Қызылорда қаласының
Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Қолөнер» үйірмесінің әдістемелік
күндері аясында ұйымдастырылған "Қыздар сұлу көрінер - өнерімен"
үйірмеаралық сайысының
ЕРЕЖЕСІ
Уақыты: 14.03.2025ж, сағ 10.00
Өткізілетін орны: АКТ залы
Қатысушы саны: Әр үйірмеден 2 қатысушы
Сайыстың мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Сайыс кезеңдері:
І-кезең. «Мен қазақтың қызымын» өзін
таныстыру
ІІ-кезең. «Бәйге» салт — дәстүр, әдет —
ғұрып, жөн — жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап
беру
ІІІ-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін
көрсету
ІV-кезең. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам
дайындау
«Қыздар сұлу көрінер - өнерімен» сайысы
1-Жүргізуші: Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа — қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Жүргізуші: Армысың, өнер сүйер асыл
халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызды «Қыздар сұлу көрінер - өнерімен» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
2- жүргізуші: Ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.
Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - , демекші аруларымызды
қошеметпен шақырайық..
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға,
ортаға қатар — қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны»
әнінің әуені ойналып тұрады. )
Сайысқа қатысушы аруларымызбен таныс болыңыздар:
(Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру)
1-жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік
тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат,
мына қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын
ішіндегі нөмірлері болады, сол бойынша жауап береді. Нөмірі бар
эмблема кеуделеріне тағылады.)
2 —
жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап
сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау)
1 — жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.

1 — жүргізуші: Ендеше, ортаға аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын».
2 —
жүргізуші: Сайыстың таныстыруын
бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда 1 нөмірлі аруымызды
қарсы алайық.
(арулар өздерін таныстырады)
1 —
жүргізуші: Құрметті қонақтар,
сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі
сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен
нөмірленген сұрақ жасырылған карточкаларды алады. Карточка нөмірі
бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек.
(сайыскерлер кезек — кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген
сахнадан кетіп, келесі кезеңге
дайындалады)
Сұрақтар
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар…..
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе…..
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер…..
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала…..
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы
болма…..
Сұрақтардың
жауабы
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған
дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп
атайды)
2.
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше
көрген тон пішер)
3.
Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы:
жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай
сыйлық.)
4.
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың
ұяты шешеге)
5.
Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде
бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа
шақырады)
6.
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. (
Ұшқанда соны іледі)
7.
Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына,
күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық
қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
8.
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер…..
(Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
9.
Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл
жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл
болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық
құрады)
10.
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. (
Әдепсіз бала – сорлы бала)
11.
Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына
арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен
ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті
сақталады.)
12.
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..(
адамның баласы бол)
2 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда аналар, қыздар мерекесі құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1 —
жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.
2 —
жүргізуші: Мың бұралып билеген,
Аруды кім сүймеген…
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген.
«Өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Сахнаға 1 нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
(сайыскерлер кезегімен өнерлерін
көрсетеді)
1 — жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз өздеріне берілген уақыт ішінде кез келген тағам түрін дайындайды.
2 — жүргізуші: Аруларымыз тағам дайындағанмен қатар таныстырып қорғау керек емес пе? Ендеше іске сәт, арулар!
1 —
жүргізуші: Арусыңдар таудай биік
талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болып па?
Музыка. ( сайыскерлер қатар тұрып берілген уақыт ішінде тамақ
дайындайды)
1 —
жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен
демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік
1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша уақыт берейік. (қазылар алқасы қорытындысын айтады)
Марапаттау кезеңі.
1 —
жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік,
қылығы — күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1 —
жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың осынау
нәзік жандарға арнаған өлеңімен бүгінгі «Қыздар сұлу көрінер -
өнерімен» атты қыз сыны байқауын аяқтаймыз. Мереке құтты
болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қыздар сұлу көрінер өнерімен" қыз сыны байқауы

шағым қалдыра аласыз