Қысқа мерзімді жоспар Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны 8 сынып

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді білу және Авогадро санын білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Султангереева Алтынай Есендосовна

Атырау облысы Атырау қаласы жалпы білім беретін №4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі

Бөлім:

8.2А Зат мөлшері

Педагогтің аты-жөні:

Султангереева Алтынай Есендосовна

Күні:


Сыныбы:

8 сынып

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді білу және Авогадро санын білу



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал тудыру.


2.а) Жаңа тақырыпты ашу.

ә) Оқушыларды топтарға біріктіру.


Ұйымдастыру кезеңі

«Көңіл күйің қандай?» тренинг.

Әрбір оқушы смайликтерді көрсету арқылы өз көңіл- күйлерін көрсетеді.


Ой қозғау

Оқушыларға «Литр, килограмм, грамм, тонна, милилитр, метр деген сөздерді не топтастырады?» деген сұрақ қойылады.

Оқушылар заттың мөлшері, ұзындық өлшемі деп жауап берулері мүмкін. Нәтижесінде сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты нақтыланады.

Топқа бөлу.

«Тарсия» әдісі

Оқушылар қағаз қиындарын сәйкестендіріп, біріктіру арқылы топқа бөлінеді.

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.













Жаңа сабаққа кіріспе

«Түртіп алу» әдісі


10 мин.

(Ұ)

Жаңа сабаққа байланысты бейнежазба ұсынылады.


Оқушылар тапсырманы орындап, өзара ұжымдық талқылағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Бейнежазбаны қарап, маңызды ақпараттарды түртіп алу әдісі арқылы дәптерлеріне жазып алады.


 
 
 
 
 


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



https://photos.app.goo.gl/XN1zbfrfnzAr3qtx7


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Топтық жұмыс

«Формулалар сөйлейді»


6 мин


Формулалар сөйлейді топтық жұмысында формуланы дұрыс тауып, есептерді шығарады.

Бекіту тапсырмалары


І топ. Зат мөлшері.

Ауа шарында шамамен 0,9*1023 молекула азот болады. Азоттың зат мөлшерін есептеңдер.

Жауабы: 0,149 моль




ІІ топ. Қосылыстың молярлық массасы. Na2SO4 натрий сульфатының молярлық массасын есептеңдер.

Жауабы:М(Na2SO4) = 142 г/моль




ІІІ топ. Көмірқышқыл газының

2 моль зат мөлшерінде қанша атом оттек болатынын есептеңдер.

Жауабы:12,04*1023

(Дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі)


Дескриптор:


- зат мөлшерінің формуласын жазып, соған сай есептеп, өлшем бірлігін көрсетеді-4 ұпай




- молярлық массаны есептеп, өлшем бірлігін айтады – 4 ұпай





- формула бойынша, атом санын есептеп, жауабын жазады-4 ұпай















Сергіту сәті.

«Қол баспалдағы» әдісі


1 мин

«Қол баспалдағы» әдісі.

Оқушылар бір-біріне қолдарын тізбектей жалғайды, мұғалім артқа қарап тұрып, астынан санағанда үшінші оқушы, үстінен санағанда бірінші оқушы деп таңдау арқылы аталған оқушыны тақтаға шақырады.

Оқушылар бас бармақтарын

бір-біріне тізбектей жалғайды.




ДК экраны

Жеке жұмыс

Оқулықпен жұмыс

5 мин

Оқулықта берілген реакция теңдеуін теңестіріп, реакцияға қатысқан және түзілген зат мөлшерін моль есебімен көрсетіңдер.




Реакция теңдеуін теңестіреді.

Реакцияға қатысқан және түзілген зат мөлшерін моль есебімен көрсетеді.


FeS+HCl---->FeCl2+H2S

Cu2O+O2---->CuO

Al2O3+H2SO4---->Al2(SO4)3+H2O

Дескриптор

Реакция теңдеуін дұрыс теңестіру-1 ұпай

Реакцияға қатысқан және түзілген зат мөлшерін моль есебімен көрсетеді-1 ұпай

Барлығы-2 ұпай

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Тақтамен жұмыс


Жұптық жұмыс

Wordwall

Платформасы

4 мин

Сілтеме арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Берілген сұрақтарға жұптаса отыра жауап береді.





Дескриптор

2 дұрыс

жауапқа -1 ұпай


https://wordwall.net/ru/resource/63263054

ЕББҚ

3 мин

Сәйкесендіру

Оқушылар анықтама мен формуланы бір-бірімен сәйкестендіреді

Зат мөлшері

M = m/v

Авогадро саны

Прямоугольник 1 Прямоугольник 2

Молярлық масса

NA = 6,02×1023 моль−1

Дескриптор:

1 дұрыс жауапқа-1 ұпай

Барлығы-3 ұпай

Үлестірмелі қағаз

Сабақтың соңы

Рефлексия

4 мин.

«Жапондық бағалау» әдісі арқылы қорытындыланады


Мақсаты: Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылпардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойларын айтады

Үйге тапсырма: 2-есеп, 49-бет


Мұғалім оқушыларды

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.07.2024
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі