«Балауса» ересек түзету тобы
Ашық оқу қызметі
Дефектолог:Сейдуали Айдана Нұрланқызы
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгілі жайлы түсінік беру; қысқы көріністі ұғындыра отырып, сөйлеу қабілетін арттыру.
Түзетушілік: Қыс жайлы енжар және белсенді сөздік қорын молайту; ұсақ моторикасын дамыту; фонематикалық қабылдауын жетілдіру; диафрагмалық тыныс алуын жетілдіру.
Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру; табиғатты сүюге баулу; адамгершілік тәрбиесіне шақыру; ұқыптылыққа үйрету.
Сабақ түрі: топтық
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар,тәжірбиеге, ойынға қажетті құрал – жабдықтар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, еліктеу, түсіндіру, ғажайып сәт,тәжірбие, сергіту сәті.
|
Сабақтың кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру-шылық ізденістік Рефлексиялық түзетушілік Қорытынды |
І. Психологиялық дайындық.
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз ыстық мейрімге толы.Жылуымызды жан – жағымызға беріп,жылулық шеңберін құрып, келген қонақтаымызбен амандасайық. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық, Күннің нұрын алайық, Таза ауаны жұтайық, Жүрекке жылу салайық, Мейрімділік шоғын алайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық.
Балалар көңіл күйлерің қалай ?
Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіміз ерекше болайын деп тұр, көптеген қонақтар келіп отыр. Бірнеше қызықты тапсырмалар орындаймыз. Белсенді қатыссаңдар ашық оқу қызметі соңында сыйлықтар иеленесіңдер. Олай болса, ашық оқу қызметімізді бастайық. ІІ. Ойлан, тап Балалар менің сендерге әдемі өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр, сол өлең жолдарынан – ақ біздің бүгінгі тақырыбымызды аңғаруға болады.Олай болса мұқият тыңдаңдар! Шанамен зырғып желетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? ІІІ. Ғажайып сәт Балалар естіп тұрсыңдар ма? Есікті біреу қағып тұрған секілді мен барып көріп келейін. Балалар, бізге қоян келіпті.Қоянның бізге айтары бар екен. Қоян:Балалар сендерде ашық оқу қызметі болып жатқанын естіп,өзімнің орындай алмай жүрген тапсырмаларыммен, жауабын таба алмай жүрген жұмбағымды алып келдім, маған көмектесіңдерші! Егер көмектессеңдер менің сендерге сыйлығым бар! Қоянға көмектесіп, әрі сыйлықтарын алуға дайынсыңдар ма? Олай болса Сәттілік! Алдымен балалар Қоян таба алмай жүрген жұмбақтың жауабын тауып алайық. Мұқият тыңдаңдар! Өзі ақ түсті, қолда ұстасаң тез ериді. суық,сулы бұл не? Дұрыс айтасыңдар балалар ол ҚАР. ІV. Тәжірбие Балалар қармен қызықты тәжірбие жасап көреміз бе? Қарға түрлі түсті бояуларды тамызып тәжірбие жүргіземіз. V. Жаңа сабақ
Балалар жыл мезгілдерін атап көрейікші. Қазір қай жыл мезгілі? (Қыс) Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Далада қандай өзгерістер бар? Далада не жауады? Қардан не жасаймыз? Қардың түсі қандай болады? Күн жылы ма суық па? Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерімен ойнаймыз? (шанамен, шаңғы,конькимен)
Берілген суреттер арқылы таныстырамын, балалармен бірге суреттерде не бейнеленгенін әңгімелейтін боламыз. VI. Тыныс алу жаттығуы «Қарларды ұшырайық» Мақта бөліктерінен жасалынған ақ ұлпа қарларды балаларға бір деммен ұшыруын өтіну. VІІ. Сергіту сәті Балалар бір сергіп аламыз ба? Олай болса орнымыздан тұрайық, денемізді сергітіп алайық. Аққала сергіту әні VIIІ. «Қарларды жинайық» ойыны Балалар, жерде жатқан қарларды жинап айналамызды тазартып алайықшы. ІХ. Тіл ұстарту жаттығуы
Балалар, мен жасағандай қимылдап, мен айтқандай қайталап, тілімізді дамытайық. Ыс – ыс – ыс Келіп жетті қыс Ар – ар – ар Жауады ақ қар Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз Ран – ран – ран Соғады боран X. Маториканы дамытуға арналған ойын.
Балалар, сендер аққала жасағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса берілген пішіндерден аққаланың бейнесін құрастырайық Сонда қол моторикамыз белсенді дамиды. ХІ. Ұсақ маториканы дамытуға арналған ойын. Таза парақ үстіне салынған қардың бейнесіне желімді жағып, үстіне ұнтақ жарманы себу арқылы қар бейнесін жасап шығару XІІ. Қортынды.
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі «Қыс қызығы» атты оқу қызметіне белсенді қатысқандарың үшін қар патшайымының беріп жіберген сыйлықтарын иеленесіңдер. |
Сәлемдеседі. Көңіл күйін анықтаймыз. Маманды тыңдайды. Қоян келеді Жұмбақ шешеді Сұрақтарға жауап береді. Суреттермен жұмыс Жаттығу жасау Сергіту сәті Дидактикалық ойын Еліктей отырып маман көрсеткен іс – әрекетті қайталайды және жаттығу жасайды Дидактикалық ойын Сұрақтарға жауап береді.
Сыйлықтарын алады. |
Күтілетін нәтиже:
|
Нені білу керек |
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін |
|
Нені игереді |
Байланыстырып сөйлеуді |
|
Нені біледі |
Сөйлем құрауды |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қыс қызығы" ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз