Қыз сыны (сыныптан тыс шара)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз сыны (сыныптан тыс шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

               2-жүргізуші. Бүгінгі „Мектеп аруы-2018 " атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

               1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                                      Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                                      „Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

                                       Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

                 2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

                                       Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

                                       Қыздардың қылығымен өмір қызық,

                                       Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

                1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

                                       Еңбектегі әріптестер мақтаны.

                                       Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

                                        Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

                 2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

                                        Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

Мектебіміздің білімді да өнерлі, жанарлары мөлдірегін, қос бұрымдары желбіреген, хор қыздарына ұқсайтын аруларымызды ортаға шақырайық.

Наурызбаева Ақтілек 8-сынып

Төлегенова Ақбота 7-сынып


Тоқабаева Айкүнім 4-сынып

Асылай 2-сынып

Сейтқазиева Дина 1-сынып

Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы....

1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді.

Сайыс кезеңдері:

1. "Мен қазақтың қызымын" таныстыру, 4 мин.

2."Бәйге"салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылардан сұрақтарға жауап беру,1 мин.

3. "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерін көрсету, 5мин.

4. "Халқын сүйген-салтын сүйер" үй тапсырмасы(қолдан жасалған бұйымдарды қорғау) 3-5 мин.

5. "Қонақ күте білеміз бе?" тағам дайындау

6. "Қыздарға әсемдік жарасады" киім үлгісін көрсету.



                     2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,

                                           Бастайық той кешін.

                                           Қызықтан еш адам,

                                           Қалмасын құр қалып.

                    1-жүргізуі Көңілге түй сен мұны,

                                           Әр бүлдіршін –ел гүлі.

                                           Бақытты елде туғаның

                                           Есіміңнен белгілі. "Мен қазақтың қызымын" таныстыру

2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

                                           Кең даланың ежелгі,

                                           Қазақ дейтін халқымыз.

                                           Өзге ұлттай біздің де,

                                            Бар дәстүр мен салтымыз.

                     1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

                                            Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

                                            Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

                                             Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

."Бәйге"салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылардан сұрақтарға жауап беру,1 мин.


Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
. "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерін көрсету

                    "Халқын сүйген-салтын сүйер" үй тапсырмасы(қолдан жасалған бұйымдарды қорғау)

Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген деп қазақ қыздарының тағам дайындаудағы шеберліктерін сынға салайық.
"Қонақ күте білеміз бе?" тағам дайындау

                                    Сымбатына сән киім жарасатын,

                                            Аспандағы айменен таласатын.

                                            Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

                                            Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

. "Қыздарға әсемдік жарасады" киім үлгісін көрсету

Әділқазыларға сөз кезегін берейік.

2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Мектеп аруы-2018» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


                                       

 

                                       

       

                                       



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі