Бекітемін
Балабақша меңгерушісі
__________________
____________________
Ашық оқу қызметінің
жоспары
Ересектер «Балдырған»
тобы
Мерзімі:26.10.2018ж
Тәрбиеші: Дүрменова Дана
Елібайқызы
«Таным» білім беру
саласы.
Жаратылыстану оқу
қызметі.
Тақырыбы: Жыл құстары мен қыстап қалатын
құстар
Мақсаты : Жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын
атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту, мнемотехника
әдісі бойынша сипаттауға үйрету,айналасындағылардың қамқорлығы
қажет екенін анықтайды.құстарға қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
: теледидар, мнемотехника
кестелері,әуенді киіз үй ,құстардың
бейнесі,
Әдіс
–тәсілдері : сұрақ жауап,кестемен жұмыс, әңгімелеу, тақпақтар, жұмбақ
шешу,ән орындау,
Билингвальды
компонент : құстар – птицы, қарлығаш- ласточка, суықторғай –
снегирь
Оқу қызметінің
барысы:
Педагог балаларға шаттық
шеңберіне тұруды ұсынады.
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз
ерекшіліктерін атайық.
Күз
айларын атап беріңдерші?
Күз
мезгілінен кейін қандай мезгіл болады?
Сендер қалай ойлайсыңдар қыста құстарға қиын ба?
Неге?
Қандай құстарды жыл құстары деп
атаймыз?
Олар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Бізбен бірге
қалатын құстарды қалай атаймыз?
Д/О «Құстарды
орналастыр»
Кәзір, балалар, айналамызға қарайық, көптеген
құстар жасырынып тұр, соларды тауып және қандай құстарға жататын
атайық. Қыстап қалатын құстарды ағашқа отырғызайық, ал жыл құстарын
аспанға ұшырайық.
Өте
жақсы, құстар туралы көп білетіндерінді көрсеттіндер, енді бүгін
біз арнайы екі құсқа тоқталып өтеміз. Ал қай құс туралы екенің
жұмбақ шешіп табайық.
1.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(қарлығаш)
2.Қысқа төзімді, құстын сұлуы, кеудесі қызыл
түсті, жидек жегенді ұнатады (суықторғай)
Мнемокесте арқылы салыстырып құстармен
таныстыру.
Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара,
құйрығы айыр. Ал суықторғай басында қара бөркі бар, арқасы сұр, ал,
кеудесіндегі қауырсындары қызыл түсті.
Екі
құста ұя салады. Қалай ойлайсындар құстар ұясын қайда салады
екен?
Қарлығаш ұясын адамдарға өте жақын, үйдің ішіне
немесе шатырдын астына салады. Ал суықторғай болса ағаштын басына
салады.
Немен қоректенеді? (балалардың жауаптарын
тындау)
Қарлығаш шыбын, маса, шіркейлер жейді. Ал
суықторғай болса ағаштын басында қалған жидектерді жейді. Ал қатты
аязда суықторғайларға қандай көмек жасауға болады?
(жемшашар)
Сергіту сәті «Қарлығаш»
Мнемокесте арқылы алынған мәліметтерді толықтырып
айтып беру. Балалардың жауаптарын тыңдау.
Өте
жақсы, қолдарымызға қарындашты алайық, мен айтып тұрамын, ал сендер
суретін салындар:
1.
Қағаздың ортасына сопақша саламыз,
2.
дөңгелек басын саламыз, кішкенне ұшбұрышты түмсығын
саламыз
4.
үлкендеу үшбұрышпен құйрығын саламыз
5.
қанаттарын, көздері мен аяқтарын саламыз.
6.
Құстың отырған бұтақшаны саламыз
7.
Ұшып жатқан қар ұлпаларын саламыз.
Қай
құстын суретін салдық? Неге олай ойлайсындар?
Ондай болса суықторғайымызды
бояйық.
Қорытынды : Балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік? Қандай
құстармен таныстық?
Шұғыла : Торғай ,торғай
торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем
шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Інжу : Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
Балаларды марапатттау.
Таным білім беру
саласы.
Жаратылыстану ашық
ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тақырыбы : Жыл құстары мен
қыстап қалатын құстар.
Мақсаты : Жыл құстары мен
қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың
пайдасы туралы білімді бекіту, мнемотехника әдісі бойынша
сипаттауға үйрету,айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін
анықтайды.құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : теледидар,
мнемотехника кестелері, құстардың бейнесі,
Әдіс –тәсілдері : кестемен
жұмыс, әңгімелеу, тақпақтар, ән орындау,
Билингвальды компонент :
құстар – птицы, қарлығаш- ласточка, суықторғай – снегирь
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
Қайырлы таң деймін мен.
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Күз айларын атап беріңдерші?
Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл
болады?
Сендер қалай ойлайсыңдар қыста
құстарға қиын ба?
Қандай құстарды жыл құстары деп
атаймыз?
Олар неге жылы жаққа ұшып
кетеді?
Құстардың ұқсастығы неде?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын,
шешуін тауып көріңдер!
Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй
салды жабыққа. (Қарлығаш)
Балалар қарлығаш қандай құс
?
Дұрыс айтасыңдар, ол жыл құсы. Көктемде жылы
жақтан ұшып келеді. Адамдарға өте жақын. Кеудесі ақ түсті , арқасы
қанаты қара түсті, құйрығы айыр. Ол жайлы біз «қарлығаштың құйрығы
неге айыр атты» ертегіден білеміз.
Балалар, сендер ненің үнін
естідіңдер?
Біз
құстардың үнін естіп отырмыз, ал құстардың өзі қайда екен?
Айналамыздағы тығылып қалған құстарды тауып
алайық.
Ойын : құстарды
тап
Суықторғайды
сипаттау,әңгімелеу.
Суықторғай әдемі құстардың бірі. Оның аты қыс пен
қармен байланысты, себебі бұл құсты қыс мезгілінде жиі көруге
болады. Суықторғай әдетте 7-10 құстармен тіршілік етеді. Қыс қатты
суық болған сайын, олар бұтақта ұзақ отырады, қараңғы түсе
бастағанда ағаштардың қуысында түнейді. Суықторғайдың тұмсығы қара
және қалың, сол тұмсығымен жидектердің дәндерін ұрлайды. Жаз
мезгілінде солтүстікке қарай ұшып сол жақта балапан
басады.
Шұғыла : Торғай ,торғай
торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем
шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Балалар қандай құстарды қыстап қалатын құстар деп
атаймыз?
Құстарға неге қыста көмектесу
керек?
Біз
оларға қалай көмектесеміз?
Серікбек Аяжан :
Нан
қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ойын : ұшты –ұшты
Мнемотехника кестесімен жұмыс
.
Қарлығаш пен суықторғай қандай ? ұқсас
па?
Екеуінің де қанаттары бар, тұмсықтары
бар,
Торғайдың құйрығы ұзын , қарлығаштікі
айыр,
Қарлығаш жылы жаққа ұшып кетеді, суықторғай
суыққа шыдамды .
Сергіту сәті :
қызыл гүлім ай
Ән : Қарлығаш
Шығармашылық жұмыс .
Музыка қосу, « құстар қайтып
барады.»
-
Қағаздың ортасына сопақша
саламыз,
-
Оның жартысын ,қызыл түспен, жартысын қара түспен
бояймыз,ол кеудесі болады.
-
Арқасын қара түспен
бояймыз.
-
Құйрығы мен қанаттарын, көздері мен аяқтарын
саламыз.
-
Құстың отырған бұтақшаны
саламыз
-
Ұшып жатқан қар ұлпаларын
саламыз.
Қорытынды : Балалар біз бүгін не туралы
әңгімеледік? Қандай құстармен таныстық?
Балаларды марапатттау.