Тақырыбы: «Қыздар! Көктем гүлі» сынып аруы .
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Әдісі: байқау
Көрнекілігі: музыка, шарлармен безендірілген сахна,банер.
Мұғалім: Кеш жарық, қадірменді қонақтар, ардақты ұстаздар мен аяулы аналар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандырымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларды
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Асия қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз
Оразгүл қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
Мөлдір қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
Толқын Несібелі үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Дильназдай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.
Сайысымыздың нық бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 5 ұпаймен бағаланады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Спанова А.Б.
Оқушылардың алғашқы ұстазы: Оспанова Р.С.
Даярлық тобының тәрбиешісі: Калмакова Э.Б.
Пір тұтқан махаббатты,
адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс
болыңыздар.
-
«Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру.
-
«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.
-
«Бәйге»
-
«Қол өнер»
-
«Тосын тапсырма»
Мұғалім:
Бойжеткен арулар келіп жетті
танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1-ші кезең «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру.
Мұғалім:
Өнері өрге жүзер,
таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз-дей келе келесі кезекті 2-ші
“Өнерлі өрге жүзер” кезеңі.
Мұғалім:
Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Құрметті қонақтар сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады.Қоржын ішінен асық алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек. (сайыскерлер кезек-кезек сұрақтарға жауап береді)
1.Байғазы дегеніміз не?
Әдепті бала арлы бала.........
2.Ерулік деген не?
Балапан ұяда не көрсе .......
3.Көрімдік деген не?
Әке көрген оқ жонар.....
4. Сыбаға дегеніміз не?
Атаңның баласы болма.....
5.Енші дегеніміз не?
Ата-анаңа не істесең,.... (Балаңнан соны көресін)
Байғазы- балалардың, жастардың жаңа киім үшін (мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.
Ерулік- басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Көрімдік- Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі.Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралды.
Сыбаға- құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға. Жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.
Енші- балалары ер жетіп үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.
Мұғалім:
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Келесі кезең
Мұғалім:
Ал қане қыздар келесі 5- кезекте сіздерге “Тосын тапсырма” Әрбір ару өз анасын ерекше қадір тұтады, құрметтейді деп ойлаймыз. Бұл жолы қыздарымыз анаға деген тартуды, сыйды қолдан жасамай, сатып алмай жүректен шығарса дейміз. Ендеше аруларымыздың анаға деген махаббат сезімдерін, жүрекжарды лебіздерін дәл қазір қағаз бетіне түсірсе.
«Анашым» әні оқушылардың орындауында.
Мұғалім:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1-жүргізуші: Барлық аруларымызды ортаға шақырамыз. Сайысты қорытындылау үшін
Әділқазыларға сөз
кезегін береміз.
1-жүргізуші: Баршаңызды
көктем мерекесімен, әйелдер мерекесімен құттықтай отырып,
құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы,
құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі,
өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Өлеңді орта мектебі
Сынып аруы байқауы
«Қыздар! Көктем гүлі»
9 сынып

2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қыздар! Көктем гүлі» сынып аруы . 9 сынып

шағым қалдыра аласыз