Материалдар / Қышқылдармен негіздердің заманауи теориясы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қышқылдармен негіздердің заманауи теориясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе Аналитикалық химия химиялық жүйелердің құрамы мен құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым; ол бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар химия ғылымының тарауы болып есептеледі. Талдаудың химиялық әдістері – аналитикалық химия пәнінің бір бөлімі болып табылады. Аналитикалық химия көптеген ғылымдармен, мысалы: физика, биология, медицина, металлургия, геологиямен тығыз байланыста. Және ол осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отыра, физикалық, математикалық, биологиялық әдістерді қолдану арқылы өзінің де мүмкіншілігін арттырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
661
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Буферлі ерітінділердін рН-ын есептеу


Дәріс Аналитикалық химия

Кіріспе

Аналитикалық химия химиялық жүйелердің құрамы мен құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым; ол бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар химия ғылымының тарауы болып есептеледі. Талдаудың химиялық әдістері – аналитикалық химия пәнінің бір бөлімі болып табылады. Аналитикалық химия көптеген ғылымдармен, мысалы: физика, биология, медицина, металлургия, геологиямен тығыз байланыста. Және ол осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отыра, физикалық, математикалық, биологиялық әдістерді қолдану арқылы өзінің де мүмкіншілігін арттырады.

Химиялық анализ қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық талдау және сандық талдау болып екі тарауға бөлінеді.

Сапалық талдаудың мақсаты – заттардың сапалық құрамын анықтау, яғни, қандай элементарлық бөлшектерден тұратындығын табу (атомдық, молекулалық, иондық , изотоптық құрамын). Сонымен қатар, белгілі қосылыстармен ұқсастыру ( идентификациялау). Органикалық қосылыстардың құрамында жеке элементтерді ғана анықтау жеткіліксіз, функционалды топтарды да анықтау қажет.

Сандық талдаудың негізгі мақсаты – зертелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесің немесе олардың бір-біріне қатынасын анықтау.

Аналитикалық реакциялар мен реагенттер

 

Химиялық талдауды жүзеге асыру үшін зерттелінетін химиялық қосылыстың немесе оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс . Осындай қасиеттерді байқауға әкелетін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады. Химиялық өзгерістерге себеп болатын химиялық реактивтер – реагенттер деп аталады. Реагенттің әсерінен байқалатын өзгерістер –аналитикалық сигнал деп аталады: тұнбаның түзілуі немесе еріп кетуы, газ бөлінуі, түрлі түсті қосылыстар түзілуі ж.т.б. Аналитикалық сигналдың байқалуы заттың сапалық сипаттамасы болып табылады, ал сигналдың интенсивтілігі – оның мөлшері туралы мәлімет береді. Аналитикалық сигналды көзбен шолып және түрлі физикалық аспаптармен де байқауға болады.

крахмал иодпен ғана көк түсті қосылыс түзеді.

Тазалығына байланысты химиялық реагенттерді келесі түрлерге бөледі:

- техникалық таза           бөгде қоспаларының үлесі > 2%;

- таза                               -«-                                  2%

- аналитикалық таза       -«-                                  1%

- химиялық таза              -«-                                  < 1%

- жоғары эталондық таза -«-                                  0,01-0,00001%

- аса таза                         -«-                                  < 0,00001%

Аналитикалық реагенттердің ( және реакциялардың) сезгіштігі анықталатын заттың ең аз мөлшерімен сипатталады (анықтау шегі). Белгілі аналитикалық реакциямен «ашылатын» мөлшер неғұрлым аз болса, реакцияның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады. Реакцияның сезгіштігі өзара байланысты төрт шамамен сипатталады:

- шекті сұйылту Vlim –  анықталатын заттын 1 грамы бар ерітіндінің аналитикалық сигнал бере алатын шегіне жете сұйытылған көлемі (мл/г);

- шекті концентрация Clim - белгілі реакциямен анықталатын заттың ең төмен концентрациясы (г/мл);

- шекті көлем Vmin – шегіне жете сұйытылған ерітіндінің анықтауға мүмкіндік беретін ең кіші көлемі (мл);

- анықталатын минимум  mmin - белгілі реагент көмегімен шегіне жете сұйытылған ерітіндінің ең кіші көлемінде (Vmin) анықталатын заттың ең аз мөлшері (мкг).

Бұл шамалар бір-бірімен келесі байланыста:

 

mmin = Clim.Vmin .10-6=

 

Осыдан, неғұрлым анықталатын минимум төмен, ал шекті сұйылту жоғары болса, аналитикалық реакцияның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!