400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Эстафеталық жүгіруді түрлендіру." 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстафеталық жүгіруді түрлендіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1-бөлім. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту.

Мектеп:

Күні: 17.08.2017ж.

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру.

Оқу мақсаты

7.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу

Сабақ мақсаты

Қауіпсіздік ережелерді біледі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі.

Жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады.

Бағалау критерийі


Дене жаттығуларын орындау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.

Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы және осал тұстарды сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну.Қолдану

Тілдік мақсаттары




Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: мәре, сөре, жүру, жүгіру, екпін алып жүгіру, жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, төзімділік, эстафета таяқшасы, спринт.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар: Мәрелік жылдамдық дегеніміз не? Спорттық жүріс пен жүгірудің айырмашылығын білесіз бе? Жүгірудің адам ағңзасына тигізетін пайдасын білесіз бе?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.

Пән аралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Жүгірудің әдіс-тәсілдерін көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Кіші допты нысанаға лақтыру.



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды қатарға тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбынмен мақсаттарын айту. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Саптағы, жүру, жүгіру жаттығуларын орындап, тыныс алуды ретке келтіріп, сыныпты топқа бөліп жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы












Тапсырма:

4х60 метрлік эстафета жүгірісін орындаңыз.


Оқушыларды төрт-төрттен, төрт командаға бөліп, команданы эстафеталық таяқшамен 60 м арақашықтыққа жарыстыра жүгірту. Назар аударылатыны: спортшылардың қауіпсіздік ережені сақтауы, әр қайсысы өз жолымен жүгіруі, таяқшаны түсіріп алмауы, бір-біріне кедергі жасамауы, жылдам жүгіруі.

Дескриптор:

-қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтайды;

-мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады;

-тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды.


Мен оқушылырдың оқуға белсенділігін арттыру үшін «Кеңес-сабағын» қолданамын. Бұл сабақта негізінен мұғалім оқушылардың өзін-өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушымен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалып жүргізіледі.






Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңы

Тыныс алу жаттығуларын орындап, сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісімен бағалау. Үйге тапсырма беру.












Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?


Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

  • Сабақта уақытты ұтымды пайдалана отырып деңгейлік тапсырмалар кешенін құрамын.

  • Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, әлсіздеу оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалармен жүктеймін.

  • кері байланыс ұсыну арқылы,

  • мақсатты түрде оқуға уәждеу,

  • мақтау-мадақтау, байқау, тыңдау, сұрақ қою,

  • оқушылардың өзін- өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.

  • Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1099
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі