Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 саны және цифрымен танысады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2018
334
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

10 санын қалай алуға болады?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;


ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауыз-ша қосу және азайту тәсілдерін қолданады;

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр топқа арналған:


0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;


он данадан екі түсті санауға арналған таяқшалар жиынтығы;

әрбір оқушыға арналған А4 форматтағы ла-минатталған қағаз, маркерлер;

10 данадан екі түсті текшелер жинағы;

әрбір оқушыға арналған 10-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле

Тірек сөздер

қосу.

Сабақтың мақсаты:

Бір таңбалы сандар жұбы арқылы 10 санын қалай алуды үйрету; сандық сәулені қолданып, қосу амалын орындау дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар сабақта сандық сәуле бойынша сан-дарды қосып, заттардың тобын тәжірибелік жол-мен біріктіруді жалғастырады. Сабақтың барысында оқушылар 10 санын алудың әртүрлі нұсқаларын құрастырып байқайды, алған білімдері қосу мен азайтуды ондықтан аттап орындау үшін есептеу дағдыларын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болып табылады.

Сабақты қосу мен азайту ұғымын қайталаудан бастаңыз. Осы мақсатта “+” және “–” таңбалары жазылған парақшаларды көрсетіңіз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Берілген таңбалар қандай математикалық амалдарды білдіреді?

Бүгінгі сабақта қосу амалына берілген тап-сырмалар бойынша жұмыс жасайтындарын хабарлаңыз.

Екі топта неше ойыншық бар екенін қалай білуге болады? (Ойыншықтар санын қосу арқылы.)

Берілген сандармен қандай мысал құрастыру-ға болады? (6 + 4).

6 мен 4-ті қоссақ қандай нәтиже аламыз? (10). Сан түзуінің көмегімен тексеріп көрейік.

10 санын қосу амалын қолданып, тағы қандай тәсілдермен алуға болады?

Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында оқу-шыларды топтарға бөліп, әр топқа

0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақша-лар жиынтығын, әрқайсысында 10 данадан 2 түсті санау таяқшаларының жиынтығын, сандық сәуленің суретін таратып беріңіз.

Жұмысты мына ретпен орындатыңыз:

1. 0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақ-шалардың ішінен кез келген екі санды алу;

2. Санау таяқшаларының көмегімен осы сан-дардың қосындысын табу;

3. Мысалды жазу.

Дастарқан. Оқулықтағы мерекелік дастарқан суретін қарап шығуды ұсыныңыз. Суретте қандай ұлттық тағам түрлері барын сұраңыз. Дастарқанның неше қонаққа арналып жайылғанын сұраңыз. Оқу-шыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Оларға дастарқандағы тағам суреттерінің санына қарап, өз ойларын жұпта бөлісуді сұраңыз. Өз ойын қағазға жазып, сыныптағы оқушыларға көрсетіп, дәлелдетіңіз.

Жауабы:

шақырылған қонақ саны — 10, себебі қонаққа арналып дайындалған тағам саны — 10. Бауырсақ: 9 + 1 = 10; алма: 5 + 5 = 10; шелпек: 7 + 3 = 10; тәтті тоқаш: 8 + 2 = 10;

шай мен шырын: 6 + 4 = 10.


Рисунок 2

  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздерді айтып жаттықтыру үшін оқу-шыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп тұруын сұраңыз. Топтардың әрқайсысына: “қ, о, с, у” әріптері жазылған парақшалар дайындап қойыңыз. Әріптерді араластырыңыз. Оқушылар берілген әріптерден басталатын сөздерді айтады.

Кілтті таңда. Оқушылар тапсырмада берілген суретке қарап шығып, кілттер мен құлыптардағы сандардың қосындысы 10 болатындай етіп, олар-ды бір-бірімен сызықтар арқылы қосуы тиіс. Жа-уаптарын суреттің астына мысал ретінде жазып көрсетеді.

Жауабы:

3 + 7 = 10;

9 + 1 = 10;

6 + 4 = 10;

10 + 0 = 10;

5 + 5 = 10;

2 + 8 = 10.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

бір таңбалы сандардан жұптар құрастыру арқылы 10 санын алуды меңгереді.

Оқушылардың тапсырманы меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

10 санын алу үшін қандай сандарды қосу керек?

10 санын алу үшін 8 бен 2-ні қосса қанша болады?

10 шығу үшін 6-ға нешені қосамыз?

Айшаның 7 түрлі түсті қарындашы бар, ал Мәдинаның 3 түрлі түсті қарындашы бар. Қыздарда түрлі түсті қанша қарындаш бар?

Азамат 10 мәшине жинау керек. Оның 5 мә-шинесі бар. Оның мәшинеcінің саны 10-ға жету үшін әлі неше мәшине керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!