Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Ғылыми- зерттеу жобасы
Тақырыбы: «Қыз еркем кестесімен көркем»
Орындаған: 8- сынып оқушысы Ниязова Аңсана
Жетекшісі: бірінші санаттты, сарапшы, көркем еңбек пәні мұғалімі: Джакупова Гульжан Махасовна
2020 жыл
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев
атындағы орта мектеп оқушысы
Ниязова Аңсананың
«Қыз еркем кестесімен көркем»
атты зерттеу жұмысына берілген
Пікір
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушысы Ниязова Аңсананың «Қыз еркем кестесімен көркем» атты ғылыми – шығармашылық зерттеу жұмысын үлкен ізденіспен, жүйелі жазыған деп айтуға болады. Зерттеу жұмысына Аңсана үлкен қызығушылықпен кірісті. Шығармашылыққа бейім, сабақта үлгілі оқушым өз жұмысында жалпы қазақ халқының қолөнерін, ою- өрнегін, ұлттық киімдерін, кесте тігу өнері туралы ақпараттар жинады. Қазақ халқының мол мәдени мұрасының белді бөлшегі қолөнері болса, соның бір саласы кесте тігу өнерін қазіргі заман талабына сай қолданысқа енгізу жолын іздестірді. Өзі практикалық тәжірибе жасап күнделікті тұрмыста, жастар арасында сұранысқа ие боларлықтай киім үлгісінде кесте тігісін ұтымды пайдалана білді. Болашақта Аңсана бұл жұмысын ары қарай зерттеп, үлкен жетістіктерге жететініне сенемін
Жетекшісі: бірінші санаттты, сарапшы, көркем еңбек пәні
мұғалімі Джакупова Гульжан Махасовна
Мазмұны
І. Кіріспе..................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.......................................................................................
2.1. Қолөнер - зор өнер. Ою - өрнек - өрелі өнер...........................................................................................................
2.2 Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері
2.3. Кесте және кестелеу түрлері
Кестенің қәзіргі заманда қолданылуы...................................................
2.4. Практикалық іс- әрекет. Біз кесте тігісін пайдалану
арқылы киімді безендіру..........................................................................
ІІІ. Қорытынды ..........................................................................................
ІV. Ұсыныстар............................................................................................
V. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................
VІ. Қосымша.............................................................................................
Аннотация
Бұл жұмыста Кесте тігу өнерінің тарихы, қазіргі заманда қолданылуы, кесте тігісін күнделікті киімдерге енгізу мақсатында практикалық іс- әрекеттер жасалды.
Мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнегін, ұлттық киімін, кесте тігу өнерінің тарихын, қазіргі заманда қолданылуын зерттеу, кесте тігісін күнделікті киімдерге енгізу мақсатында практикалық іс- әрекеттер жасау.
Өзектілігі: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу керек, ол үшін кез келген адам сол ұлттық құндылықтармен өмір сүруі тиіс.
Міндеті: Асыл мұрамыз қолөнері, кесте тігу өнерін насихаттау
Күтілетін нәтиже: Ұлтымыздың асыл мұрасы, баға жетпес байлығы ұлттық киімдеріміз тек сахналық киім ретінде ғана қолданылмай күнделікті киім қатарына енуі тиіс. Ал кесте тігу өнері ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын, қыздарымызды әсемдікке, еңбекқорлық пен ептілікке тәрбиелейтін сүйікті хоббиына айналуы қажет.
Дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, мұражай, оқулықтар, интернет желісі, әлеуметтік желілер
Әдіс- тәсілдері: Практикалық іс- әрекет, әлеуметтік эксперимент жасау
Теориялық және практикалық мәні: Жұмыс барысында кесте тігісін қолдану, ою- өрнекпен безендірілген киімді қолдануды өз тәжірибеме енгізу
Жобаның жаңалығы: Өз қолыммен ою – өрнекті кестелеп тігу арқылы күнделікті киімді безендеру
Жоба жұмысының құрылымы: мазмұны, аннотация, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
Аннотация
В этой работе была проведена история искусства вышивки, ее использование в наше время, внедрение вышивки в повседневную одежду, практические занятия.
Задача: изучить орнаменты казахского народа, национальные костюмы, историю искусства вышивки, его современное использование, провести практические занятия по внедрению вышивки в повседневную одежду.
Актуальность: необходимо продвигать национальные ценности, ради которых каждый должен жить согласно этим национальным ценностям.
Задача: популяризация искусства рукоделия, вышивки.
Ожидаемый результат: Благородное наследие, бесценное богатство нашего народа, наши национальные костюмы должны использоваться не только как сценические, но и как повседневная одежда. А искусство вышивки должно стать любимым хобби, которое определяет нашу национальную идентичность, прививая нашим девочкам красоту, трудолюбие и ловкость.
Источники: данные как исследовательский материал, музеи, учебники, Интернет, социальные сети.
Методы: Практическая деятельность, социальные эксперименты.
Теоретическая и практическая значимость: использование вышивки в работе, внедрение вышитой одежды в практику.
Новинка проекта: Ручная вышивка - для украшения повседневной одежды вышивкой.
Структура проекта: содержание, аннотация, введение, основная часть, заключение.
Аnnotation
In this work, the history of the art of embroidery was carried out, its use in our time, the introduction of embroidery into everyday clothes, and practical exercises.
Objective: to study the ornaments of the Kazakh people, national costumes, the history of the art of embroidery, its modern use, to conduct practical exercises on the introduction of embroidery into everyday clothes.
Relevance: it is necessary to promote national values, for the sake of which everyone should live according to these national values.
Objective: to popularize the art of needlework and embroidery.
Expected result: Noble heritage, priceless wealth of our people, our national costumes should be used not only as stage clothes, but also as everyday clothes. And the art of embroidery should become a favorite hobby that defines our national identity, instilling beauty, hard work and dexterity in our girls.
Sources: data as research material, museums, textbooks, the Internet, social networks.
Methods: Hands-on activities, social experiments.
Theoretical and practical significance: the use of embroidery in work, the introduction of embroidered clothing into practice.
Project novelty: Hand-made embroidery - for embroidering everyday clothes.
Project structure: content, abstract, introduction, main part, conclusion.
І. Кіріспе
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін, кез келген адам сол ұлттық құндылықтармен өмір сүруі тиіс. Ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарасты жандандыру керек, себебі жаңа заман жаңа тренд, жаңа талап туғызып отыр.
Осы жұмысымда мен қазақ халқының қолөнері, ою өрнегі, ұлттық киімі, кесте тігу өнері туралы ақпараттар жинадым. Ұлттық нақышты киімдердің кәзіргі таңда қаншалықты сұранысқа ие екенін зерттедім.
Өз қолыммен тізбек кесте тігісін үйреніп, оны өз киімдерімді безендіру үшін қолданып көрдім.
Ұлттық құндылықтар тек мәдени-материалдық мұра болып қалмауы тиіс, ол біздің күнделікті тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналуы керек. Ұлтымыздың асыл мұрасы, баға жетпес байлығы ұлттық киімдеріміздің сәнін келтіріп еркешелеп тұратын ою- өрнегіміз күнделікті киімдеріміздің де сәнін келтіріп тұруы тиіс. Ал кесте тігу өнері, қыздарымызды әсемдікке, еңбекқорлық пен ептілікке тәрбиелейтін сүйікті хоббиына айналуы қажет.
Қазіргі заман талабына сай киім үлгілерін ұлттық нақышты кестемен безендіру кез-келген қыз баланың қолынан келетін өнер екенін дәлелдегім келді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қолөнер - зор өнер.
Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдеиеті мен өнерін паш ететін құндылықтарыдың бірі- оның қолөнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардансән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық шеберлерінің ісі- мақтауға тұрарлық өнер туындысы. [1- 7бет]
Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрi ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әрқайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасқан, халқымыздың тарихымен, өмірімен бірге ілгерілей дамып отырған. Қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілері тарихта «андронов мәдениеті» деген атпен белгілі дәуірден басталады. Бұл дәуір біздің эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдарға тура келеді.
Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталады.
Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-кешектерді, қару-жарақты т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын, бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған.
Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар. Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын танылады. [2- 7бет]
Ою ойып, өрнек салам десеңіз...
Өз бетімен ою- оюды үйрену үшін мынадай құралдарды сайлап алу қажет: қайшы, қарындаш, өшіргіш. Бір парақ шаршы қағаз алыңыз да [қосымша 1. 1- 2сурет] суреттегідей екіге бүктеңіз. Содан кейін [қосымша 1. 3- сурет] көрсетілгендей төрт қабаттап бүктесеңіз үшбүрыш пайда болады. З- суретте көрсетілгендей, сол үшбүрыштың бетіне болашақ өрнектің суретін салып, ақ бөлігі мен қара бөлігінің арасын қуалап қайшымен ойып алыңыз. Ойып болған соң, [қосымша 1. 4] көрсетілген ретпен қағаздың бүктеуін жазсаңыз, [қосымша 1. 5] суреттегідей ою үлгісін аласыз.
[қосымша 1. 5] суреттегі оюдың қара бояумен боялған бөлігін өрнегі деп атайды, ал [қосымша 1. 6] суреттегі көрсетілгендей қара бояумен боялғанын өрісі (фон) дейді. Оюдың өрнегі мен өрісін түрлі түсті бояуға үйлестіре бояп қояды. Кейде екі түсті аша түсу үшін өрнек пен өрістің арасын жіңішке етіп үшінші түспен бөледі. Оны су жургізу деп атайды. [2- 15бет]
2.2 Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған, [2- 87бет]
Еуразия даласын мекендеген көшпелі қазақ елі өзге халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері көшпелі өмір мен табиғи ерекшеліктерге сай қалыптасты. Қазақы киімнің сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың бай тарихы мен, ой-дүниетанымының қайталанбайтын ерекше көріністері бар. Ол дегеніміз – қазақ халқының төл мәдениеті. [6]
Қазақтардың XVIII-XIX ғғ. материалдық мәдениеті сол қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен сипатталды. Көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы негізгі фактор мал шаруашылығы едәуір өз септігін тигізді. Екінші жағынан алғанда егіншілік, сауда қатынасы, көрші елдердің прогресті ықпалының да маңызы болды. Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киім-кешек үшін малдың жүні мен терісі негізгі материалдар болды.
Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Күнделікті киім мен тойға киген салтанатты киім арасындағы айырмашылық-соңғысының пішімі мол, тігісі жатық, бас киімдерінің бойы биік, ұқыпты безендірілгендігінен көрінеді. Күнделікті киім-кешекке шұғаның қарапайм түрі, шекпен, сәтен, бөз, шыт, қой терісі, былғары сияқты материалдар жаратылса, салтанаттық киім-барқыт, зерлі немесе бедерлі жібектен, батсайы-бәтестерден, қымбат бағалы пұшпақтан, елтіріден тігілген [4, 62б].
Әйелдер киіміне келер болсақ, көйлектері иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ қайырма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Кеуде тұсындағы өңір қақпағына кесте төгілген. Етегі бүрмеленіп, түймеленетін қатырма жағалы етіп тігілген. Жеңі жең ұшына қарай тарылған. Қай жастағы әйел болса да көйлектің сыртынан фабрикалық матадан тігілген кәзекей киді. Кәзекейдің сыртынан үлгісі жағынан еркектердің қамзолынан өзгешелігі жоқ жеңді немесе қамзол, бешпет киді. Былғарыдан жасалатын жалпақ кемер белдіктері күміспен күптеліп, алтынмен апталып, қымбат бағалы тастармен және түсті шынылармен мол әсем әшекейленіп отырды. Кемер белдіктің зергерлік нақышқа бай қапсырма металл доғабасы немесе жылтыр танадан орнатылған ілгегі болды.
Көбіне барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі және кебіс киді. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған. Жаз кезінде қыздар мақпалдан, жібек пен барқыттан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек зеркестемен әсем нақышталып жасалған тебетей киген. Бай нақышты тебетей «қасаба» деп аталды. Қыздардың қысқы бөріктері камшаттың, құндыздың, сусардың және елтірінің терісімен биік етіп әдіптелетін. Витринада тұрған қалыңдықтың тойдағы бас киімі– сәукеле көп әшкейлі, қымбат бағалы, сәнді бас киім. Жұқа ақ киізден сырылып тігілген, сырты қызыл шұғамен тысталған. Бұлғын немесе құндыз терілерімен жиектеліп, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталған. Қымбат бағалы аң терісімен әдіптеліп, күміс, лағыл, жақұт, моншақ әшекейлер тағылған. Жоғары жағы жіңішкеріп, төбесіне бағалы тастар орнатылған. Тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы бау тігілген. Ол бас киім ғана емес қазақ халқының сән-салтанатының, салт-дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі мен өнер туындысы. Ол туралы Т.Тілеубекұлының оқулығында «Сәукеле – дегеніміз бойжеткен қыздың тұрмысқа шығарда басына киетін бас киімі. Оның негізін ақ киізден биік, конус тәрізді дайындайды. Сыртын қызыл шұға немесе қамқамен тыстап, алтынмен, күміспен, әр түрлі асыл тастармен әшекейлейді.
Сәукеле қыз әкесінің тапсыруы бойынша дайындалады. Алтын, күміс, гауһар, інжу сияқты асыл тастармен көмкеріліп, самай сырға тағылып, сукеленің маңдай тұсына лағыл (рубин) таспен көзтимес, не шекелік орнатылады. Мұндай сәукелелердің құны 3 үйір жылқының құнына тең келеді»-делінген. [5, 122б].
Кестені көңіл сызады,
Қол тігеді, көз сынайды
2.3. Кесте және кестелеу түрлері. Кестенің қазіргі заманда қолданылуы.
Кесте - қазақ халқының колөнерінің тамыры терең дәстүрлі ерекше түрінің бірі. Кесте тігу өнерінің қазақ халқында бағзы кезден болғандығын археологиялык қазбалар мен жазба ескерткіштері дәлелдейді. Бүл салада ғүн кестелері деп аталатын қазба деректердің қүндылығы ерекше. Солтүстік Моңғолиядағы НойнУлин қорғаны қазбаларынан «біз кесте» тәсілімен жібек жіппен кестеленген былғары етік табылған. Кесте тігу өнері көшпенді түрмыс салты жағдайында қалыптасқандыктан казактардың кәсібі мен түрмысын суреттеген.
Кесте тігумен тек қана әйелдер айналысқан және бул өнерді қазақ қыздарына аналары бала кезінен үйреткен. Осы өнер түрі арқылы қыздарды ыждағаттылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Қыздардың табанды, сабырлы мінез- құлқын қалыптастыруда кестенің маңызы зор болған. Бойжеткен қыздар өзіне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бәрін өздері тігіп, ісмерлігін шыңдаған.
Халқымыз кестемен матадан тігілген киімдерден басқа жарғақ шапан, жарғақ шалбарларлды да кестелеп әшекейлеген. Кестеге түрлі-түсті жібек, жүн, мақта- мата сондай- ақ алтын, күміс жіпгер пайдаланған. Сонымен бірге кестеге маржан, інжу, құбылмалы моншақтар қолданған. Зермен жиек телген кейбір бұйымдарға құндыз, сусар, кәмшатгың құйрықтары тігілген. Қазақтың ісмер әйелдері алтындап тігy өнеріне де шебер болған.
Қазақтың кестелеу өнерінде түс пен бояудың да мәні зор. Бояу түрлерін үйлесімді пайдалануоюды байытып, кестенің композициялык жарасымдылығын айқындайды. Казақ ісмерлері бір түстің басымдылығын қолданбай алуан түрлі түстердің сәйкестіктерін таба білген. Кестеге салған оюлары қатаң симметриялы, өрнектері ирек сызықты болып келген.
Қазақтың кесте тігу техникасында негізінен «біз кесте», «шалма кесте» «жөрмеме кесте» деген түрлері бар
Қазақ әйелдері кестелеудің бұдан басқа да айқас тігу, жіп салып тігу, шыраштап тігу, басып тігу, қайып тігу, бүршіктен тігу, баспа, кенебе. албыр кесте түрлерін қолданған. [3- 332бет]
Біз кесте. Біз кесте ағаштан иіп жасалган дөңгелек не төртбұрышты кергішке кесте тігілетін матаны керіп. оған ілмек бізбен жіпті әрлі-бері өткізу аркылы өрнектеле тігіледі. Бізбен тігу үшін мата тегіс керіліп тұруы керек. Кергіш тігушінін колы еркін жетіп тұратындай етіп жасалады. Матаны керіп, кестеші өзінің қалаған суретін салады. Матаға ою-өрнекті сызып түсіру үшін жарты қасықтай сүтке бір қасықтай түз салып әбден араластырып біраздан кейін сызуға болады. Жіптің жуандығы біркелкі болса, кесте де біркелкі болып түседі. Жарғақ шалбардың балағына, жүқа шапаннын, шекпеннін өңіріне тігіледі.
Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деген екі түрі болады.
Шым кесте деп материалдың ашык жерін қалдырмай тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Ол тәсілмен түскиіз, сандык қап, мақпал шапан, жастықгың тысын, орамалдың шеті, төсек жапқыш, сәукеле сиякты баска да көптеген киімдер тігіледі.
Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы, кең коныш етіктердін бұрыш-бұрышы сияқты зат бөлігіне тігіледі немесе бөлек тігіліп қондырылады.
Шалма кестенің шалып тігілген ирек жібі кестеге өзіндік көрік береді.
Жөрмеме казақтың кесте өнеріне ХХ ғасырда орыстардан келгендіктен. оны кейде «орыс кесте» деп те атайды. Кестенің бүл түрін негізінен әйелдердің әшекейлі баскиімдері мен әсемдік бұйымдарына колданылған.
Кестелеудің келесі бір түрі әртүрлі маталарды оюластырып кестелеу.
Маталарды бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірынғай матаға (барқыт, шүға) біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жинтығынан үйлескен тұтас желісін жасау негізінде тігіледі. Инемен тігілген кестені материалды керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін, кесте салынатын матаға әуелі өрнек түсіріп алады да. сол өрнек ізінен тігеді.
Маржандап, моншақтап кестелеу. Әйелдердің тақия, сәукеле, өңір, қолдорба, қамзолдар және сән-салтанат киімдерін ғана қестелейді.
Айқас (крес) тігу немесе шыралжын. Инемен тігілетін кестенің көп тараған түрі. Өрнек инемен біркелкі төртбұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крес түрінде айқастырып бастырып отырады. [3- 333бет]
Нағыз өнер мәңгі өмір сүреді. Оған кесте тігу өнері дәлел десекте болады. Жан Поль Готье, Аделин Андре, Валентино Гаравани және басқа да атақты киім дизайнерлері өз топтамаларын безендіру үшін кестелерді жиі пайдаланады. Біздің елімізде де кестелеп тігу өнерін дәріптеп, оны өз кәсібінде пайдаланып отырған дизайнерлер жетерлік. Жоғары сапалы, ұлттық киімдері мен қатар заманауй киімдерінде кестелеп безендіріп, ұлттық нақышта тігіп ұсынып отыр. Олардың тіккен киімдер үлкен сұранысқа ие. Мысалы:
https://instagram.com/nur_shah_kazakhstan?igshid=1gyui7a9yqcjb қосымша [3- 333бет]
https://instagram.com/sultankhan_kazakhstan?igshid=hb3hqdwxnpun қосымша [3- 333бет]
Оралдық сәнгерлер: https://instagram.com/dm.khanym?igshid=wckxxlnqvj6t қосымша [3- 333бет
https://instagram.com/kajekei_uralsk?igshid=1d5mweh301i63 қосымша [3- 333бет]
2.4. Практикалық іс- әрекет. Тізбек кесте тігісін пайдалану
арқылы киімді безендіру
Жобаның практикалық бөлігінде тізбек кесте тігісімен өз киімдерінің бірін безендіремін деп шештім. Тізбек кесте ең қарапайым кесте түрі болғанымен қолды жаттықтыруды талап етеді. Алайда аз ғана ептілік, үлкен қызығушылык болса кез- келген қыз бала тігіп үйреніп алады. Футболка кез- келген жастағы адамдарға жараса кететін, тынығуға, қыдыруға, достармен кездесуге, т.б. көптеген жерлерге киіп кете беруге өте ыңғайлы киім. Мақта матасынан тігілген футболка кесте тігугеде қолайлы. Сол себепті ұлттық нақышпен безендіріп кестелеп тігуге өзімнің сүйікті футболкамды таңдап алдым.
Тізбек кесте тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
Кестелеп тігу туралы шеберлік сағаты [7]
Кесте тігуге қажетті құрал- жабдықтар: Ине, дөңгелек кергіш, қайшы, оймақ, мулине жіптері, флезелин
Жұмыс барысы:
-
Бұйымның өрнек тігетін бөлігіне флезелин жапсыру
-
Өрнек таңдау
-
Өрнекті бұйымға көшіріп салу
-
Өрнекті сызық бойымен кестелеп тігу.
-
Дайын бұйымды ылғалды- жылумен өңдеу.
ІІІ. Қорытынды
Қазақ халқы сұлулықпен әсемдікті таңдай да, талғай білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.
Кесте тәгу өнері
Сәндік қолөнері - халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі.
ІV. Ұсыныстар
Бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы - қолөнер, яғни ою - өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білу тиісті.
Пайдаланылған әдебиет
-
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Кенжеахметұлы С. Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2018.- 384б., сурет
-
Қазақтың қолданбалы өнері. Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2007.- 272б., сурет
-
Қазақ халқының ұлттық киімдері- Алматы: «Алматыкітап». 2007 Құраст. Хинаят Б., Сужикова А. Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2007.- 384б., сурет
-
Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. – 192 б.
-
Тілеубекұлы Т. Қазақтың ою-өрнектерімен зергерлік бұйымдары: Оқу құралы. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2012. – 136 б.
Интернеттен алынған ақпараттарға сілтеме
-
Меруерт АМИРОВА http://kazmuseum.kz/maman-kenesi/item/1777-muzej-ekspozitsiyasynda-y-kazakty-lttyk-kiimderi
-
https://youtu.be/0APeRsUiHJI футболканы кестелеп тігу. Шеберлік сағаты
15
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз