі белгілерін танып, айта білуді қалыптастыру. Қыстағы табиғат сұлулығына назар аудару арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы әдемідікті сезіну, қабылдау сезімін ояту. Ойлау қабілетін дамыту, кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау. Балалардың жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, табиғатты аялай, сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, ұлпа қарлар.

Барысы:

- Қымбатты қонақтар! Аяулы ұстаздар! Ардақты ата-аналар! Бүгін біз үшін куанышты күн. Үш ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгін міне, бойларына жауапкершілік пайда болып, бой түзеп, алғаш рет сахнаға шығып отыр. Балаларымыздың тілашары қыс мезгілімен байланыстырып, «Қыс қызығы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Әлбетте, мектепке бару тойы от басында өткізеді. Өйткені бұл отбасылық қуаныш мерекесі. Ата - ананы өбегі мен аяулы алақанның жылуында өсіп, жыл өткен сайын төңірегіне іңкәр көзбен қарап бәрін білгісі, көргісі кеп құштарлана түсетін жас балдырған алтыға толған соң мектеп есігін ашып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасайды. Бұл күн оның мәңгілік есінде сақталып қалады. Отбасында үлкен әже, бірінші сөзді сол кісілерге берейік. Немерелеріне жақсы тілектерін айтып шашуларын шашсын.
М: Алиханның әжесін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші-Нұрасы

2- жүргізуші - Қаракөз
1- жүргізуші: Сөз кезегі өзіңізде. (Балаларға тілегін айтып, шашуын шашады.)

2- жүргізуші: Әр жанұяға береке, бірлік , табыс тілей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Аяз  қысып,
Өрнек  сызып
Терезені   торлайды.
Қарда  омбығып,
Бет  домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.

Кейде  ұлып, кейде  ысқырып
Ұйқып  боран  соғады.
Достарым
  айтыңдаршы,
Бұл  қай  кезде  болады?

Барлығы: Қыс мезгілі.

1- оқушы:

Қандай қызық қыс деген!
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.

2- оқушы:
Ауа райы құбылды,
Күн қабығы суынды.
Шығыс жақтан жел шығып,
Жауған қарды суырды


3- оқушы:
Аяз келіп каһарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты

4- оқушы:
Жерге көрпе жазылды,
Қаймақтанды су беті.
Терезеге салынды
Талай гүлдің суреті.

5- оқушы:

Күн қызуы аз ғана

Бәрімізді алдайды.

Қабат -қабат киімді,

Кимегенмен болмайды.

16- оқушы:
Қар жауғанда топ бала, 
Соқтық келіп аққала. 
Мұрны сәбіз,үп-үшкір, 
Көзі көмір қап-қара. 
Көне шелек басында, 
Сыпырғышы қолында. 
Мұзайдынды аршуға, 
Келгендей-ақ ол мұнда. 

17- оқушы:
Жауды міне., қар аппақ .

Айналаның бәрі аппақ.,

Жасырыпты жолдарды.

Тегістепті оларды.

18- оқушы:

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек,ақ мамық

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр мақтанып.

19- оқушы:

Тазартып бар кір-шаңнан

Қыс өнерін бастады,

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

20- оқушы:
Шеберін-ай аяздың,

Әйнектерді қағаз қып

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты.

21- оқушы:

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

22- оқушы:

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

23- оқушы:

Қызығы көп қыстың

Қысты жақсы көреміз

Жылы киім киініп,

Конки шаңғы тебеміз.

2- жүргізуші:

-Нұрасыл, маған қыс мезгілі өте ұнайды.

1- жүргізуші:

-Дұрыс айтасың, Қаракөз. Барлығымыздың сүйікті жыл мезгіліміз қыс келді. Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?


2- жүргізуші:

- Қыс. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән ерекшелігі де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарымен сырғанақ тебеді.

Хор: «Зырлайды шанамыз»

2- жүргізуші: Нұрасыл, саған жұмбақ жасырғым келіп тұр.

1.Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
1- жүргізуші: Аяз. Ал, мен де саған жұмбақ жасырайын. Тыңда.

Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
1- жүргізуші: Қар

2- жүргізуші: Олай болса, «Ұлпа қарлар» биін тамашалайық.

1- жүргізуші: Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған. Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады.

2- жүргізуші: Тарихта өзге түсті де қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969 жылы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955жылы Калифорния штатында жасыл қар жауған екен.

1- жүргізуші: Келесі кезекте Тұрлығазы Алиханның орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар!

1- жүргізуші:

Аппақ өңірді,

Қар жауды!

Қар жауды!

Көп бала көңілді.

Олай болса, қыздардың орындауында «Таспамен биін» қабыл алыңыздар.

Ортада Мерей, Қаракөз, Ақниет.

1- жүргізуші: Ортада «Жайдарлы бүлдіршіндер»


2- жүргізуші:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Қысқы Вальс.

1- жүргізуші: Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар,

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа – демекші, ұлдардың орындауында «Аққала» биі

2- жүргізуші: Нұрасыл, қалай жылыну керек білесің ба? 

1- жүргізуші: Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.

1- жүргізуші: Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

2- жүргізуші: Және жылыну үшін мынадай керемет би билеу керек. Үнді биі. Орындайтын Асқарбек Мадина мен Амина.

1- жүргізуші: Қаракөз білесің бе? Осындай қысты күні апаң ботқа қайнатып берсе, жылы үйде отырып жегенге не жетсін.

2- жүргізуші: Қарның ашса, қазір саған біздің балалар – ақ қайнатып берсін.

Би «Ботқа қайнату».

1- жүргізуші: Осы тышандар қыста қалай қыстап шығады екен?

2- жүргізуші: Олар жазда, күзде астығын жинап алады емес пе?

1- жүргізуші: Аа, есіме түсті. Жинап қойған тарысын мысық алып кетеді гой.

2- жүргізуші: Олай болса сол ертегіні еске түсіріп көрейік. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Мұғалім:

Халық болжамдары:

1. Қарға тұмсығын қанатының астына,жасырса,күн суытады.

2.Мысық қабырғаны тырнаса ауа-райы бұзылады, бұйығып жатса,аяз болады.
3. Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады. 
4. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. 
5. Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран болады.. 
6.Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс. Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.
7. Мысық пешке тығылса – аяз-дың алды,
8. Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы. 
9. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады
10. Қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп бітік, қуаныш көп болады, - деп жориды.

  1. Жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы орнайды.

Қыс – климаттық жағдайғаларға байланысты келетін мезгіл. Бұл мезгілдің ең кереметі жауған қарында. Аппақ қар әлемді мамық көрпеге орағанда жер жүзі құлпырып сала береді. Дегенмен бұл қардың да, осы мезгілдің де, қар қиыршықтарының да қызықтары бар екен.

Мың жылдар бойына жасалған зерттеу нәтижесінде ғалымдарды таң қалдырған жаңалық: жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығының ұқсасы да, егізі де жоқ. Тіпті бір-біріне ұқсас екі түйір қар қиыршығы да болмайды екен. Әрбір қиыршық өзіне тән кескінімен ерекшеленді.

Тағы бір қызықты дерек, әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген. 
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2018
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі