400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа қашықтыққа жүгіру 4- сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпта балалардың 30 немесе 60 метрге жүгіру кезіндегі техникасын (қол мен аяқтың үйлесімін) бағалау маңызды. Сабақтың соңында «Кім жылдам?» ойыны арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 1


Бөлім

I бөлім – Жүгіру, секіру және лақтыру

Педагогтың аты-жөні

Алижанова Аида Анварқызы

Күні


Сынып: 4

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану

Сабақтың мақсаттары

Қысқа қашықтыққа жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіну

Қауіп-қатерге сәйкес әрекет ету дағдыларын дамыту

Қысқа қашықтықта жүгіру техникасын қауіпсіз орындау

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау


I. Сабақтың басы (10 минут)

Мұғалімнің әрекеті:

  • Оқушылармен амандасады, оларды сапқа тұрғызады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

  • Қысқа қашықтыққа жүгіру кезіндегі жарақат алу жағдайларын мысалмен түсіндіреді.

  • Қауіпсіздік ережелерін таныстырады: қашықтықты сақтау, итеріп жібермеу, белгі бойынша жүгіру, жолды алдын ала шолу.

  • Қыздыру жаттығуларын орындатады: мойын айналдыру, иық айналдыру, қол мен тізе айналдыру, алаңды айналып жеңіл жүгіру.

  • Оқушы еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын түсініп, оны қозғалыс ойындары мен жаттығуларда көрсете алады.

Мұғалімді тыңдайды.
– Қауіпсіздік ережелерін қайталайды.
– Қыздыру жаттығуларын мұғалімге қарап орындайды.

«Саусақпен бағалау» әдісі:
? – Қауіпсіздік ережесін толық білемін
? – Ережені меңгеріп жатырмын
? – Қауіпсіздікке мән бермедім


  • Спорт зал, ысқырық, конустар


Сабақтың ортасы

30 минут

II. Сабақтың ортасы (30 минут)

1-бөлім: «Кім жылдам?» ойыны – 10 минут

Ойынның ережесі:
– Оқушылар 15 метр қашықтыққа екі-екіден жарысады.
– Белгі бойынша жүгіруді бастайды, мәреге жеткен соң тоқтайды.
– Жеңімпаз келесі оқушымен жарысады.

Мұғалімнің әрекеті:
– Оқушыларды жұптастырады.
– Белгі береді.
– Жүгіру техникасын бақылайды, қауіпсіздік ережесін үнемі еске салады.

2-бөлім: «Кедергілер арасынан жүгір» ойыны – 10 минут

Ойынның ережесі:
– Жол бойына конустар немесе кедергілер қойылады.
– Оқушы белгі бойынша жүгіріп, олардан айналып өтеді.
– Мәреге жеткенше ережелерді сақтайды.

Мұғалімнің әрекеті:
– Құралдарды (конустарды) орналастырады.
– Оқушыларды кезекпен жіберіп, техника мен қауіпсіздікке бақылау жасайды.

3-бөлім: «Эстафеталық жүгіру» ойыны – 10 минут

Ойынның ережесі:
– Оқушылар екі командаға бөлінеді.
– Әр оқушы таяқшаны алып жүгіреді және келесі ойыншыға береді.
– Барлық команда мүшелері жүгіріп шыққанда ойын аяқталады.

Мұғалімнің әрекеті:
– Қауіпсіздік ережесін еске салады.
– Эстафета таяқшасын дұрыс беру техникасын көрсетеді.
– Жүгіру тәртібін реттейді, қорытындылайды.

Тәртіппен кезекке тұрады.
– Белгі бойынша жүгіреді.
– Қарсыласын құрметтейді.


















Белгі бойынша жүгіреді.
– Кедергілер арасынан дұрыс өтеді.
– Ережелерді сақтайды.












Командасымен бірге жұмыс істейді.
– Таяқшаны дұрыс береді, мәреге жетеді.
– Командалық әрекетті көрсетеді.

Бағалау әдісі:

  • «Смайлик» ? ? ?















Бағалау әдісі:

  • «Қол шапалақтау» ?





Бағалау әдісі:

  • «Бағдаршам» ? ? ?












Ашық спорт алаңы немесе спортзал
– Конустар, таяқшалар, секундомер
– Бағалау белгілерінің суреттері: саусақ, смайлик, жалауша, нысана
– Маркер, тақта








Сабақтың соңы

5 минут

Мұғалім:

  • Сабақ мазмұнын қорытындылайды.
    – Оқушылардан бүгін не үйренгендерін сұрайды.
    – Қауіпсіздік ережесін қайта еске салады.
    – Кері байланыс жасайды.
    – Үйге тапсырма: қысқа қашықтыққа жүгіру кезіндегі қауіпсіздік шараларын жаттап келу.?

Сабақ туралы пікір айтады.
– Өзінің жетістігін бағалайды.
– Кері байланыс береді.

Бағалау әдісі:

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»


Спорт зал, ысқырық


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.02.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі