Қыз балаларға білу керек кеңестер.
Өмірдің ең нәзік әрі
өзгерістерге толы кезеңі – жасөспірім шақ. Бұл уақытта қыз балалар
ағзасы ерекше күтімді, дұрыс әдеттерді және жүйелі медициналық
бақылауды талап етеді. Төменде мен дәрігер Айгүл Әбдірәсіл
Берікқызының кеңестері мен нақты жауаптары негізінде жинақталған 11
маңызды сұрақ–жауапты ұсынамын.Бұл кеңестер қыздардың денсаулығын
күтіп, болашақта салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол
ашады.
- Жасөспірім кезеңдегі қыз балалардың
денсаулығына ең алдымен қандай аспектілерге ерекше көңіл бөлу
қажет?
-Жасөспірім кезеңдегі маңызды әрі көңіл бөлу қажет
нәрсе – бұл баланың медициналық бақылаудан өтіп отыруы. Соның
ішінде әр бала денсаулығы үшін қан анализін тапсыру міндетті. Көп
жасөспірімдерде осы шақта пубертаттық кезең болады, яғни етеккір
келуі, балада түктер шыға бастайды – осының бәріне бала ағзасына
темір (Fe) керек.
- Қыз балаларға денсаулыққа пайдалы қандай
әдеттерді кішкентай кезінен бастап үйрету маңызды деп
есептейсіз?(мысалы: гигиена, спорт, ұйқы тәртібі,
дұрыс тамақтану)
- Қыз балаларға міндетті түрде ұйқы тәртібі керек,
сонымен қатар дұрыс тамақтана білуі қажет. Яғни қуырылған, ащы,
фастфуд өнімдерін жемеуге тырысу керек, және гигиенаны—жеке тазалық
пен тазалық құралдарын бөлек пайдалануы өте маңызды қағида. Қыз
баланың спортпен айналысуы да міндетті, себебі ол баланың бойына
энергия береді.
-Ұйқы, тамақтану және жеткілікті су ішу
тәртібі жасөспірім ағзасының дамуына қалай әсер
етеді?
-Егер балада ұйқы тәртібі болса—бала сағат
22:00-де ұйықтап, уақытымен тамақтанып жүрсе, таңертең мектепке аш
қарынмен бармаса, жеткілікті мөлшерде су ішетін болса—су ішу
тәртібін біз әр баланың салмағына қарай санаймыз. Мысалы: 1 жасқа
дейінгі балаларға 50–100 мл су керек болса, жасөспірім балаларға
оның килограммен өлшенген мәніне қарай тұтыну қажет
болады.
- Ұйқының бұзылуы мен созылмалы стресс қыз
баланың физикалық және эмоционалдық денсаулығына қандай зиян
келтіруі мүмкін?
- Бала уақытылы ұйықтамаса, түнгі уақытта
телефонмен отыра берсе немесе тек таңертең ұйықтайтын болса, балада
стресс болады – ол организмнің дамуына өте кері әсер етеді. Яғни
жасөспірім балада етеккір кешігуі мүмкін, баланың мінезқұлқы жиі
өзгереді.
- Жасөспірім қыздар жылына қанша рет жалпы
медициналық тексерістен өтіп тұруы қажет? Қай дәрігерлерге міндетті
түрде қаралу керек?:
- Балалар тексерістен мектеп басталар алдында
(күзде) өтсе дұрыс және сабақ аяқталғаннан кейін 2 рет медициналық
тексерістен өткендері маңызды. Жалпы тәжірибелік маманның
(терапевт), хирургтың, невропатологтың және эндокринологтың
кеңесінен өту керек.
- Иммунитетті нығайту үшін қыз балаларға
қандай дәрумендер мен тағам түрлері пайдалы?
- Иммунитетті нығайту
үшін:
- Энергетикалық сусындар мен диеталық дәрілердің
жасөспірімдер үшін қандай қаупі бар? Бұл заттар ағзаға қалай әсер
етуі мүмкін?
- Тәтті (энергетикалық) сусындарды көп тұтыну
баланы кариеске, тамақтану тәртібінің бұзылуына және тәбет
болмауына әкеліп соғады, соның салдарынан салмақтың азаюы
туындайды. Диетаға отыру жасөспірім кезеңде организмге өте ауыр
болып келеді, себебі дамып келе жатқан ағза өзіне қажетті
дәрумендер мен заттарды қабылдай алмай
қалады.
- Қыз балалар арасында жиі кездесетін анемия
мәселесінің алдын алу үшін қандай тағамдар мен тәсілдерді ұсынар
едіңіз?
- Анемияның алдын алу
үшін:
-
Жылына 2 рет жалпы қан анализін
тапсыру
-
Темірге бай тағамдар: бауыр, ет, қызылша,
жаңғақ
-
Ас тұзын тұтынуды шектеу (тұз темірді
сіңіруді тежейді)
- Жасөспірім қыз бала денсаулығына қатысты
мәселелер туындағанда кімге жүгінгені дұрыс: анасына ма, дәрігерге
ме, әлде психологқа ма? Бұл жерде отбасының рөлі
қандай?
- Егер балада денсаулығына қатысты мәселелер
туындаса, алдымен анасына айтуы керек, кейін ата-анасы бірге
ақылдасып дәрігерге жүгінуі қажет. Эмоциялық қолдау үшін қажет
болса, психолог көмегі де маңызды.
- Сәнге немесе салмақ тастауға еліктеп диета
ұстау – жасөспірім ағзасына қаншалықты қауіп төндіреді? Диета
туралы дұрыс ақпаратты қайдан алу керек?
- Жасөспірім шақта диета ұстау анорексияға (табет
болмауы, салмақ жоғалту, асқазан-ішек жолдары бұзылу) әкелуі
мүмкін. Сондықтан әр бала диета тәртібін дәрігердиетологтың
қадағалауымен ғана ұстануы керек.
- Қыз балада етеккір циклының бұзылуы жиі
кездеседі. Бұл қалыпты жағдай ма, әлде дәрігерге көріну керек
пе?
- Етеккір циклының тұрақты қалыптасуы 1–2 жыл уақыт
алуы мүмкін. Алайда жиі кешігу немесе қатты ауырсыну – анемия,
гормондық бұзылыс немесе басқа патология белгілері. Сондықтан қыз
бала 9–10 жасқа толған соң гинекологқа уақтылы қаралып, анализ
тапсыруы қажет.
Осы айтылған ұсынымдарды
күнделікті өмірге енгізген сайын, әр қыз бала дені сау, сенімді әрі
келешегіне көңіл бөліп,өздеріне жақсы кеңестер алды деген
ойдамын.
Әсел Жексенбай Астана
қаласы
74 мектеп-гимназия, 11 сынып
оқушысы.