Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ақпарат іздеген ұстаздарға керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақжоспары

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

Мектеп: Ә.Жангелдин орта мектебі

Күні:18.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Серикова Гулжан Болатбаевна

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 – қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдер мен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу;

3.2.3.1 – нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жанды табиғат дегеніміз не екенін, оған нелер жататынын біледі. Жанды және жансыз табиғат нысандарын ажыратып, симметрия

құбылысын түсіндіре алады.

Оқушылардың көпшілігі: табиғаттың әсемдігін түсі, пішіні, сызығы арқылы суреттеп, тәсілдердің бірін

таңдап, симметриялы бейне жасай алады.

Кейбір оқушылар: бірнеше тәсілмен симметриялы бейне жасай алады.

Бағалау критерийлері

Жанды табиғат жансыз табиғат не екенін біледі

Симметриялы бейнені жасайды.

Бірнеше тәсілмен симметриялы бейне жасай біледі

Құндылықтарды

дарыту

Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото-суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіс пеншіліктерін ояту.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, әдебиеттік оқу. Оқушылар табиғатты бейнелеу барысында жаратылыстану сабақтарынан меңгергендерін пайдаланады.

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолдана алады

Бастапқы білім

Сенің айналаңдағы түстер. 1-сынып.

Жануарларды бейнелейміз. 2-сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

мин

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім жанды табиғаттың не екенін еске түсірулерін сұрайды. Табиғат суреті бейнеленген фотосуреттерге қарап, жанды табиғат ны сандарын атауды, жанды табиғат нысандары қандай сипаттарға ие екенін еске түсіруді ұсынады.

Фотосуреттерді қарау барысында оқулықтағы

«Табиғатты неліктен шебер суретші дейді?» сұрағына жауап беріп, оны дәлелдеуді тапсырады.

Суретшілердің жан-жануарлар мен өсімдіктерді

бейнелеген гра- фикалық және кескіндеме жұмыстары.



Мұғалім оқушылардың зейінін көркем еңбек сабағында жанды табиғатты меңгерудің өзіндік ерекшеліктері бар екеніне аударады, оқушылар табиғаттың әсемдігіне, оны байқап, суретші табиғатқа қарап көргенін бейнелейтінін түсінулері керек.

Мұғалім одан әрі табиғаттың құпиясы көп екенін, солардың бірімен бүгінгі сабақта танысатындарын айтады. Алдымен табиғаттың тамаша суретші екеніне көз жеткізіп алайық.

Мұғалім «Симметрия дегеніміз не?» тақырыбымен таныстырады. Тақырыпты оқулық бойынша түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады. Сабақты түсіндіру барысында фотосуреттерді көрсетеді және тақтаға симметриялы бейнені сызады. Оқушылардан кез келген затты мысалға алып, симметрия құбылысын көрсетуді сұрайды. Симметриялы бейнені салу оңай емес екенін, ол үшін сызғышты пайдаланып, үнемі өлшеп отыру керегін айтады. Ал екі жағы бірдей симметриялы бейнені қалай салуға болады?

Балалардың жауабын тыңдап, оларды дұрыс жауап беруге талпындырады: симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, екі бүктелген қағаз парағын қию арқылы орындаған жеңіл.

Тапсырма: Үйеңкінің жапырағын монотипия тәсілін қолдана отырып симметриялы бейне жаса.


Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектесіп, қателері болса түзетеді.

Дискриптор: Монотипия тәсілі арқылы симметриялы бейнені жасайды.

Қ.Б: Оқу нәтижесін анықтау үшін тапсырманы орындау деңгейіне қарай бағалаймын. (мадақтау)


Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұ- мыстарының ре- продукциялары










Тәсілдердің бірін пайдаланып, сим- метриялы бейне жасап көрсету (монотипия, екі

бүктелген қағазды қию).
























Жұмыс дәптері, түсті қарындаштар не фломастерлер

Сабақтың

соңы

мин.

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдау жүргізеді. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.


Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағы басқа)


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің!Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б...

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  3. жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған

жұмыстарды ғана бағалау).

Мұғалім өздік жұмыстың

басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады.


Сабақ бойынша

рефлексия



«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!