Қуыршақ Айсұлудың туған күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуыршақ Айсұлудың туған күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» , «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері,дене шынықтыру

Түрі: Кіріктірілген оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: Қуыршақ Айсұлудың туған күні

Мақсаты:

Білімділік:

Балалардың ойыншық тура­лы түсініктерін кеңейту, ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Дамытушылық:

Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
Өлеңдер жаттау, ойындар ойнату арқылы тілдерін, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Балаларға дос бола білуге, достықты қадірлеуге, бір-біріне көмек көрсетуге және қамқор болуға, бірлікке, татулыққа, адамгершілікке ,ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу

Міндеті: Ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру.Өз ойларын толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.ұсақ қол моторикаларын дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,көрсету, сұрақ-жауап,ойын, топтастыру, сергіту жаттығуы,саусақ жаттығуы, дыбыстық жаттығуы, тыныс алу жаттығуы,тақпақ

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер

Керекті құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта

Биллингвизм: ойыншық –игрушка

туған күн – день рождение

Әлеуметтік инклюзия: Ұяң қыз – Алинамен жұмыс

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Мотивациялық

Ой-қозғаушы
















Ұйымдастыру


Жылулық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.









Балалар шеңбер жасап

тұрады.


Балалар қимыл қозғалыспен көрсетеді.


Ізденушілік-ұйымдастырушы

Кіріспе-әңгіме


  • Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?


  • Балалар  ойыншықтар  жасалуына  байланысты  бірнеше  түрге   бөлінеді . 
    1.    Матадан  жасалған .
    2.    Пластмассадан .
    3.    
    Резинадан жасалған  ойыншықтар


Сипаттама беру. (ойыншықтарды көрсету)

  • Балалар, ойыншықтарды күтіп ұстау керек. Оларды сындырмау қажет.


Биллингвизм: ойыншық –игрушка


- Ал , сендер кандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
Ой, балалар, сендер қуыршақты айтқандарың жақсы болды.

  • Қуыршақ Айсұлу бізге электронды түрде хат жолдапты. Қане, ашып көрейікші.

(Хатты оқу, туған күніне шақырғанын айту.)

Балалар, Айсұлудың туған күніне барамыз ба? Ол орманның арғы шетінде тұрады екен. Ал, орманда түрлі аңдар болады. Сендер аңдардан қорықпайсыңдарма?


Дыбыстық жаттығу.

  • Шақ-шақ-шақ – қуыршақ

  • Су –су-су – Айсұлу

  • Мыз-мыз-мыз – барамыз


Орманға келеді. Құстардың даусы шығады.

  • Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы шығып жатыр?


Балалардың алдынан түлкі шығады.

Түлкі:

  • Балалар сендер қайда бара жатырсыңдар?

  • Күз мезгілі туралы тақпақтар айтып беріңдерші.











  • Ой, балалар, сендер ақылды екенсіңдер. Мен сендерді жіберейін. Ал, мына ойыншықтарды қуыршақ Айсұлуға беріңдер. Сау болыңдар, балалар!



  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер шешіп көріңдерші.


Жұмбақ жасыру.


Бұл не деген көп ине,

Қысы жазы бір түсте

Ол не? Ол сендердің айналаларыңда бар. Қараңдаршы ол не?

Қараңдаршы. Шыршалардың түсі қандай?


Шыршаларды салыстыру.

  • Балалар, шыршалардың қасында тұрып бойымызды сергітіп алайықшы.


Сергіту жаттығуы:

«Шырша»


  • Ал, балалар, ары қарай жүрейік.


Алдымыздан қасқыр шығады. Ол өзінің пирамидалаын жинап беруді сұрайды.


Қимылды ойын: «Кім дұрыс, тез жинайды?»



Қасқыр рахметін айтып, пирамидаларды қуыршақ Айсұлуға апарып берулерін сұрайды. Балаларға жол көрсетіп жібереді.


  • Балалар, мынау қуыршақ Айсұлудың үйі сияқты.

  • Балалар, біз қуыршақ Айсұлуға сыйлық алып келуді ұмытып кетіппіз. Біз оған не сыйласақ екен. Қуыршақ Айсұлудың ойыншықтары бар. Біз оған гүл сыйлайық.

Бейнелеу өнерінің әдістері бойынша орталықтарға бөлу:

І – орталық: далаппен сурет салу әдісі

ІІ-орталық: картоппен сурет салу, бастырма әдісі

ІІІ-орталық: саусақпен сурет салу әдісі


Саусақ жаттығуы:

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен, он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


Қауіпсіздік ережесін ескерту.


  • Іске сәт, балалар.



  • Міне, қуыршақ Айсұлудың үйіне де жеттік.




«Жүректен жүрекке»





«Ойыншықтар» әні


Қуыршақ Айсұлу балаларға рахметін айтып, балаларға тәтті бәліштерін береді.

  • Балалар, біз енді балабақшамызға қайтайық.





  • Бар



Балалар мұқият

тыңдайды











Балалар екі тілде қайталайды.

















  • Жоқ



Балалар бірге қайталайды






  • Құстардың








Балалар тақпақ айтып береді.

Күзім - ау, күзім – ау,
Мінезің бұзық – ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.





  • Сау болыңыз!














  • Шырша

  • Шыршаның түсі жасыл







Балалар музыка әуенімен жаттығулар жасайды.








Балалар шашылған пирамидаларды қызыға жинайды.




















Балалар кеуделеріндегі төсбелгілер бойынша орталықтарға бөлінеді







Балалар бірге қайталап, саусақтарын қимылдатады.






Балалар орталықтарда жұмыс жасайды.





Балалар қуыршақ Айсұлумен сәлемдесіп, туған күнімен құттықтайды, жылы лебіздерін, тілектерін айтады.


Балалар әнді орындайды.





Рефлексивтік-

түзету

(коррекциялық)




  • Балалар, біз қайда бардық?

  • Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?


Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!


Балаларды мақтап, мадақтау.




Балалар жауабы





Барлығы бірге айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтардың түрлерін

Түсінеді: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды;

Қолданады: Интерактивті тақтаны қолданады

Жеке жұмыс: Айданадан сұрақтарды толық жауап беруді талап ету.














  1. Арнұр

  2. Жібек

  3. Тоғжан

  4. Айғаным

  5. Нурдин

  6. Айдана

  7. Альбина

  8. Расул

  9. Медина

  10. Арай

  11. Нұрбол

  12. Әмірхан

  13. Қайыржан

  14. Сұлтан

  15. Алина

  16. Иннесса



Далап – Тоғжан, Әмірхан, Жібек, Медина, Арай



Саусақ – Айғаным, Альбина, Сұлтан, Нұрбол,Иннесса,Нурдин



Картоп – Арнұр, Қайыржан, Айдана, Расул, Алина

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі