400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.Негіздер. З.т.№7 «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 8 сыныптарға қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Химия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс (8 с.)

Педагогтің аты-жөні

Керімбай Бибигүл Әділгерейқызы

Күні:


Сынып 8

Қатысушылар саны: 27

Қатыспағандар 2

Сабақтың тақырыбы

Негіздер. З.т.№7 «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Сабақтың мақсаты

негіздерді ажырату және жіктеу;

негіздердің формулаларын құрастыра алу және негіздерді атау;

негіздердің қасиеттерін зерттеу;

олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Құндылықтарды дарыту


«Талап білу» бұл арқылы тапсырмаларды орындау барысында жеке физикалық белсенді болу, адал еңбекті құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас орната білу, білуге, жаңаны тануға құштарлық дағдысын қалыптастыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5минут)

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 162 беттегі № 8 жаттығуды тексеру

Экранға дұрыс тапсырма шығарылады

Ауызша кері байланыс беріледі

Дәптерлеріндегі тапсырмаға белгі қояды, дұрыс«+»

қателік жіберілді «-»

Өзін-өзі бағалау

Оқулық

45 тақырып

Оқулық QR-код

Сабақ басы

10 минут


«Болжау» әдісі

LiOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH

Формуладан бәріне ортақ қандай белгілерді көреміз?

Презентация №1

Негіздер.

Негіздер дегеніміз – металл атомдарымен бір немесе бірнеше гидроксил топ (OH) атомдары байланысқан күрделі қосылыстар. Гидроксил топтың валенттігі – І.

Негіздерді атау үшін металл атауына «гидроксиді» деген сөзді қосу керек.

Ескерту: егер металл айнымалы валенттілікке ие болса, сол қосылыстағы валенттілігін жақшаға рим санымен жазу керек.

Негіздің формуласы

Атауы



NaOH

натрий гидроксиді



KOH

калий гидроксиді



Ba(OH)2

барий гидроксиді



Fe(OH)3

темір (ІІІ) гидроксиді



Fe(OH)2

темір (ІІ) гидроксиді



Мысалы:

Негіздер суда ерігіштігіне байланысты суда еритін (сілтілер) және суда ерімейтін (негіздер) болып екіге жіктеледі. Сілтілерге натрий, калий, литий, барий гидроксидтері жатады. Кальций гидроксиді аз еритініне қарамастан, күйдіргіштік қасиетіне байланысты сілтілер қатарына қосылған.

Суда ерімейтін негіздер – түрлі түсті, қатты заттар.

Сілтілер де – қатты заттар, бірақ олар күйдіргіш болып келеді. Судағы ерітінділері қолда сабындалып тұрады және гигроскопиялық қасиетке ие. Натрий гидроксиді – гигроскопиялық зат, яғни ауадағы су буын сіңіреді. Нәтижесінде бұл заттың түйіршіктері сіңіріп алған суда баяу еріп, жабысқақ, күйдіргіш массаға айналады.

1 Видеотыңдалым 0,16 минут

Негіздердің физикалық қасиеттері

2Видеотыңдалым 0,09 минут

Теріні тітіркендіруі

Сілтілермен жұмыс істеу кезінде сақтық ережелерін қатаң сақтау керек! Концентрлі сілтілермен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде қорғаныш көзілдірік, қолғап, халат кию қажет. Ал сілтіге байқаусызда күйіп қалған жағдайда, алдымен әлсіз қышқылдармен (сірке қышқылы немесе бор қышқылы) бейтараптап, кейін көп мөлшердегі сумен шаю керек.

Негіздердің химиялық қасиеттері

Сілтілер индикаторлардың түсін өзгертеді

Индикаторлар

Түс өзгерісі



Лакмус

көк



Фенолфталеин

таңқурай



Метилоранж

сары



Әмбебап

көктен күлгінге дейін (pH 8-14)



2.Сілтілер қышқылдармен бейтараптану реакциясына түсіп, тұз бен су түзеді:

NaOH + HCl → NaCl + H2O

3.Ерімейтін негіздер қышқылдармен әрекеттескенде ериді:

Fe(OH)2 + 2HNO3 → Fe(NO3)2 + 2H2O

4.Сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:

SO2 + 2NaOH → Na2SO3 + H2O

5.Сілтілер тұздармен әрекеттесіп, жаңа негіз бен жаңа тұз түзеді:

3Видеотыңдалым 0,37 минут

NiSO4 + 2NaOH → Ni(OH)2 + Na2SO4

6.Термиялық ыдырайды (ерімейтін негіздер мен аз еритін негіздер):

Cu(OH)2 → CuO + H2O

Негіздердің тұздармен әрекеттесуі

Сыныппен жұмыс

Зертханалық тәжірибе №7

Керекті құралдар: сынауық тұрғысы, сынауық, шыны түтік, сынауық ұстағыш

Реактивтер: натрий гидроксиді, кальций гидроксиді, күкіртқышқылы, мыс сульфаты, темір хлориді,фенолфталеин ерітінділері;

1-тәжірибе


Бақыланған өзгеріс

Қорытынды

Сілтінің қышқылмен әрекеттесуі

Фенолфталеиннің түсінің өзгеруі

Бейтараптану реакциясы жүреді

2-тәжірибе Сілтінің қышқылдық оксидпен әрекеттесуі

Мөлдір ерітіндінің түсінің лайлануы

Нәтижесінде кальций карбонаты түзіледі

3-тәжірибе



Сілтілердің тұз ерітіндісімен әрекеттесуі

1-сынауықтағы ерітіндінің түсі өзгереді, көк түсті тұнба пайда болады, ал екінші сынауықта қызыл қоңыр түсті тұнба пайда болады;

Нәтижесінде ерімейтін негіздер түзіледі


Өз ойларын айтып, жауап береді





Түртіп алу әдісі бойынша сабақтағы жаңа ұғымдарды сілтілер, суда еритін, ерімейтін негіздер, екідайлы

( амфотерлі) гидроксидтер дәптерлеріне жазады.


























1 ,2,3 Видеотыңдалым

бойынша сұрақтаға жауап береді.

Сыртқы белгілерінде қандай айырмашылықтар? Калий, натрий, кальций мыс(II) үлгілері беріледі.

Түстері әртүрлі, ерігіштіге де әртүрлі.

Сілтілердің қандай ерекшелігі қасиеті көрсетілді?

тітіркендіргіш немесе күйдіргіш
































Тәжірибені орындап, нәтижелерін дәптерлеріне жазады, реакция теңдеулерін құрастырады;

Ынталан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2024
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі