Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы
Талғат Бигелдинов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің
әлеуметтік педагогы
Абуова Гульсара Кенесовна
Тақырыбы: «Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
Мақсаты: қыз балаларға әдет-ғұрып, салт дәстүр туралы жан- жақты мағлұмат
беру арқылы білімдерін дамыту.бойларына сіңіру.
Қатысушылар: «Назерке» қыздар клубының мүшелері және аналары.
Қыздар клубының жетекшісі:
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі алтын.
Қыз бала-бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат,қызды сыйла.
Құрметті «Назерке» қыздар клубының мүшелері және қымбатты да аяулы аналар «Қыз баланың тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Адамдардың бір-біріне мейрімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ.
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламасын, бұл-өмір заңы»-деген. Сол әдепті, инабатты, адамгершілігі мол ,сыпайы қыздарды тәрбиелеу бүгінгі мектептің ,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.
«Қыз»–ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді: тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.
Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар!
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз-баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.
Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.
Шырайлы қыз-көз жанары өткір, бет-әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.
Сұлу қыз-сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті.
Ару қыз-бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы,өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.
Ажарлы қыз- дене бітімі жинақы,тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
Әсем қыз-жүзі жылы, өзі ұяң,тәні нәзік.
Қыдарымыздың осы атауларға лайық болғанын қалаймыз.
Қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі-шүберек, ағаш көркі-жапырақ» деп қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшәт бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы мен мінез –құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде» , «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал-мәтелдер осыған арналған екен.
Біз қыз балалармен жыныстық тақырыпта сөйлеуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз, өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз ,алайда қазіргі заманда балалрымыз тез есеюде ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті, қажетсіз ақпаратты екшеу мүмкін емес. Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.Қазақ қоғамына бұл қаншалықты керек. Апа-әжелеріміз, әпкелеріміз жыныстық тәрбие дегенді естімей ақ адал, пәк қалпын сақтаған еді. Бәлкім мұндағы мәселе тәрбие де емес, дұрыс тыйым салуда болар. Қалай ойлайсыздлар?
(аналарының, қыздардың ойын тыңдау, ой бөлісу.)
1.Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.
2.Үлкендер алдында жарыса сөйлеме.
3.Жалқаулыққа, ластыққа үйір болма.
4. Бүйіріңді, жағыңды таянба.
5.Ашық-шашық жүрме.
6.Өтірік айтпа,ұрлама,біреуді алдама.
7.Адамды және жан-жануарларды теппе.
8. Шектен тыс жасанып, сыланба.
19. Қызғаншақтықтан, күншілдіктен алыс бол.
10. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.
12. Өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
Тағы қандай тыйымдар бар ойларыңызды қосып отырсаңыздар.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздер сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет.
Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі–ұлттық салт-дәстүрлер. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.
Аналардың ойларын тыңдау, қорытындылау, ұсыныстарын қабылдау.
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен отырысты аяқтау.