"Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметіндегі әріптестеріме көмегім тиіп жатса қуанар едім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырып,ұйықтатамыз

Мақсаты: Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету, киімдерді шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа , тазалыққа баулу.

Көрнекіліктер:: шомылдыруға арналған заттар: су,сабын,сүлгі.

Сөздік жұмыс: сүлгі.

Билингвальді сыңары: Қуыршақ-кукла

Әлеуметтік инклюзия: Айдана, Мирас, Дарын

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері мативациялық қозғаушылық

Тәрбиешінің Іс-әрекеті: Балалармен сәлемдесіп ,шаттық шеңберін жасаймын.

-Топ,топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса, алтын күн

Жаса,жаса жарқын күн.

Тазалық туралы сөйлеседі.Балалар ,сендер таза жүргенді ұнатасыңдарғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? Балалар білмесе көмектеседі –Сабын, су, сүлгі ,айна тарақ. «Сү-сү-сүлгі» деген буын-сөздің айтылуын қайталатып айтқызып үйретемін.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар қимыл –қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.

Балалар тыңдайды, білуге талпынады. Қайталайды.

Ұйымдастырушылық –ізденістік: -Балалар, бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің күр болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді).

-Кәне, балалар, Айгүлді бірге шомылдырайық Алдымен баскиімін, сонан соң аяқкиімін шешейік.

Киім шешу ретін көрсетемін.Шешіп отырып ,киімдерінің аттарын айтып отырамын: баскиім,аяқкиім,көйлек.Шешіп болған соң, шомылдырамын. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап ,одан соң таза сумен жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп ,денесін құрғатып,таза киімдерін кигіземіз. Айгүл рахмет айтады. Оның ұйқысы келеді, әлдилеп ұйықтатайық. «Бесік жырын» айтып, Айгүлді ұйықтатады.

Сергіту сәті.

Ақ қоян,ақ қоян

Ұйқынан тұрсаңшы,

Бетіңді жусайшы

Айнаға қарасайшы,

Әй-әй көйлек кисейші.

«Не жоқ» дидактикалық ойын.

Балалардың іс әрекет іҚуыршақ Айгүлге таңқалады. Айгулдің кір болғанына аяушылық танытады. Киім шешуге шомылдыруға көмектеседі.қамқорлық көрсетуге ұмтылады. Киімінің шешу ретін, киімінің аттарын білуге, үйренуге талпынады.тәрбиешіге бірге қимыл –қозғалыстар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік: Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылаймын. Шешінерде,бірінші неден бастап шешінеміз?.

-Киінерде, бірінші нелен бастап киінеміз?

-Жуыну үшін қандай заттар керек?

Балалардың іс әрекеті: Сұрақтарға жауап беріп үйренеді. Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі.

Күтілетін нәтиже: Киімдердің аттарын біледі

Тазалық туралы түсініктерді игереді.

Киінудің, шешінудің ретін меңгереді.

















. Бекітемін: . . «Астана» балабақшасының . меңгерушісі:--------- М.О. Хасанбаева













Shape1















Тәрбиеші: А.К. Ибрагимова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.07.2018
865
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі