400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар

5-бөлім 
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Мектеп: «Г.Титов атындағы №54 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 04.02.2019ж

Мұғалім аты жөні: Тулепов Ералы

Сынып: 6 «Ә»

Сабақ -59

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

6.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақ мақсаты

Білім алушылар жүгіру төзімділігі арқылы күш, жылдамдық, төзімділік сиякты физикалық қасиеттерін дамытуға бағытталған физикалық жаттығуларды орындау

Бағалау критериі

Арнайы спорттық техникалардың дағдылары мен реттілігін таңдайды

Сабақтың тілдік мақсаты

Мыналарды қамтиды:

  • Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы;

  • Жүрек-қан тамырлар жүйесі

  • Бой қыздыру, қалпына келтіру техникасы,бір орында жүгіру,бір адымды алма кезек жүріс, түсу, көтерілу, бұрылу.

  • Тежелу «соқамен», сырғанау.

Физикалық сапасы: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?

  • Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтар

Сабақ барысында бір- біріне деген құрмет көрсетіледі және ынтымақтастық артады.

Пәнаралық байланыс


Сабақ барсында қозғалыс кезінде кететін күш қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Көрнекі құралдар

0-5 минут





6-13 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесін тыңдау. Оқушыларды түгелдеу

Жалпы жетілдіру жаттығулары:

Б.Қ. Н.Т Қол белде аяқ иық кеңдігінде.

1-2 дегенде басты оңға 3-4 дегенде басты солға айналдыру.

Б.Қ. Н.Т. Қол иықта аяқ иық кеңдігінде.

1-2 дегенде иықты алға айналдыру, 3-4 дегенде артқа айналдыру

Б.Қ. Н.Т. Оң қол жоғары сол қол белде аяқ иық кеңдігінде.

1-2 дегенде оңға 3-4 дегенде солға иілу.

Жаңа тақырыпты игеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру.

-Оқушыларды спорт алаңын айналдыра жүгірту;

-«Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;




Ысқырық, секундомер


Ортасы

14-35 мин

Тапсырма

Жүріп өту кезінде бірнеше техникалық амалдарды қолданыңыз:

а). «Апельсин» техникасымен. Өкшелер бір-бірімен қосулы, аяқтың ұшы екі жаққа қарап тұру қалпында болады. Конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжытып шеңберді тұйықтау қажет. Осы жаттығуды орындау кезінде аяқтың астында шеңбер суреттері пайда болады.

b). «Шамдар» техникасымен. Апельсинге ұқсас қозғалыстарын жасаймыз, алайда шеңберді тұйықтау қажет емес, конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжыту барысында толықтай аяқты жазбай көбіне параллель қоюға тырысамыз. Осы жаттығуды орындау кезінде аяқтың астында жан-жаққа шашыраған шамның сәулелерінің суреттері пайда болады.









Дескриптор:

-берілген арақашықтықты жүріп өтеді;

- сырғанау барысында бірнеше техникалық тәсілдер қолданады;

- сырғанауда жаттығудың жеңілден қиынға ауысу реттілігін сақтайды.

Ысқырық, секундомер

Соңы

36-40минут

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушыларды қолдау мақсатында «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген марапаттау сөздерді қолданамын.

Деңгейлік тапсырмалар беремін

Бақылау,тыңдау, уақытқа жүгірту, «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау

Физика, биология Төтенше жағдай кезінде өзіндік және өзара көмек көрсету

Рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті , қай деңгейде өтті?

Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Психологиялық дайындық

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Жұптық жұмыс тапсырмаларын пайдалансам

2. Критериалды бағалауды меңгеріп қолдансам



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі