Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қыстағы табиғат ерекшеліктерін сурет бойынша әңгімелеу. Видео бойынша сұрақ с қою арқылы сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатты сюге, аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, қайталау, бекіту.
Көрнекіліктер: Қысқы табиғат көріністерінің суреттері, шырша, шырша ойыншықтары, аққала.
Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбері
Бала, бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге мына өлең жолдарын оқып берейін.
Шанаман зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде мына тақтадағы суреттегідей күн суытып, аяз болады. Боран соғады. Қардан балалар әдемі аққала жасап, шанамен сырғанап ойнайды. Балалар бір-біріне қар лақтырып, коньки тебеді. Біздің терезелерімізге аяз оюлар салады. Оны қырау дейді. Қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер аурып қалмау үшін, қалың киініп, таза ауада ойнауға болады. Қыста жаңа жыл мерекесі болады, мерекеге аязата, ақшақар, аққала бізге қонаққа келеді. Ортада үлкен шыршаны безендіріп, шыршаны айнала би билеп, ән айтамыз. Соңында аязата бізге сыйлықтар береді.
Тосын сәт. Осы кезде есік қағылыды.
Тәрбиеші: Бұл кім болды екн? Кәне, балалар тынышталамыз!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгілінде қалай киінеміз?» Қуыршақты қыс мезгіліне сәйкес киіндіру. Киімдердің атауын айту.
Аққала: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Бұл не?
Балалар: Қар
Дидактикалық ойын: «Қай мезгіл екенін тап?» сурет бойынша қай мезгіл екенін айту.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір сергіп қалайық.
Боран соқты, зу -зу -зу
Қатты, қатты жел соқты, гу- гу- гу
Жапырақтар қол соқты, ду- ду- ду
Шыдай алмай жапырақтар, ах- ах -ах
Билеп кетті қалтырап, пах- пах- пах
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Менің жұмбағымды шешіп, өздеріңнің өте білімді екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда қайтайын. Өзіммен әкелген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Сурет бойынша құрастыру».
Зерттеу жұмысы: Қарды жыл жерге қойсақ еріп суға айналады. Біз күнделікті пайдаланып жүрген су, қатты суық аязда далаға қойсақ мұзға айналады. (Шынай түрде көрсету)
Тәрбиеші: Балалар, аққаламен қоштасайық! (Аққала шығып кетеді.)
Қорытынды: Қарды жыл жерге қойсақ еріп суға айналады. Біз күнделікті пайдаланып жүрген су, қатты суық аязда далаға қойсақ мұзға айналады.
- Балалар, аққала әкелген сандықшаны ашайын. Ішінде не бар екен?
- Ойыншықтар.
- Қыс мезгінде қандай мереке бар еді?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Кәне, балалар! Барлығымыз бірге жаңа жылға арнайы, мына шыршаны безендірейік. Аққала әкелген сандықшадағы ойыншықтарды іліп, жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алайық!
Күтілетін нәтиже
Нені білі керек: Қыс мезгілі және қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы
Нені игереді: Қыс мезгіліндегі қызықты ойындар туралы ұғымды
Нені білді: Жаңа жыл мерекесі туралы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қыс қызығы» ашық оқу іс-әрекеті
«Қыс қызығы» ашық оқу іс-әрекеті
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қыстағы табиғат ерекшеліктерін сурет бойынша әңгімелеу. Видео бойынша сұрақ с қою арқылы сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатты сюге, аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, қайталау, бекіту.
Көрнекіліктер: Қысқы табиғат көріністерінің суреттері, шырша, шырша ойыншықтары, аққала.
Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбері
Бала, бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге мына өлең жолдарын оқып берейін.
Шанаман зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде мына тақтадағы суреттегідей күн суытып, аяз болады. Боран соғады. Қардан балалар әдемі аққала жасап, шанамен сырғанап ойнайды. Балалар бір-біріне қар лақтырып, коньки тебеді. Біздің терезелерімізге аяз оюлар салады. Оны қырау дейді. Қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер аурып қалмау үшін, қалың киініп, таза ауада ойнауға болады. Қыста жаңа жыл мерекесі болады, мерекеге аязата, ақшақар, аққала бізге қонаққа келеді. Ортада үлкен шыршаны безендіріп, шыршаны айнала би билеп, ән айтамыз. Соңында аязата бізге сыйлықтар береді.
Тосын сәт. Осы кезде есік қағылыды.
Тәрбиеші: Бұл кім болды екн? Кәне, балалар тынышталамыз!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгілінде қалай киінеміз?» Қуыршақты қыс мезгіліне сәйкес киіндіру. Киімдердің атауын айту.
Аққала: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Бұл не?
Балалар: Қар
Дидактикалық ойын: «Қай мезгіл екенін тап?» сурет бойынша қай мезгіл екенін айту.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір сергіп қалайық.
Боран соқты, зу -зу -зу
Қатты, қатты жел соқты, гу- гу- гу
Жапырақтар қол соқты, ду- ду- ду
Шыдай алмай жапырақтар, ах- ах -ах
Билеп кетті қалтырап, пах- пах- пах
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Менің жұмбағымды шешіп, өздеріңнің өте білімді екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда қайтайын. Өзіммен әкелген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Сурет бойынша құрастыру».
Зерттеу жұмысы: Қарды жыл жерге қойсақ еріп суға айналады. Біз күнделікті пайдаланып жүрген су, қатты суық аязда далаға қойсақ мұзға айналады. (Шынай түрде көрсету)
Тәрбиеші: Балалар, аққаламен қоштасайық! (Аққала шығып кетеді.)
Қорытынды: Қарды жыл жерге қойсақ еріп суға айналады. Біз күнделікті пайдаланып жүрген су, қатты суық аязда далаға қойсақ мұзға айналады.
- Балалар, аққала әкелген сандықшаны ашайын. Ішінде не бар екен?
- Ойыншықтар.
- Қыс мезгінде қандай мереке бар еді?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Кәне, балалар! Барлығымыз бірге жаңа жылға арнайы, мына шыршаны безендірейік. Аққала әкелген сандықшадағы ойыншықтарды іліп, жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алайық!
Күтілетін нәтиже
Нені білі керек: Қыс мезгілі және қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы
Нені игереді: Қыс мезгіліндегі қызықты ойындар туралы ұғымды
Нені білді: Жаңа жыл мерекесі туралы
шағым қалдыра аласыз













