Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қыз тағдыры- ұлт намысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Күні |
18.03.2024 ж |
|
Мұғалім: |
Карсыбаева Акжаркын Тулегеновна. |
|
Сынып: 9 «Б» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Қыз намысы-ұлт намысы. |
|
Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
Сыйласайық, |
|
Сабақтың мақсаты: |
Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу |
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды адамгершілікке,кішіпейілділікке,әдемі сөйлеуге баулу. |
|
Үлестірмелі материалдар |
Мақал – мәтелдер жазылған плакаттар |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Мұғaлiм: Білектей aрқасында өрген бұpым, Шолпысы сылдыр қағып жүpсе aқыpын. Кәмшат бөpiк, қapa қacты, Cұлу қыздың көріп пе ең мұндай түpiн?!-деген Aбaй атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға, Атадан жақс . Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін «Көгілдір күн» |
Оқушылар бір-біріне қарап тұрып ізгі тілектерін білдіреді.
Қойылған жағдаяттық сұраққа ойланып жауап беруге, қызығушылықтары оянады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (10 мин)
|
ІІ. “ Кім көп біледі” Мақал -мәтелдер сайысы. Мақалдардың жалғасын тап Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру. 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 2. Ана сүтін ақтамағанды… 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без ) 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер) 5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар) 6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме) 7. Күлме досыңа…………(келер басыңа) 8. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала) 9. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің) |
|
Бейнежазба
Жаңа ақпараттармен жұмыс жасауға әзірленеді. |
Ортасы (15мин)
|
Топтық жұмыс «Ойланайық пікірлесейік» 1-топ. «Иманды қыздар» Қыздың көркі деп нені түсінесің? Иманды қыздар Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондықтан салиқалы ұрпақ пен саналы қоғамның қалыптасуына басты себеп болатын амал-қыздарымызға имани тәрбие берудің маңызы өте зор. әдептілігі, әрине сыртқы келбеті) 2-топ. «Инабатты қыздар» Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.) 3-топ. «Сыпайы қыздар» Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны) «Қыз өссе елдің көркі» топтық жұмыс 1-топ . Қызға қырық жерден тыю. 2-топ. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле» 3-топ. Қызым үйде, қылығы түзде |
Әрбір оқушы қойылған сауалдар бойынша өз ойларын айтып, басқалармен пікір алмасады
|
Маркер қағаз |
Соңы 7 минут
|
Қорытындылау. Сонымен бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік? Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді. Аң жортар аяғымен, жер еркесі, Құс ұшар қанатымен, көк еркесі. Халқыңа қалаулы ұл боламын десең, Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Жүректен жүрекке.Ал, енді оқушылар осы тәрбие сағаты бойынша бір – бірімізге деген жылы сөздерімізді , лебіздерімізді білдірейік.
Кері байланыс. «Жүректен, жүрекке» әдісі |
Оқушылар «Кешіре білу – сыйластық» атты тақырыпқа эссе жазады.
Оқушылар сабаққа деген кері байланыстарын айып өтті |
А4формат |
Тексерілді ДОТІЖО С. Төреханов
Тәрбие үдерісіндегі зерттеу бойынша тәрбие сағатын зерттеу жұмысына рефлексивті есеп
Зерттеу сабағымның тақырыбы: «Жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдану арқылы білім алушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» Менің сабағымда кездесетін кедергілердің бірі оқушылардың қарым-қатынас дағдысының төмендігі. Тәрбие сағатында оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына, топтық, жүптық жұмыстар арқылы қарым-қатынас жасауға қол жеткіздім. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін топтық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қарым-қатынасының жақсаруына, барынша қолдау көрсетіп отырдым.
«Қыз намысы-ел намысы» тақырыбында 9«Б»сыныбына тәрбие сағатын өттім. Ең әуелі, «Көгілдір күн» әдісін қолдану арқылы оқушылар арасында жағымды ахуал орнатып алдым. «Кім көп біледі?» әдісі арқылы тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табуға сұрақ қойдым. Оқушылар қойылған сұраққа қызығушылық танытып, жұпппен ақылдаса отырып жауап беріп өтті. Жат қылықтарды анықтап болған соң, адамның асыл қасиеттері қандай екенін анықтату үшін, «Ойланайық, пікірлесейік» әдісі арқылы топтық тапсырма бердім. Берілген тапсырма бойынша оқушылар топтаса,бірлесе, ақылдаса отырып ойларын постерге түсірді. Дайын болған топ мүшелері топпен бірге қорғап шықты. Қыздардың
бойындағы асыл қасиеттердің жиынтығын жинақтап, мағынасын ашып, постер арқылы түсіндіріп өтті.
Сабақтың соңғы кезеңінде «Қыз өссе елдің көркі» атты тақырыпқа эссе жазды. «Жүректен жүрекке» кері байланысын алдым Осындай жұмыс түрлері, топтық тапсырмалар оқушыларды сыни ойлауға үйретіп, белсенділіктерін арттырып, өзін-өзі реттеуге үйрететіні байқалды. Нәтижесінде,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, одан әрі шыңдалуына ықпал ететінін байқадым. Келесі сабағыма да оқушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың ынтасын арттыратын тапсырмалар әзірлеу керектігін түсіндім. Бүгінгі жоспарлаған зерттеу сабағым ойдағыдай өтті деп ойлаймын, себебі оны сабақтың соңында өткізілген кері байланыс арқылы байқадым .Сабақ соңында кері байланыс жасау арқылы зерттеу сабақтағы іс әрекет талқыланып, келесі сабаққа жоспар құрылды.