Қыз намысы – ұлт
намысы.
Атам қазақ қыз бала тәрбиесіне
ерекше мән берген . Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына
дарытқан. «Бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің , бір қыз
тәрбиелесең - бір ұрпақты тәрбиелегенің» дей отырып қыз бала
тәрбиесіне баса көңіл бөлген.Өйткені қыз бала - болашақ ұрпақтың
анасы. Бүгінгі бұлдіршін қыз ертеңгі ибалы келін, одаң соң абзал
ана. Олай болса, елдің ақыны мен батырын, көреген көсемін, сөзуар
шешенін, тор жарар дүлділін де өмірге әкелетін – ана. Қыз баланы
жат жұрттық деп, қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық
үйден тыю» дей отырып бүкіл әулет, керек болса бүкіл ауыл болып қыз
бала тәрбиесіне атсалысқан. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар,
жан сұлулығы мен тән сұлулығы ұштасқан қазақ қызының басты
тәрбиешісі анасы болған. Біздің қазақ қыздарының бойына ізеттілік,
ар-ұят, ұяңшақтық, үлкенге қызмет көрсету, жаны ашу қасиеттерін
сіңіретін ең бірінші - ол анасы. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс
тұрысына, қай ортада болсын өзін-өзі қалай ұстау керектігіне,
үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып
отырған. Қазақ аналары, сонымен қатар, «шешесі қыдырмашыл болса,
қызы бастамшыл болады» деп өзінеде барынша шектеу қойып, қызының
әрбір ісін бағамдап отырған, «анасы тұрып, қызы сөйлеуден безген».
Қыз баланың әр бір басқан қадамы анасына аян болып отыратын.
Ертеңгі күні келін болып түскен ауылда өз отбасының, бір рулы елдің
бетіне таңба болмасы үшін ар-намысын көзінің қарашығындай сақтау
керектігін жалықпай санасына сіңіріп, қадап айтып отырған. Қазақ
халқы қыз баланың қадір қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады
деп халықтық болмыспен астастырған, сондықтан қыз баласына тәлім
мен тәрбие,өнер мен өнеге беру басты назарда
болған.
Қазіргі таңда, өкінішке орай ,
сол атадан келе жатқан ұлттық тәрбие көзі сарқылып барама деп
қаламын. Оған себеп, каракөз бойжеткендеріміздің жаман жолға түсіп
кетіп жатқаны. Ащы су құмарына салынып, суық жүріске салынып
жүргені қаншама?Осындай «соқыр» жүріс салдарынан жүкті болып,
бейкүнә нәрестені жетімдер үйіне тастап кетіп жатқандар, немесе,
оданда сорақысы, жаңа туылған нәрестені қоқысқа немесе әжетханаға
аяусыз тастап кетіп жатқаны қаншама? Бұл ащы шындық!Ал енді осындай
жаман жүрісте жүрген қыздардың тұрмыс құрғанның өзінде салиқалы,
ұлтымыздың құндылықтарын жалғастыратын ұрпақ тарайды деп айтудың
өзі күманді. Өйткені, бұл қыз кезінде отбасында тиісті тәрбие тәлім
алмады немесе алалмады бір себептермен делік. Ата-анасы жұмыс басты
болып, күн көріс қамымен өсіп келе жатқан бала - шағаның тыныс
тіршілігінен бейхабар болып, баласымен шүйікелесіп араласуға
уақытыда болмады. Қыз баланың немен айналысып, кіммен араласып,
қандай ортада жүргенінен беймәлім болған ата-ана қыз бала
тәрбиесіндегі ең маңызды кезеңдерді осылай өткізіп алатыны ғажап
емес. Мінекей, осылай бала тәрбиесіндегі келеңсіздіктерді тудырып
аламыз. Қазақ халқы қыз баласын гүлге теңеген, ал гүлге күтім
қажет. Уақытылы суарып, ауа баратындай түбін қопарып, арам
шөптерден дер кезінде тазалап тұрған жағдайда гүл құлпырып, жайнап,
иісі айналаға маңқып қөзді сұлулығымен қуантып, жанды ләззатқа
бөлейді. Қыз баланың тәрбиесіде осылай, дер кезінде жүйелі
жүргізілген тәрбие өз нәтижесін берері
анық.
Ал енді осы мәселеге, яғни,
қыз бала тәрбиесіне асыл дініміз тұрғысынан қарайтын болсақ, қыз
бала тәрбиесі ата-анасына оңай түспейтініне және қаншалықты маңызды
екеніне көз жеткіземіз. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) қыз балалардың қадір қасиеті жөнінде былай деген:
«Қыздар - мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала
тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен
жәннатқа кіреді, ал үш қызы бар немесе қыздары секілді қарындастары
бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойынан жиһад пен садақаның
жауапкершілігі түседі» дейді. Тағы бір хадисте: «Егер бір адамның
үш қызы болса, оларды киіндіріп, қамқорлық етіп, тамақтандырып,
оларға сабырлық етсе, қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталынуына
себепші болады» делінген.
Әрине, қыз баласына
неғұрлым жақсы тәрбие бере алсақ, олда келешекте өз ұрпағын
салиқалы етіп өсіретіні сөзсіз. «Ел болам десең - бесігіңді түзе»
деген сөздің астарында жатқан мән мағнасыда қыз бала тәрбиесіне
келіп тіреледі, сондықтан ұлтымыздың келешегін сақтап, аталарымыз
салған жолдан адаспай, ұлттық құндылықтарымыз жалғасын тапсын десек
жоғарыда айтылған келеңсіздіктерге жол бермейік ағайын. Осы орайда,
мектеп қабырғасында қыздармен жүйелі жүргізілген тәрбие
жұмыстарыныңда берері аз емес деп ойлаймын. Айта кететін
болсам,Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты Б.Онтаев атындағы
жалпы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында
«Ата-аналар мектеп жобасы» негізінде ДТІЖО А.Ш.Сапар мен
Г.Байдәулет және ұлағатты ұстаз Бейсенбі Г.Б. ұйымдастыруымен «Қыз
намысы- ұлт намысы» тақырыбында 8-10 сынып қыздары арасында сырласу
кеші өтті. Мақсаты: қыз балаларымызға адамгершілік, адалдық,
іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, тән сұлулығы мен жан
сұлулығы туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың
бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық,тиянақтылық,
имандылық қасиеттерін дамыту.іс-шара мақсаты өз мәресіне жетті деп
айталамын. Өйткені берілген тақырыптарды ашу барысында қыздарымыз
топ ішінде ой бөлісті, мысалдар келтіріп берілген мәтіннің мән
мағнасын толық ашып, көптің алдында өз пікірлері мен
көзқарастарымен бөлісіп, «жақсыдан үрену, жаманнан жирену»
керектігіне баса назар аударып отырды. Қыз баланың дұрыс дамуына,
адами қасиеттерінің қалыптасуына ортаныңда тигізер әсері бар екенін
білеміз.Сол айтпақшы, осындай жүйелі және дұрыс ұйымдастырылған
тәрбиелік үрдістің қыз балаларымызға берері мол дегім
келеді.Ұлтымыздың келешегі үшін салихалы ұрпақ тәрбиелеуде
мектептегі әр ұстаз өз үлесін қосып отырса нұр үстіне нұрболар
еді!