Қысқы серуен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқы серуен

Материал туралы қысқаша түсінік
қыс мезгілі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.

Оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қысқы серуен»

Әдіс тәсілдер:Түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілімен таныстыру . Жыл мезгілімен таныстыру. Айлармен таныстыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Шаттық шеңбері: Армысың Аспан ата!

Армысың Жер ана!

Армысың Көк аспан!

Армысың Достарым!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз тату болайық!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі .

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қыс мезгілінде неше ай бар аттарын атап беріңдерші.

Балалар: Үш ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші:Балалар ал, қазір қыс мезгілінің нешінші айы?

Балалар:Екінші айы Қаңтар.

Тәрбиеші:Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Балалар: Өткен тақырыпта Фермаға саяхатқа бардық.

Тәрбиеші:Ал, бүгін балалар сендер Орманға саяхатқа баруды қалайсындарма?

Балалар:Иә.

Тәрбиеші: Біз орманға немен барамыз балалар?

Балалар:Пойыз бен барамыз.

Тәрбиеші: Балалар қане бір-біріміздің артымыздан тұрып алайық.

(Балалар бір-бірінің артынан тұрып пойыздың дыбысын салады).

Тәрбиеші: Балалар міне біз орманға да келдік. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алайық әйтпесе адасып кетерміз.

Балалар:Иә.

Тәрбиеші:Балалар орманды көрдіңдерме табиғаты қандай әсем, қандай тамаша. Орманда не көріп тұрсыңдар?

Балалар:Қар жамылған шыршаларды, дала аппақ, қар бар.

Тәрбиеші:Ой балалар мұнда біреу тығылып отырған сияқты

оян шыршының астында жасырынып отырған болады.)

Тәрбиеші:Бұл не балалар?

Балалар:Қоян.

Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар.(Қоян көңілсіз)

Тәрбиеші:Қоян саған не болды, неге көңіл күйің жоқ?

Қоян: Менің ішім пысып жүр, ойын ойнағым келеді, ойын ойнайтын тіпті достарым да жоқ жалығып кеттім.

Тәрбиеші:Балалар қане олай болса қоян мен бірге ойын ойнаймызба?

Балалар қандай ойын ойнасақ болады.

Балалар:Қар лақтырып ойнайықшы.

Тәрбиеші:Олай болса балалар қоян менен бірге қар лақтырып ойнайық.

Балалар:Иә дайынбыз.

(Тәрбиеші, балалар және қоян қар лақтырып ойнайды.)

Тәрбиеші: Балалар қане енді осы қарды шелектерге жинап ойнайық.

Балалар: Жарайды.

Тәрбиеші:Олай болса балалар екі топқа бөлініп тұрып алайық.

(Балалар екі топқа бөлініп тұрып алады, жинаған қарды тәрбиеші бір балаға өлшемін белгілеу үшін тапсырады.)

Ерқанат: Оң қолымдағы шелек ауыр, қары көп екен, ал сол қолымдағы шелек жеңіл екен және аз екен.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ ақ қоян,

Есітіп калып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші:Балалар қоянның көңіл күйі көтеріліп қалған сияқты, олай болса балалар біздің де балабақшамызға кететін уақытымыз болып қалды. Ендеше балалар қоян менен қоштасып біз жолға шығайық.

Қоян:Балалар сау болыңдар менің көңіл күйім көтеріліп қалды тағыда келіңдер балалар сендермен бүгінгі күнім көңілді өтті.

Балалар:Қоян сау бол.

(Тәрбиеші және балалар пойыз болып балабақшаға келеді.)

Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық?

Балалар: Орманға саяхатқа бардық.

Тәрбиеші:Балалар біз Орманда қоянмен аққала жасауды ұмытып кетіппіз. Олай болса балалар біз топта аққала жасаймыз.

(Балалар аққала жасауға кіріседі).

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар:Үш бөліктен тұрады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Аққаланың пішіні қандай болады

Балалар:Аққаланың пішіні дөңгелек болады.

Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.





ЖШС «Рауан» балабақшасы

Тақырыбы:Қысқы серуен.

«Ашық оқу қызметі»

«Ақбота» ІІ-Кіші тобы.





Тәрбиеші:Кошманова Ж










Құрық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2018
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі