Қысқа мерзімді жоспар 10-сынып ҚГБ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 10-сынып ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 10-сынып оқу бағдарламасына сүйеніп жасалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 1-сабақ +++

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік- композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың сюжеттік- композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут




Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал

Мен қандай адаммын?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;



Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Сабақтың

ортасы

15 минут






























































































20 минут



































































































Сабақтың

соңы




5 минут








Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, ақ,көк түсті карточкалар арқылы топқа бөліп аламыз.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру.

Қызығушылықты ояту: Суретті «Ақбілек» шығармасымен байланыстырып айтыңыз.

Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3).

Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды.

Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.


Шығармалары мен еңбек жолы туралы қысқаша мазмұндау.

Бекіту сұрақтары /оқулық бойынша/

Қалам тербеген жанрларын


топтастырыңыздар.

Shape1

Shape3 Shape2

Shape5 Shape4





Ақбілек романы туралы қысқаша мәлімет.

Оқушылар бейнебаянды көреді. Шығарма мазмұнын бір біріңізге қысқаша аннотациясын түсіндіріңіз. Жұмыс жұпта жүреді.

Т. Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Шығарманы бөліктеріге бөліп , сол бөлікке талдау жасаңыз.

1-топ.

Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді.

  • Сіз талдап отырған бөлік шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

  • Онда не туралы баяндалады?

  • Автор баяндай отырып,қандай мәселені көтереді?

  • Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?

2-топ.

Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.
а) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр. Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?

3-топ.

Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші, қою қараңғылық. Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді. Олар бірте - бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.
Қасқыр ненің белгісі?

4-топ.

Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?
Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?
Ақбілек жолға шығады, оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?

5-топ.
Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз - өзіне ажал тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.
«.... бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ойбай - ау! Менің күйеуім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар - ұжданы туралы не айтасыз?
Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?

6-топ.

Ақбілек ауылда.
Ақбілектің елге оралуы, ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?
Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы, Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?
Ақбілектің жеңісі, «тазару, жаңару» кезеңі.
Автор әке аузына «Ақбілек жат, өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?

«Сонымен,...» тәсілі арқылы шығарманың идеясын анықтайды. Әр топ «сонымен,» дей отырып шығарманыің идеясын айтады.

Кері байланыс.

Мұғалім оқушыларға төменде берілген сұрақтар

арқылы кері байланыс береді.

Не жақсы болды?

Нені жақсарту керек?

Қалай жақсартамыз?


Үй тапсырмасы: Шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне назар аудара отырып оқу

Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, ақ,көк түсті карточкалар арқылы топқа бөліп алады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен танысады.

Қызығушылықты ояту: Суретті «Ақбілек» шығармасымен байланыстырып айтады.



























































































Оқушылар бейнебаянды көреді. Шығарма мазмұнын бір біріне қысқаша аннотациясын түсіндіреді. Жұмыс жұпта жүреді.

Т. Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Шығарманың бөліктері бөліп беріледі, сол бөлікке оқушылар талдау жасайды.



1-топ

Сұрақтарға жауап береді.

  • Сіз талдап отырған бөлік шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

  • Онда не туралы баяндалады?

  • Автор баяндай отырып,қандай мәселені көтереді?

  • Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?





2-топ.

Сұрақтарға жауап береді.


а) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр. Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?

3-топ

Сұрақтарға жауап береді.

Қасқыр ненің белгісі?




4-топ.

Сұраққа жауап береді.

Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?







5-топ.Сұрақтарға жауап береді.

Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?












6-топ. Сұрақтарға жауап береді.


Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?
























































































































Бағалау критерийі:

  • Шығарма мазмұнын түсінеді

  • Композициялық құрылымына талдау жасайды

  • Шығарманың идеясын анықтайды


Бағалау

Өзара бағалау. «Оң жағы, теріс жағы» әдісі







Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Мектеп» баспасы

2019 ж












































































https://www.youtube.com/watch?v=HplW8NV3Y5c


     


Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 2-сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;


Сабақтың мақсаты

Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут






(Оқушылар назарын сабаққа аударамын,сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді)

Оқушыларды 1-2-3 санамалап топқа бөлеміз.

Қызығушылықты ояту                          

«Жүсіпбек Аймауытов – бүкіл бітім, табиғатымен, бар икем – қабілетімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адам»  Т.Қожакеев  

 Ой шақыру:  

  • Балалар, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Темірбек Қожекеев аталарыңыздың Ж.Аймауытов туралы айтқан осы тамаша сөзінің мәнісі неде деп ойлайсыздар?

Оқушылар пікірі сұралады.

Оқушылар назарын сабаққа аударады,сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді.



Ойларын ортаға салады.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Сабақтың

ортасы

15 минут


















































10 минут















10 минут













Сабақтың

Соңы 5 минут







Мұғалім сөзі:

Ендеше, әрбір шығарма өмір мектебі десек, «Ақбілек»романының да өзіндік айтар ойы, ой саларлық идеясы бар.

Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші. Қою қараңғылық.Түн.Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе...

Түнімен қасқырлармен алысқан Ақбілек түнді ұйқысыз өткізді. Себезгілеп таң атты.

Берілетін тапсырма:

1.Шығарманың идеясын анықтаңыз.

 Мұғалім сөзі: Натурализм бағыты XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған. Натурализм – талдау, анализ жасау деген сөз, мұнда адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя.

Натурализмнің ерекшеліктері:

Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы. Шығармадағы кейіпкерлердің психологиясын бақылай отырып, автордың идеясын анықтауға болады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, өмірмен байланыстырады.

І топ

  • Қасқыр ненің белгісі?

ІІ топ

  • Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?

ІІІ топ

  • Талмаусыратып атқан таң Ақбілек өмірін қай арнаға бұрды?

Кері байланыс береді.


Оқулықтағы 1-бөлімді оқиды.

1.Берілген үзіндідегі автор ойын анықтайды.

2.Мамырабайдың тұрмыс-тірішілігінен қазақ ауылының қай кезеңін көре аламыз?

2. Ақбілектің көзінің тартуы ненің белгісі?

4. Үзіндіде табиғат көрінісі қалай суреттелген? Жазушы суреткерлігіне назар айдарыңдар.


Мұғалім кері байланыс береді.

5 минуттық эссе .

Шығармадан қандай ой түйдіңіз?

Әдеби териялық ұғымды қайталау.

Үйге тапсырма: Ақбілек романының қалған бөлімдерін толық оқу.


Мұғалім түсініктемесін тыңдайды.

























Шығарма идеясын анықтайды.





Натурализм бағыты туралы біледі.









Ерекшеліктерін біледі.











Сұрақтарға жауап беріп өмірмен байланыстырады.












Оқулықтағы 1-бөлімбді оқиды. Сұрақтарға жауап береді.















Рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма алады.

















































Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді;

Шығарманың идеясын анықтайды;

Өмірмен байланыстырады.

Топтық бағалау.

http://kitap.kz/index.php/catalog/book/974-aqbilek














https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD
































Қалыптастырушы бағалау жинағы –

10-класс





















Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Мектеп» баспасы

2019 ж


    

















Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 3-сабақ

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Назарбаева Ж.Қ.

Күні:

12.11.2024

Сынып: 10»А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы. Патша әскерінің лаңы. Патша өкіметінің державалық-империялық саясатының қазақ ауылына ықпалы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 Көркемшығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар назарын сабаққа аударту

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Зымыран сұрақтар» әдісі

(оқушыларға тақтадан сұрақтар қойылады)

  1. Романдағы оқиға қай кезеңде бейнеленген?
    2. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
    3. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
    4. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
    5. Ақбілек тығылып жатып қандай сезімде болды?
    6. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінді?
    7. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
    8. Қара мұрт қандай адам?
    9. Бекболаттың сүйген қызынан бас тартуы туралы не ойлайсың?
    10. Әкесінің қызын үйінен қуып жібергені дұрыс па?
    11. Жеңгесі қандай адам (жеңгесінің жасаған жақсылығы)
    12. Болған оқиғаға Ақбілек кінәлі ме? Ақбілек қандай қыз?

Кері байланыс.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сынып оқушыларын

АҚБІЛЕК тобы БЕКБОЛАТ тобы МАМЫРБАЙ тобы ҰРҚИЯ тобы

болып, 4 топқа бөлінеді.

Оқушылар мұғаліммен амандасу, қатысуына есеп береді. Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Зымыран сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты танысады. Сынып оқушылары

АҚБІЛЕК тобы

БЕКБОЛАТ тобы

МАМЫРБАЙ тобы

ҰРҚИЯ тобы

4 топқа бөлінеді.





Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Сабақтың

ортасы

15 минут























20 минут


























































5 минут




1 тапсырма.

Шығармадағы кейіпкерлерді тауып, қайсысы жағымды, жағымсыз кейіпкер екенін ажыратыңыз.

Шығармадағы кейіпкерлерді ата

Ақбілек





ТShape6

Кейіпкерлер

лер

Shape10 Shape7 Shape9 Shape8 өлеген Мамырбай

ЖShape18 Shape12 Shape17 Shape11 Shape16 Shape13 Shape15 Shape14 ылтыр Ескендір

КShape19 әмила Ұрқия

Ақбала Мұқаш



Доға Жорғабек

Балташ



Жағымды кейіпкерлер Жағымсыз кейіпкерлер

1-тапсырма. «Бұл қай кейіпкер?»

4 топқа кейіпкерлердің бейнесін ашатын сөз тіркестері мен сөйлемдер таратылады. Әр топ сұрақтарды таңдап, қай кейіпкер екендігін табыңыз



1 сұрақ:«...Қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам…»бұлар кімдер?

2 сұрақ: «…Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек кӛз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр…»

Бұл қай кейіпкер туралы?

3 сұрақ:«…Мен таңкы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сүр жігітпін. Жасым 35-те…»

Бұл қай кейіпкер туралы?

4 сұрақ:«… жас түлегі, айы-күні — жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлбеңдетіп, қызыл- жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді…

Бұл қай кейіпкер туралы?

3 тапсырма: «Маған ұнаған кейіпкер...» шығармашылық жұмыс. (әр оқушы өзіне ұнаған кейіпкер туралы шығармашылық жазба жұмысын жазады) сөз саны – 80-100 сөз

Әр топқа шығармадағы кейіпкерлерді тауып, қайсысы жағымды, жағымсыз кейіпкер екенін ажырату тапсырмасы ұсынылады.Оқушылар тапсырманы орындайды.





























4 топқа кейіпкерлердің бейнесін ашатын сөз тіркестері мен сөйлемдер таратылады. Әр топ сұрақтарды таңдай отыра, қай кейіпкер екендігін табады. Сұрақтарға жауап береді.





































3 тапсырма: «Маған ұнаған кейіпкер...» шығармашылық жұмыс. (әр оқушы өзіне ұнаған кейіпкер туралы шығармашылық жазба жұмысын жазады) сөз саны – 80-100 сөз




















































































Кері байланыс, өзара бағалау.

https://www.youtube.com/watch?v=mCxtmrAzNXI –Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы





Кері байланыс. «Менің баспалдағым»



Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.










     












Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 4-сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы. Офицер монологі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс(эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс(эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.

С

«Жүсіпбек Аймауытов...» ойды жалғастырыңыз. Көзқарасыңызға дәлелдер келтіріңіз.

1.

2.

3.

Сәлемдесу. Кезекші есебі. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.

С

«Жүсіпбек Аймауытов...» ойды жалғастырыңыз. Көзқарасыңызға дәлелдер келтіріңіз.

1.

2.

3.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Сабақтың

ортасы














25 минут





8 минут






Орыс офицерінің монологын үйден оқып келген. Сол бойынша шығармашылық жұмыс орындайды.


Шығармашылық жұмыс.

Т

1-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы көтерілген мәселені талдап, эссе жазыңыз/ сөз саны-150-180/.

2-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп, әдеби эссе жазыңыз / сөз саны-150-180/.



3-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы орыс офицерінің монологы арқылы оның шын сырын дәлелдеп, шығарма жазыңыз/ сөз саны-150-180/.

Эссе , шығарма құрылымын сақтаңыз.

«Аялдама» әдісі.Сағат тілімен айнала отырып, өзге топтардың шығармашылық жұмысымен танысыңыздар, талдаңыздар, ұсыныстарыңыз мен тілектеріңізді жазып, бағалаңыздар.


Орыс офицерінің монологын үйден оқып келген сол бойынша шығармашылық жұмыс орындайды.


Шығармашылық жұмыс.

Т

1-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы орыс офицерінің бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап, эссе жазады.

2-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп, әдеби эссе жазады.

3-топ. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы орыс офицерінің монологы арқылы оның шын сырын дәлелдеп, шығарма жазады.

«Аялдама» әдісі. Оқушылар сағат тілімен айнала отырып, өзге топтардың шығармашылық жұмысымен танысады, талдайды, ұсыныстары мен тілектерін жазып, бағалайды.


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады

1

Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасайды;

Өз пікірін жүйелі жеткізеді;

Шығармашылық тұрғыдан тақырыпты тарқатып жазады;

әдеби терминдерді, деректерді орынды қолданады;

ойдың логикалық бірізділігін сақтайды;

Эссе құрылымын сақтайды


10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019ж










https://kk.wikipedia.org/wiki/



5 минут

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үйге тапсырма: Ж. Аймауытов «Ақбілек»

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек».Үйге тапсырма алады: Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы


«Екі жұлдыз, бір тілек»

     


Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 5-сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов " Ақбілек" романы (үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

Құндылықтар


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




  • Табиғат көрінісі қандай оқиға туралы ой қозғайды?

  • Ошақ басында адамдар туралы не айтасыз? Олар кімдер?

  • Бүркітші бейнеленген суретті шығарма сюжетімен қалай байланыстыруға болады?

  • Суыт жүрген салт аттылар туралы не айтуға болады?

  • Олардың киген киімдері несімен ерекшеленеді?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.



Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Сабақтың

ортасы














25 минут





8 минут





1-тапсырма. Ж/ЖЖ. «ЖАК» әдісі

Оқушылар алдынала «Ақбілек» романын оқып келеді. Жеке ауызша комментарий әдісі бойынша оқушыларға романнан үзінділер беріледі. Роман үзінділері бойынша жеке ауызша комментарий жүргізеді.

Тапсырманы орындау жолдары:

  • әр оқушы ауызша комментарийді жеке жасауына болады;

  • жұпта бір-біріне айтуға болады;

  • әр оқушы жеке аудиоға жазып, мұғалімге жіберулеріне болады.

Қадамдары:

  • өзін таныстыру

  • шығарма, автор

  • үзіндінің тарауы, үзіндіге дейін, үзіндіден кейін болатын оқиғалар, үзіндінің шығармадағы алатын орны. Комментарий кезінде үзіндінің мазмұнына емес, ондағы көтерілген мәселелерге тоқталыңыз.

  • кейіпкерлер, жер-су т.б. атаулары

  • автор көп қолданған сөздер.

2-тапсырма. Т. «Дәйексөз» әдісі

Оқушыларға «Ақбілек» романының 1,2-бөлімінен үзінділер таратылады.

1-үзінді

Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойраңдап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің көзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шөгіп, сай – салаға бауырын төсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Көк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын көздеп тұратын шопан атасындай – жау көргендей, зым – зия жоғалыпты. Саялдық қара бұлттар– ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!Күздің сарғыш жапырақтары – ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері – ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Бұлттар - ау, серпілмейсіңдер ме?! Жапырақтар – ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы! Ызығырық – ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!Ой, мейірімсіз шіркіндер – ай! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! Сендердің қас – қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!

2-үзінді

 Бұл немене?..Адам ба? Аң ба?.. Кім болса да қатерлі. Ақбілек сойылына тағы жармасты. Демін ішіне тартып, сілейіп қалды...

 Ақбілек сабалайды. Қасқыр абалайды. Ақбілек сабалайды. Қасқыр қамалайды. Ақбілек «Аллалайды». Қасқыр долданады. Ақбілек дөңгелейді... Қасқыр күрілдейді, Ақбілек шырылдайды. Қасқыр қырқырайды. Ақбілек шырқырайды... Сөйтіп Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...

 Ақбілек әбден алқынды, алас ұрды, жұлқынды, әлі құруға таянды. «Енді жығылдым ғой, енді талайды ғой, енді ауызды салды ғой, енді жеді ғой...» деген кезде, Ақбілектің аяғы астынан бірдеңе жылт ете түсті. Қасқырлар жарқ берді. Манағы іңірде шай қайнатқан оттың көзі әлі сөне қойған жоқ екен. Ақбілек алас ұрып жүргенде аяғымен шашып жіберген екен. Қасқырлар отты көріп жарқ берген екен. Қасқырдың оттан қорқатыны Ақбілектің есіне сап ете түсті. Ауылда қой күзеткенде қотанның шетіне жағатыны қане.

 Ақбілек от басындағы тезекті, құраған шөпшекті дереу тұтатып үрлеп жіберді. «Менің керегім жаңа болған жоқ па?» дегендей, жел де қошаметке иеленіп, жалынды лап ете түсірді. Жалын қалай шықты, солай қасқырлардың қарасы өше берді. «Өлмегенге өлі балық» деген осы да. От сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөнетін еді. Отты тапқан адамның атасынан айналсаң болмас па!

 «Заула отым, заула! Мазда отым, мазда! Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!»— дегендей Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды.

3-үзінді

 — Иә, жолдастар! Мен енді өз пікірімді айтайын,— деп мұрнын орамалымен сүртіп, төмен қарап отырып сөз бастады. — Мәселе болыс, үйез маштабындағы мәселе болса да, жалпы қазақстандық мәселені қозғауға себеп болып отыр,— деп, кеудесін көтеріп, сұқ қолымен бас бармағын уқалап, басын әнтек шалқайтып, қарсы алдында отырған Тыпанның қарнына қадала қарады: мәселе сол қарында тұрғаннан жаман.

 — Біз төңкеріске дайындалған ел емеспіз. Төңкеріс бізге көктен түсті. Біз орыс пралетариаты, орыс балшебектері қан төгіп алып берген даяр олжаға ортақ болып отырмыз,— деп бір нығыздап қойды. Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып, иі қанған, ескі сөз болса да, Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты.

 Иә, өкімет — жалшынікі, кедейдікі. Жалшылар тобы байлар табын жеңіп, қашаннан иемденіп жүрген жер-суын, фабрика-заводын, мал-мүлкін астынан аударып алып отыр... Иә, иә... орыста тап күресі басталғалы жүздеп жылдар өтті. Бізде тап тартысы әлі басталған жоқ. Ол неліктен? Әлде бізде бай, кедей, жеуші, жегізуші жоқ па? Әлде біздің елімізде қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұр ма? Жоқ, жолдастар! Жеу, қанау, жаншу, зорлық, қиянат деген нәрселерден бізде көз тұнжырайды. Бірақ өкімет байлардікі, күштілердікі болғандықтан жылауқордың көз жасы көрілмеді, тілегі берілмеді. Іштен тыныш, қапа боп, итшілеп күнелте берді.. Иә... Иә... Бай тегіннен-тегін бай болмайды; елдің байлығын, қанын сорып, малайдың еңбегін жеп бай болды. Бұл — талассыз шындық. Әлгі Әбендердің бай болу себебі сол. Оған дау жоқ... Иә, иә... Бізде кедейлер табы деген тап болып, байларға, жауыздарға қарсы тұра алмауы қалай? Олар да жан емес пе? Өз пайдасын, өлерін білмегені ме? Міне, бұған түрлі себеп бар. Бізде жалшылар, кедейлер бас қосарлық, ұйымдасарлық, мұң-мұқтажын сөйлесерлік фабрик-зауыт сықылды ордалы дүкендер болмады. Езілген, жаншылған кедейдің басы бірікпей, әр төбенің түбінде бытырап жүрді. Шын мәнісінде бізде пралетариат болған жоқ; болса да олар өлі аз; енді бізден жалшылар шықпақ, өйткені фабрик-зауыт кәсібі бізге де орнамақ. Кен жұмыскерлері бізде бұрын да бар ғой... Иә, иә... біздің кедейлеріміз, жалшыларымыз ақтан қараны айыра алмайтын, көзі соқыр болды... Иә, кедей баласы соңғы жылдарда ғана оқи бастады. Бұрын төрелердің, ақсүйектердің, байдың, болыстың баласы оқитын... (Жорғабек естімеген кісі боп, теріс қарайды). Иә, онсын бізде ру таласы деген пәле бар. Ру басы ақсақал, атқамінерлер өз пайдасына бола ру-рудың кедейлерін жауластырып, кедейді шоқпар қылды...

  • Флипчартқа үзінділерден ғаламдық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар шығарады.

  • Берілген үзіндіден проблемалық сұрақтарға дәйексөз келтіреді.

  • Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

  • Әр топ бір дәйексөз таңдайды.

  • Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды.

А. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

В. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады?

Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.

С. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор көзқарасы тарапынан талдау жасаңыз.

- Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.

- Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.

- Топ жұмыстарын қорғайды.

Топтар бір-біріне сұрақ қояды, пікір білдіреді, бағалайды.

Өзара бағалау.


«Ақбілек» романынан алынған үзінділерді ғаламдық мәселелелермен байланыстыру

Үзінділер бойынша жеке ауызша комментарий жүргізеді

Үзінді алдындағы оқиғаға комментарий жасайды

Үзіндіден кейінгі оқиғаға комментарий жасайды

Үзіндіде көтерілетін мәселеге комментарий жасайды

үзінділерден ғаламдық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар шығарады



үзіндіден проблемалық сұрақтарға дәйексөз келтіреді.



10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019ж










https://kk.wikipedia.org/wiki/



























































































https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/2-zhusipbek-ajmauytov-aqbilek-romany-1

5 минут

Рефлексия

ПОПС формуласы

«Ақбілек» – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді,- деген тұжырымға сабақ барысында үзінділермен жасалған жұмыстар негізінде «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасайды .

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім.

Үй тапсырмасы? Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романын оқу. Шығарманың стильдік және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып оқу немесе аудиокітаптан тыңдау.



Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек».Үйге тапсырма алады.

ҚБ қойылады.

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/2-zhusipbek-ajmauytov-aqbilek-romany-1

     
















Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 6 -сабақ

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Назарбаева Ж.Қ.

Күні:

19.11.2024

Сынып: 10»А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек" романы. Мұқаштың тағдыры мен шынайы бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.5.1-шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

Құндылықтар


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мұғаліммен амандасады. Кезекші есеп береді. Сабақтың тақырыбын, мақсатымен танысу.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Сабақтың

ортасы














25 минут





8 минут





ЖЖ/Т. «Тұжырымдамалық кесте»

1-қадам. Шығармамен толық танысыңыз.

Төмендегі кесте үлгісінде жұмыс жасаңыз:

(берілген тұжырымдарды өзгертеуге болады)

2-қадам. Кестені оқыған мәліметтер негізінде толтырыңыз.

3-қадам. Жұппен, топпен талқылаңыз. Шығарманың құндылықтар жүйесін анықтаңыз. Көтерілген мәселелерді қазіргі жаһан өмірімен байланыстырып талқылауға ұластырыңыз.



«Ыстық орындық» -кейіпкермен кездесу С

Кейіпкер ретінде «Ыстық орындыққа» шақырыңыз.

Кейіпкерге қатысты сұрақтарыңызды белгілеп, уақыт аяқталған соң, кезек-кезек қойыңыз.

ЖЖ. «Әңгіме кестесі»

Кері байланыс/Рефлексия





Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Кестені талабына сай толтыра алады;

Зерттеу сұрақтарын құрастырып, топта талқылай алады. 















Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Сұрақтар құрастырады;

Өз жауаптарын ұсынады.


10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019ж










https://kk.wikipedia.org/wiki/


5 минут

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үйге тапсырма: Ж. Аймауытов «Ақбілек»

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек».Үйге тапсырма алады.

ҚБ қойылады.

«Екі жұлдыз, бір тілек»






Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 7-сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Ақбілектің оралуы.БЖБ №1


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу


Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут




Қызығушылықты ояту

«Менің есімде...» тапсырмасы

1.Жүсіпбек Аймауытов кім?

2.Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?

3.Олардың қызметінің қай жағы басым?

4. «Ақбілек» романының жазылу тарихы, жариялымы?

5. «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған?

6. Натурализм деген не?

7. Ол адам өмірін неден өткізеді?


Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.




Қызығушылықты ояту

«Менің есімде...» тапсырмасы

1.Жүсіпбек Аймауытов кім?

2.Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?

3.Олардың қызметінің қай жағы басым?

4. «Ақбілек» романының жазылу тарихы, жариялымы?

5. «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған?

6. Натурализм деген не?

7. Ол адам өмірін неден өткізеді?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

Натурализм үлгісінде жазылған, психологиялық роман.

Өмір мен өлім тартысы. Психологиялық параллелизм

Адам өмірін сынақтан, эксперименттен өткізеді


Сабақтың

ортасы

15 минут













































20 минут

































































1-тапсырма.ЖЖ. «Зерделе» әдісі

Оқушылар жұпта «Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасап, сұрақтарды талқылайды.

1-жұп.

Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік.Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді. Ақбілектің өміріне кінәлі заман ба әлде адам ба?

2-жұп.

Ақбілек тауда жалғыз. Қою қараңғылық, түн, су арқырап ағып жатыр, жел гуілдеп тұр. Бір кезде ұлыған қасқырлар даусы естіледі. Олар бірте – бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Жазушының оқиғаның қасқырмен байланыстыруының себебі неде?

3-жұп.

Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуде. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін. Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрді.Жазушы жылт еткен шоқты ненің символы ретіндеретінде қолданған? Ол Ақбілектің өмірін өзгертуге қалай әсер етті?

4-жұп.

Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр.Ақбілек мұңайып келеді. Ақбілектің басындағы бұлт енді қоюлана түсті.

Бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді.Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын?Ол неге өлім тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Қуану керек емес пе? Жазушы қазақ қыздарының ар – ұжданы туралы не айтқысы келді? Өмірмен байланыстыра жауап беріңіз.

2-тапсырма. «Салыстыру» әдісі

Оқушыларға С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан үзінділер Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романымен салыстыра талдау үшін оқуға ұсынылады.



БЖБ №1

Оқу мақсаты:

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийі:

  • шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады;

  • әдеби сын жазады..



Оқу дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей.

Уақыты: 20-25-минут.




1-тапсырма. «Салыстыру» әдісі

  1. Суреттерге қарап, екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табыңыз.


  1. Екі шығарманы салыстыра отырып, талдаңыз.



Шығарма


Тапсырма


«Ақбілек»

«Қалың мал»

Тақырыбы, автор идеясы



Шығарманың мақсаты



Кейіпкерлер мінездемесі



Бойжеткендер тағдыры



Оқиғалар шиеленісі



Оқиғаның аяқталуы



3.Ж.Аймауытов пен С.Көбеев шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазыңыз130-150 сөз/



\











































  1. Суреттерге қарап, екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табады.













2.Екі шығарманы салыстыра отырып, талдайды.

3.Ж.Аймауытов пен С.Көбеев шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады/130-150 сөз/


























































Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу



БЖБ

«Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасайды

сұрақтарды талқылап жауап береді

С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан үзіділерді «Ақбілек» романымен салыстыру үшін оқиды

суреттерден екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табады

шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстырады

шығарма мақсатын анықтайды

кейіпкерлерге мінездеме береді

кейіпкерлердің тағдырын салыстырады

Оқиғалардың шиеленіскен тұстарын салыстырады

Оқиғалардың аяталуындағы үндестікті табады

кейіпкерлердің қабылдаған шешімін салыстырады

жазушылардың көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады


10 балл

Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Мектеп» баспасы

2019 ж








https://kitap.kz/books/qalyng_mal

С.Көбеев «Қалың мал»
















Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:


  • Ж.Аймауытов «Ақбілек» романын оқу;

  • Рефлексия. ҚҚҚ



Үйге тапсырма алады. Рефлексия жасайды.



10 балдық жүйемен ҚБ қойылады.





Стикер

     


























Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 8 –сабақ+

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы. Бақыт пен махаббат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақтың мақсаты

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;




      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Сәлемдесу.Оқушылар 1-2-3 сандары арқылы үш топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту.

Топтастыру. Ақбілек бейнесін сомдау үшін жазушы қолданған қосалқы кейіпкерлерді топтастырып, осы кейіпкерлер әрекетіне байланысты автор көзқарасына болжам жасаңыз.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Ақбілек бейнесін сомдау үшін жазушы қолданған қосалқы кейіпкерлерді топтастырып, осы кейіпкерлер әрекетіне байланысты автор көзқарасына болжам жасайды.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




А-4 қағазы, түрлі түсті қалам

Сабақтың ортасы












8 минут

1-тапсырма.Ж. «Өзіндік пікір» әдісі

Жазушы шығармада қандай мәселелер көтерген? Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені ұсыныңыз. Автор көтеріп отырған маңызды мәселеге романнан дәлел келтіріп, өз көзқарасыңызбен пікір білдіріңіз.

Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселе

Автор көтеріп отырған маңызды мәселеге дәлел (романнан)

Өзіндік пікір













Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені ұсыныңыз. Автор көтеріп отырған маңызды мәселеге романнан дәлел келтіріп, өз көзқарасыңызбен пікір білдіреді.
























10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019ж


10 минут




























15 минут







Сабақтың соңы

5минут

2-тапсырма /Оқулықтағы 76-

бет/.

Т. «Талдап білу» әдісі

Оқушылар Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» шығармасын Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы тартысқа толы психологизммен салыстыру үшін алдымен жұпта оқып, содан кейін топта бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама беріңіз.

Талқылаушы - шығармалардың идеясын салыстырып талқылайды.

Белгілеуші – шығармалардағы кейіпкерлердің күйзелісі бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- шығармалардағы оқиғаларды өмірмен байланыстырады (Мұқаш пен Жалпақ балуанның жасаған әрекеттері).

Топ шешені- шығармалардағы кейіпкерлер әрекетіне сәйкес мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- Ж.Аймауытов пен Ғ.Мүсіреповтың шығармаларының мазмұндарын салыстырып, қорытынды жасайды.


3-тапсырма.

Ж.Аймауытов пен Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазыңыз /Сөз саны-150-160/.

Рефлексия «Көршіңмен сөйлес» әдісі

Қандай жаңа мәлімет алдыңыз?Не ұнады?Сабақтың қай жері есіңде қалды?Келесі сабаққа ұсынысың бар ма?

Үйге тапсырма: «Ақбілек» романын қайталап келу

Оқушылар Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» шығармасын Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы тартысқа толы психологизммен салыстыру үшін алдымен жұпта оқиды, содан кейін топта бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.














Ж.Аймауытов пен Ғ.Мүсіреповтың шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады./Сөз саны-150-160/.



Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу

жазушы көтерген маңызды үш мәселені анықтайды

маңызды мәселеге романнан дәлел келтіреді

көтерілген мәселеге қатысты өзіндік пікір білдіреді

Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы»шығармасын «Ақбілек» романымен салыстыру үшін оқиды

шығармалардың идеясын салыстырады

кейіпкерлерге қатысты сұрақтар құрастырады

кейіпкерлердің іс-әрекеттерін өмірмен байланыстырады

кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты тұжырым жасап, қорытынды жасайды

кейіпкерлердің қабылдаған шешімін салыстырады

жазушылардың көзқарастарынсалыстырып, әдеби сын жазады


https://argymaq.kz/archives/9604







Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 9 –сабақ+

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

1.Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы . Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну 


Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.


Сәлемдесу. Кезекші есебі. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен танысады.




Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Сабақтың басы

5 минут




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.



10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019 жыл



Сабақтың ортасы


5 минут
















5 минут









5 минут













5 минут















10 минут








Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе


Ә. Кекілбаевтыңөмірі және проза жанры туралы қысқаша түсінік беріледі.

«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды.

Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты. 
1 ДЖИГСО әдісі бойынша оқушыларға «Аңыздың ақыры» шығармасын оқыңыздар , мазмұнымен танысыңыздар.

2.ДЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында топтық оқыту әдісі қолданылады.

- Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушыға шығарма бөлігін түсініп оқу қажет екендігі ескертіледі.

4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты екені түсіндіріледі.
- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.Осы әдіс арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі оқытуға, шығарма мазмұнын қысқаша баяндауға үйренеді.

Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды. Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен жеткізе алған оқушылар марапатталады.

Топтық тапсырма. Топтық жұмыс.

Композицияның жоспарын жасау.

Шығармалық басталуы

Шығарманың дамуы

Шығарманың шиеленісуі

Шығарманың шарықтау шегі.

Шығарманың шешімі.

Шығарманың сюжеттік желісін анықтайды.





Ә. Кекілбаевтыңөмірі және проза жанры туралы қысқаша түсінік алады.







































































1 ДЖИГСО әдісі бойынша оқушыларға «Аңыздың ақыры» шығармасын оқып , мазмұнымен танысады, бірін-бірі оқытады.

2.ДЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында топтық оқыту әдісі қолданылады.

- Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушыға шығарма бөлігін түсініп оқу қажет екендігі ескертіледі.

4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты екені түсінеді.
- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.Осы әдіс арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі оқытуға, шығарма мазмұнын қысқаша баяндауға үйренеді.

Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды. Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен жеткізе алған оқушылар марапатталады.













































































































«Саусақ әдісімен» бағалайды.





Топтық бағалау жүреді.

Суреттер







https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/


Сабақтың соңы

5 минут


Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды.Әр оқушы өздері қалаған 1 сұраққа жауап жазады.

Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз?

Шығармамен танысуда қай әдіс ерекше тиімді болды деп ойлайсыз?Неліктен?

Шығармадағы оқиғалар сізге қалай әсер етті?

Қай тапсырманы орындауда қиындық болды?

Сабақтың мақсатына жеткен –жетпегенін оқушылар өздері бағалайды.Алдағы уақытта нені жетілдіру керектігін анықтайды.

Үйге тапсырма:

1.Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.





     





Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 10 – сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

4. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.1 - Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды

Құндылықтар


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Сәлемдесу. Сабақты түгендеу. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.

Қызығушылықты ояту.

КShape20 өркем шығармадағы уақыт дегенде ойларыңызға қандай сөз оралымдары оралады?Тізіп жазыңыз

Shape23 Shape21 Shape22

Көркем шығармадағы уақыт





Shape25 Shape24




Мұғаліммен сәлемдесу. Кезекші есебі.. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен танысу.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Кластер кестесі

Сабақтың ортасы






15 минут










15 минут


















3 минут





Мағынаны тану

Т

1-тапсырма. Әдеби шығарманың композициясын уақыт тұрғысынан талдаңыз

«Аңыздың ақыры» шығармасындағы уақыт

Қысқаша сипаттамасы

Мысал

Тарихи



Ғаламдық



Күнтізбелік



Тәуліктік








ЖЖ

2-тапсырма. Ойланыңыз. Талқылаңыз. Бөлісіңіз.

  1. Ә. Кекілбаев туындыда детальдар арқылы

уақыт пен кеңістікті аша алды ма?

Мысалы, «Мұнараны» деталь ретінде алып қарастырсақ...

  1. Уақыт пен кеңістік бойынша мәтіннен ақпараттар табыңыз және көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

  2. Уақыт пен кеңістіктіңоқырман мен жазушы үшін рөлі қандай?




Кері байланыс

Әдеби шығарманың композициясын уақыт тұрғысынан талдайды.















Ойланады. Талқылайды. Бөліседі.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды


Әдеби шығарманың композициясын уақыт тұрғысынан талдайды

Мәтіннен мысалдар келтіреді

Уақыт бойынша қысқаша сипаттама береді

Мәтіннен уақыт пен кеңістікке қатысты ақпараттарды анықтайды

Дәлелдер келтіреді

Өз көзқарасын жүйелі және толық жеткізеді



10 балл


Дескриптор

Сабақтың соңы

5 минут





Үйге: Уақытқа қатысты цитаталар жазу.

Рефлексия жасайды. Үйге тапсырма алады.

ҚБ қойылады.

Смайликтер

     




















Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 11 – сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

3. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы , кейіпкерлер жүйесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау


Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды мен даралайды.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.

Топқа бөліну.


Сәлемдесу. Кезекші есебі. Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстыру.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




Сабақтың басы

5 минут




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

«Көңілді әуен»

2.Оқушылар әуенмен қалпақтарды жылжытып бастарына киеді. Әуен тоқтаған кезде қалпақ кімнің басында қалып қойса, кез-келген оқушы өтілген шығарма мазмұны бойынша сұрақ қояды. Оң жақта тұрған оқушы сол сұраққа жауап береді.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.

«Көңілді әуен»

2.Оқушылар әуенмен қалпақтарды жылжытып бастарына киеді. Әуен тоқтаған кезде қалпақ кімнің басында қалып қойса, кез-келген оқушы өтілген шығарма мазмұны бойынша сұрақ қояды. Оң жақта тұрған оқушы сол сұраққа жауап береді.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.









10-класс «Қазақ әдебиеті» оқулығы ,2019 жыл

Сабақтың ортасы


5 минут
















5 минут









5 минут













5 минут















10 минут








Ой шақыру бөлімі:

«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. 

Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.

«Дәйексөз ойынын» ұйымдастыру.

Әр топқа мәтіннен белгілі бір дәйексөздер үлестіріледі, сол бойынша өз пікірлерін айтыңыз. Оны қазіргі өмірде кездесетін жағдаяттармен дәлелдеп, ортаға сал. Шығарманың осы бір эпизодына байланысты кейіпкер ойлары мен сезімдеріне негізделген СЭНКВЕЙН жаз.

Оқушы жауаптарын тыңдау барысында қажет болса мұғалім дәйексөздің маңыздылығын ашатындай сұрақ беру т.б. арқылы жетелеп отырады.

1-тапсырма.ТЖ /оқулықтағы 2-тапсырма, 93-бет/

  1. Екі топқа берілген тақырып бойынша іздену тапсырмасы беріледі. Кесте құру

- Оқушылар кейіпкерлерді тізіп жазады.

-Бұл кейіпкерлер қай оқиғаға байланысты тоғысады.

_ Әмірші _____________0___

_ Кіші ханым ________________________0

_ Шебер _____________________________________0

Т.б

2. Бұл кейіпкерлердің шығармадағы

- орны,

- маңызы

- оқырманға әсері туралы ойларымен бөліседі.



2-тапсырма.«Сэккуэй» («Бес жол өлең»)

1-топ: Әмірші

2-топ: Кіші ханым

3-топ: Шебер

Кейіпкерге «бес жолды өлең» құру.

Үлгі:

  1. Зат есім (1)

  2. Сын есім (2)

  3. Етістік (3)

  4. Көңіл күйге қатысты сөйлем (4)

Синоним (5)

Мұғалім кері байланыс береді.

3-тапсырма/ оқулықтағы 3-тапсырма негізінде, 93-бет/.

Ж «Проблемамен саудалас» стр. 15 мин

Шығармадағы адамдар тағдырына, кейіпкерлердің қабылдаған шешіміне, жазушының көзқарастарына, шығарманың көркемдік сипатына байланысты

3 проблемалық сұрақ ойлап жазыңыз.

2 мин

  1. …………………………………………………

  2. ………………………………………………………

  3. ………………………………………………………

  4. ………………………………………………………

  5. …………………………………………………………



Жазған сұрақтарды жұпта, топта талқылап, ең үздік деген 2 сұрақты таңдап алып, өзге топқа қойып, талдаңыздар, қорытынды шығарыңыздар.

Мұғалім кері байланыс береді.



















Әр топқа мәтіннен белгілі бір дәйексөздер үлестіріледі, сол бойынша өз пікірлерін айтады. Оны қазіргі өмірде кездесетін жағдаяттармен дәлелдеп, ортаға салады. Шығарманың осы бір эпизодына байланысты кейіпкер ойлары мен сезімдеріне негізделген СЭНКВЕЙН жазады.







«Бес жолды» өлең жазады.



Кесте құрады









«Проблемамен саудалас» стр. 15 мин

Шығармадағы адамдар тағдырына, кейіпкерлердің қабылдаған шешіміне, жазушының көзқарастарына, шығарманың көркемдік сипатына байланысты 3

проблемалық сұрақ қүрастырады.







Жазған сұрақтарды жұпта, топта талқылап, ең үздік деген 2 сұрақты таңдап алып, өзге топқа қойып, талдаңыздар, қорытынды шығарыңыздар. Топтар бір-бірін бағалайды.
































































Критерий арқылы бағалау .


























Топтар өздерін бағалайды.
























Топтар бір-бірін бағалайды.


https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/.


Стикер

Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс

«Бес саусақ» стр.

Сұқ саусақ – ескерту

Бас бармақ – ұнаған жағы

Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі

Үйге тапсырма:


Кері байланыс жасайды.


«Бес саусақ»

     







Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 12 – сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

4. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы .Мұнара. БЖБ№2

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Сабақтың мақсаты

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут




Жылулық шеңбері. Оқушылар жаңа күнге бір-біріне сәттілік тілейді, көркемдегіш құралдары(эпитет, метафора, теңеу, метонимия) бойынша 4 топқа топтасады.

«Болжау» әдісі арқылы болжау жасатады.

  • Неге топқа дәл осылай бөліндік деп ойлайсыздар?

  • Топ атаулары арқылы сабақтың мақсатын анықтай аламыз ба?

  • «Аңыздың ақыры» шығармасының көркемдік ерекшелігі неде деп ойлайсыздар? СЖ

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлрі таныстырылады.

Жылулық шеңбері. Оқушылар жаңа күнге бір-біріне сәттілік тілейді, көркемдегіш құралдары(эпитет, метафора, теңеу, метонимия) бойынша 4 топқа топтасады.

Сқрақтарға жауап береді.

  • СЖ

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен танысады.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


http://freepapers.ru/9/krkemdegsh-raldar/140982.889392.list2.html


Сабақтың ортасы


5 минут
















5 минут









5 минут













5 минут















10 минут








Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.

«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргізіңіздер.

Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасаңыз.. ТЖ

1-топ

Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен кек түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан қызыл желд і бетке ұст ап ілбіген д е отырған. Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда - ешкім ажырата алмастай... Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі ием-деніп, асыр салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... Сол бір шаң-тозанға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Әумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды.

2-топ

Пәлен ай бойы үдере тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына да жақындады. Алдарынан арқырай мөңкіген тау өзені жолықты. Арғы бетте өкшелері жалтыраған қара сирақ диқандар маң-маң басып дән сеуіп жүр. Кең қойнауды шырқ айнала қоршаған таға таудың баурайының бәрі бұйра-бұйра ну жыныс, үлпілдек ақ

жолақ, ақшыл жолақ, сарғыш жолақ, қызғылт жолақ, жасыл жолақ - теңбіл-теңбіл. Ертеңгі пісетін шырын жемістердің дәмін сездіретіндей бір түрлі күмілжі тәтті иіс кісіні еліттіріп, басқа шабатындай. Сол бір пейіштей көркем қойнауға быжынап көп шатыр қонды. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Әлгі тұнып тұрған тыныш қойнау мен манаурап жатқан марғау т ауларға жан біткенд ей, жан-жақтан

дүбір мен дүсір көбейе бастады. Бұйра жы-ныстардың арасындағы бұғылар мен еліктер сытылып шығып, өзеннің арғы бетіндегі ұлан-асыр кең жазыққа қарай лап қойды. Жан-жақтан тартылған сұр жебе онсыз да жүректері ұшып безіп бара жатқан жүйрік хайуандардын соңынан суылдап қуып берді. Талайы омақаса құлап, опат тапты.Қалың қолға оңай ет табылды. Өзеннің арғы бетіндегі қара сирақ диқандар да, қаражолақ айғыз-айғыз аңыз басына қолдарындағы соқала-ры мен кетпендерін, тұқым толы дорбаларын тастай-таст ай қаша жөнелді. Бірақ олардың соңынан оқ жауған жоқ. Тау баурайындағы сыбдыр күшеймесе басылар емес. Олар, шамасы, қалың-қалыңның арасымен арғы қауіпсіз баурайға жылысып бара жатқан жымысқы жыртқыш аңдардын дүсірі болса керек. Осыдан он жыл бұрын күнгей еліне жорыққа атт анарда диуанда пікір екі жарылды. Бұның үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі әлемд і біз билейміз»,-деп құлшынса, әмірлері: «Қара шыбындай қаптаған көп халықты бағындырып ап, билеп-төст ер болсақ, көп ұзамай олар өзімізді жұтып қояды. Ұрпақтарымыз ана тілін де ұмытып қалады», – деп тартыншақтағанды. Сонда ол құран аштырып еді: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес бұзақыларға қарсы соғыс аш», – деген сүренің үстінен шықты.

3-топ

Күнгей елінің алтыны кейбір әмірлерінің қисайған ауыздарын қайта түзеткенді. Қара шыбындай қаптаған елді де жеңуге болатынына сол жорықта көздері жетіп қайтқанды. Ал машырықтың алтыны күнгейдің алтынынан көп болмаса, аз емес. Оны тиыннан тиын балалататын мұның елі жақсы біледі. Ендеше, дәл қазір жаңа жорыққа шығардай кім табыла қояды. Кім? Ол мынау тығырыққа кеп тіреліп қалды. Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр. Қашан келсең де, мынау тылсым кеңістің әлдебір жерінен жапырақ козғар леп тауып тұратын биік ағаштар басындағы судыр-судыр да сол қалпы. Бәрі де бұған: «Ойлан, ойлан», – дейтіндей. Бой сергітем деп келгенінде, қайдағы-жайдағының

бәрін есіне түсіретін осы бір қалтарыс оңашаға, ондағы өсекшінің аузындай ылғи сыпсыңдап тұратын осы бір жапырақ сыбдыры мен су сылдырына ыза боп кеткендей,орнынан тұрып, жалғыз аяқ соқпаққа түст і. Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға

баст ады. Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей.

4-топ

Көп ұзамай әкесі шарыққа бұның өзін отырғызды. Көздің жауын алатын әдемі құмыра жасауға саз топырақ пен су, қара көрік лапылдата маздатқан сексеуіл шоғынан да басқа ән бойындағы бұлшык, еттің бәрін солқылд ат а сорып шығатын қара күш, көз етіңді суырып алғанша міз бақпай қарайтын жіті жанар, тоқсан тарау жұлын-жүйкеңнің

бәрін шүйкедей иіріп, түбіттей түтетін үміт пен күдік, ынта мен ыждаһат, соның бәріне ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қатыгез қанағатсыздық пен көнтері көнбістік керек екенін бала сонда ұқты. Бір кезде өзі отыратын бұрыштағы қоқыр-соқырдың арасында жатқан ескі ашамайдың үстіне енді әкесі жайғасыпты. О да бір кездегі өзіндей бұнын әр кимылына міз бақпай қадалып қапты. Оның жүзінде бір кездегі бұның жүзіндегідей таңырқау, тамсану жоқ. Әке көзінің өткір сұғы бұның өн бойына ине боп шаншылып жатқандай. Кәрі шебер балапан көңіл баласының ұп-ұлпа жүйкесін сол бір шаншудай қадалатын сұсты жанарымен ширықтырмақ. Әйтпесе, албырт жастың ыждаһаты да лақтың түбітіндей, иірілуден гөрі түтілуге оңтай тұрады. Жаппар шын шеберді шыңдайтын өзгенің көзі екенін сол әкесінің ертеден қара кешке міз бақпай қараған мір жанарынан ұқты. Әкесінің шеберханаға бөгде жұртты неге кіргізбейтінін де енді түсінді. Шебер де он екі мүшесіндегі ен сұлулықты шәйімен қымтап, көлденең көзді оқыс жалт еткен ай дидарымен ынтық қып қоятын кермиық кербез сұлудай, кез келген тіміскі көзге сыр шаша бермеске керек.

Тапсырма №3. Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды.

Қорықпа, – деді әлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бәрібір жердің асты... Әмірші айран-асыр. Бұл қалай? Баяғыда тілін кестіріп тастамап па еді? Пышағы жалаңдаған жендеттің қан-қан бір кесек етті көзінше жерге лақтырып тастағаны қайда? Ендеше әлгі жексұрын дауыс қайдан шықты? Әлде оған құдірет қайтадан тіл бітірген бе? Әлде тілін кескеніңмен адамды мылқауға айналдыра алмайтын болғаның ба? Бәлкім, әлгі дауыс мына шебер жігіттің емес, өзінің – Әміршінің даусы шығар? Әміршінің көзі шарасынан шығып барады. Қарсы алдындағы құбыжық соқырдың қан-сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. Әмірші шегіншектеп шалқалай берді. Оны бір жұтпа батпақ астынан обып барады. Ол, ең болмаса, жан тәсілім алдында тұяқ серпетіндей дәрмен таба алмай тырбанып жатыр...

Сауалдар:

Беілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал мен амалдар қолданылған?

Автордың ол тәсілдерді қолданудағы мақсаты қандай?

«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргізеді



Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасаңыз. ТЖ жасайды.

































































































































































Бағалау критерийлері:

  • көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;

  • айшықтау амалдарының қызметін талдайды.



































































Бағалау критерийлері:

- көркемдегіш құралдарды анықтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатын анықтайды;

- айшықтау амалдарының қызметін талдайды.





































































http://adebiportal.kz/upload/iblock/5c9/5c9305b450bfd33831da984c5e1fd24f.pdf


Сабақтың соңы

5 минут


К ері байланыс.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.




     



Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 13 –сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаты

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут




«Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген тұжырымды оқып, ой қорытып, сабақтың мақсатын анықтатады.

Қазақ даласының кіндігі - Ұлытау көшпенділер аңызының аяқталған жері іспеттес. Кекілбаев шығармасы оңай оспақ адамның ойы қорыта алмайтын, қорғасын салмақты тереңге тартатын ұлы әңгіме болса, Ұлытау әлемді жұмса - жұдырығында, ашса - алақанында ұстаған баба көшпенділердің мәңгілікке дамылдаған қасиетті өлкесі. Мүк басқан тастар, бел-белестер ұзына созылып, ұшқасып жатқан Ұлытаудың шоқ тоғайлары аракідік жарқ етіп көзге түседі. Дала желімен мұңдасқан мазарлар, бабалардың тұрпаты мен тұлғасын, өр рухын ғасырлардың тезінен уатпай жеткізген балбалдар, баба қиялдың, баба сананың тастағы өрнегі - бәрі-бәрі қазақтың қасиетті Ұлытауында жатыр.

«1-2-3-4» деп санала отырып, топқа бөледі.

«Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген тұжырымды оқып, ой қорытып, сабақтың мақсатын анықтайды.

«1-2-3-4» деп санала отырып топқа бөлінеді

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Сабақтың ортасы


17



















































20 минут

Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.«Дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылаңыз.

1.Әңгіменің авторы мен тақырып арасындағы байланыс?

2.Оқиға қай жерде өтті?

3.Оқиғаны қалай өрбітеді?

4.Оқиғада басты шешім жасаушы кім?

5.Оқиғаның негізгі идеясы неде?

6. Шығармада көркемдік шындық басым ба әлде тарихи ма?

Кері байланыс беріледі.

Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегіавторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.ТЖ



1-2 топтар. Авторлық идея мен өмір шындығының байланысын айқындайды.

Авторлық идея

Байланысы

Өмір шындығы













3- 4 топтар. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» менІ.Есенберлин

«Қаһар» шығармасындағы тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.


Тарихи құндылығы

Көркемдік құндылығы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры»





І.Есенберлин

«Қаһар» шығармасы








Тапсырма №3. Жеке тапсырма. Бекіту сұрақтары қойылады:

  1. Әңгімеде қандай кезең суреттелген?

  2. Тарихи құндылығы неде?

  3. Жазушының негізі айтар ойы, көтерген мәселесі не?

  4. Әңгіме өзіңе қандай ой салды? Алған әсерің қандай?

Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Мұғалім кері байланыс береді.

«Дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылайды.





Сұрақтарға жауап береді.


















































Сұрақтарға жауап береді.












































Бағалау критерийлері:

  • Авторлық идеяны анықтайды;

  • Өмір шындығын таниды;

  • Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.

  • Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.




Бағалау критерийлері:

  • Авторлық идеяны анықтайды;

  • Өмір шындығын таниды;

  • Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.

Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды



Сабақтың соңы

3 минут



К ері байланыс.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

«Аңыздың ақыры» шығармасын қайталайды.

КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРЕДІ.

Үйге тапсырма алады.



     

14-сабақ ТЖБ №2




















Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 15– сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға береді

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут




«Ой түрткі» әдісі арқылы сауалдар қойылады:

  • Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасында қандай тақырып көтеріледі?

  • Шығармада қандай өзекті мәселелер көтерілген?

  • Шығармадағы мәселелер ғаламда кездесе ме?

Сабақтың мақсатын анықтатады. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Қызығушылықты ояту

Байланыстарды табу

Оқушылардан Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»романындағы бөлімдер арасындағы байланыстарды табу сұралады. Көтерілген мәселе ерекшелігін түсініп, талдау жасайды.


Shape26

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.


Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен танысады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




Сабақтың ортасы


17
















































20 минут

Талқылау сұрақтары

Заманауилық пен жаңашылдық әдебиетте қалай қолданылады?

Өзің оқыған ақын-жазушылардың қайсысы заманауи деп ойлайсың?

Жаңашылдық қаламгердің жеке басына қатысты ма?

Шығармасында көтерілген мәселеге қатысты ма?

Дәстүр мен жаңашылдық

Т. Мәтіндік зерттеу

Т/С. «Керемет пікірталас»

«Аңыздың ақыры» шығармасының мазмұны жұптасып сұрақ қойып, пікірлеріңізбен алмасыңыз.

Содан кейін шағын топтарға бірігіңіз. Әр топтан бір өкіл шығады.

Үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алыңыз. Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған ұғымдарының маңызын анықтаңыз, шығарманың жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріңіз.

«Шығарманың жаңашылдығы неде?» деген сұраққа сыныппен «Тұжырымдамалық карта» жасаңыз.

3-тапсырма. Ж

ЖЖ. Әдеби эссе жазуға дайындау үшін үлгі сұрақтары:

Шығарма кімнің атынан баяндалады?

Кейіпкерлер қандай мінезімен танылады?

Роман сізге қалай әсер етті?

Эссе тақырыбы:

- шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдаңыз, басқалардың көзқарасын өз пікіріңмен байланыстыра отырып эссе жазыңыз.

Талқылау сұрақтарына жауап береді











Т. Мәтіндік зерттейді.

Т/С. «Керемет пікірталас» «Аңыздың ақыры» шығармасының мазмұны жұптасып сұрақ қойып, пікірлерімен алмасады.

Содан кейін шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алады. Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған ұғымдарының маңызын анықтаңыз, шығарманың жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға береді.




Әдеби эссе жазуға дайындау үшін үлгі сұрақтарға жауап береді.




Дескрипторлар:

*Шығармадағы ұғымдарға түсінік береді;

*Пікірталасқа түседі;

*Өз жауаптарын ұсынады.

*Тұжырымдама картасын жасайды;

*Жаңашыл ой ұсынады.

5 балл



















Дескриптор:


*Ой ретін сақтайы;

*Өз пікіріне 3-тен кем дәлел келтіреді;

*Құрылысын сақтайды;

*Сөз санын сақтайды;
* Эссе мазмұнын түсінуге кедергі келтіретін өрескел қателер жібермейді.

5 балл







Сабақтың соңы

3 минут


Кері байланыс/Рефлексия

ЗҚ Қиын Қызық Қажет


«Аңыздың ақыры» романын оқу.

Сабақ бойынша кері байаныс береді.

ҚБ қойылады

Стикер

     



14-сабақ ТЖБ



Бекітемін:___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 16 – сабақ +

Бөлім:


Прозадағы көркем ой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаты

Шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады. Ой шақыру бөлімі:

І. Тренинг «Жүректен-жүрекке» .Сыныпты 3 топқа бөлу. Қарама-қарсы отырып, «Шығармаға пікір» тақырыбына 1 минуттан сөйлейді. Орындарын ауыстырады. Маған ұнағаны, есімде қалғаны ...



Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




Сабақтың ортасы


17













































20 минут

Мағынаны тану

1-тапсырма.

Роман желісін шынайы өмірмен байланыстырып, сұрақтар құрастырып өзара жұпта талқылау жасаңыздар.

1.

2.

3.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап бере отырып,эссеге қажетті тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыздар.

3-тапсырма,

Оқушыларға екі тақырып ұсынылады. Таңдаған тақырыбы бойынша эссе жазу талаптарын ескере отырып, эссе жазады.

  1. «Өмірдегі әділетсіздік деген не?» 
    2.«Өнерлінің өрісі кең» 


  2. Жетті

1.Эссе жазуда ой жүйелілігін сақтайды. (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)

2.Өз пікіріне кем дегенде 3 сенімді дәлел келтіре алады.

3.Эссе мазмұнын түсінуге кедергі келтіретін өрескел қателер жібермейді.

Талпынады

1.Ой ретін сақтамаған жағдайда;

2.Өз пікіріне 3-тен кем дәлел келтірген, өрескел қателер жіберген жағдайда;
Эссе жұмысын әр топтан бір оқушы оқиды. Бағалау критерийі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.


Оқушылар оқылған шығарманы шынайы өмірмен байланыстыра сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін эссе жазады.







Роман желісін шынайы өмірмен байланыстырып, сұрақтар құрастырып өзара жұпта талқылау жасайды







Сұрақтарға жауап бере отырып,эссеге қажетті тірек сөздер мен сөз тіркестерін жазады.









Таңдаған тақырыбы бойынша эссе жазу талаптарын ескере отырып, эссе жазады.






























Дескриптор:


*Ой ретін сақтайы;

*Өз пікіріне 3-тен кем дәлел келтіреді;

*Құрылысын сақтайды;

*Сөз санын сақтайды;
* Эссе мазмұнын түсінуге кедергі келтіретін өрескел қателер жібермейді.

10 балл

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/


Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия. Бүгінгі сабақ сізге қандай әсер қалдырды? 5 минут


Сабақ бойынша кері байаныс береді.

ҚБ қойылады.

Смайликтер

     








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
825
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі